1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


 Қазақстандағы жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет51/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68
5. Қазақстандағы жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы 
және Қазақстандағы конфессияаралық келісім. 
Қазіргі таңда елімізде ынтымағы мен бірлігі жарасқан, мақсаты мен мүддесі 
де ортақ 130-дан астам ұлт пен 18 конфессия өкілдері тату-тәтті мәміледе өмір 
сүріп жатыр. Елімізде 2006 жылдан бастап қасиетті Құрбан айттың бірінші күні 
мен православиенің Рождествосы 7-ші қаңтар демалыс күндері болып бекітілді. 
Халқымыз  ұлтаралық  және  дінаралық  ынтымақтастыққа  бастайтын 
құндылықтарды  халықаралық  алаңда  да  насихаттауда.  Конфессияаралық 
келісімді  орнату,  бейбітшілік  пен  өзара  төзімділік  құндылықтарын  насихаттау 
арқылы  Қазақстан  әлемдік  саясатта  жоғары  құрмет  пен  беделге  ие  болды. 
Жаһандық  алаңда  көптеген  елдердің  сенімді  әріптесіне  айналды.  Еліміздің 
мемлекеттік  саясаты  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын 
құрметтеуге  негізделген  қағидаттарды  басшылыққа  алады.  Сонымен  бірге, 
елдегі 
қалыптасқан 
мемлекеттік-конфессиялық 
қатынастар 
барлық 
конфессиялар  мен  діни  топтардың  тең  құқықтығын  қамтамасыз  етуге 
бағытталған.  Қазақстанның  әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  лидерлерінің 


арасындағы  сындарлы  үнқатысу  көпірін  құру  қадамы  осы  мақсаттың  жүйелі 
жүзеге  асырылуын  айқын  көрсетіп  отыр.  Бүгінгі  таңда  мемлекеттің  дін 
саласындағы  саясаты  дінаралық  келісімді  сақтауды,  діндердің  үнқатысуына 
серпін  беру  және  қоғамдағы  өзара  діни  төзімділікті  насихаттауды  көздейді. 
Қазақстанның  осы  жолда  қол  жеткізген  жетістіктерін  Елбасы  Нұрсұлтан 
Назарбаев  Қазақстанның  ЕҚЫҰ-дағы  төрағалық  міндетіне  кірісуі  кезінде 
«біздің  ұлтаралық  және  дінаралық  келісімнің  моделі  –  бүкіл  әлемдегі  түрлі 
конфессиялар  арасындағы  қарым-қатынас  ісіне  Қазақстанның  қосқан  қомақты 
үлесі»  деп  бағалаған.  Конфессияаралық  келісім  –  Қазақстан  халқы  үшін  өзара 
түсіністікті  қажет  ететін  қастерлі  құндылық.  Әр  түрлі  конфессия  өкілдерімен 
достық  қарым-қатынас  орнатып,  оларға  қамқорлық  таныту  саясаттан  бөлек 
адамгершілік құндылық болып табылады. Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі 
діндер арасында сенімді байланыстар орнықтыратын өркениетаралық үнқатысу 
алаңына айналуы – Елбасының жаһандық үнқатысуға бағытталған мемлекеттік 
саясатты  тиімді  жүргізудің  нәтижесі.  Оның  жемісін  Елордамызда  үш  жыл 
сайын  өткізілетін  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  лидерлері  съезінің  жұмысы 
арқылы көрсетудеміз. Мағыналы конфессияаралық орталық болып қалыптасқан 
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі төңірегінде діни қауымдастықтар 
өзара  түсіністік  пен  сыйластық  табуда.  Сонымен  қатар,  съезд  әлемдік  және 
дәстүрлі  діндер  лидерлерінің  қазіргі  заманғы  шешімін  таппаған  жаһандық 
проблемаларды  бірлесе  шешуге  бағдарланған  мағыналы  жиыны  болып  отыр. 
Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған аса өзекті де, ауқымды бұл жобаға 
БҰҰ  және  ЮНЕСКО  секілді  басқа  да  көптеген  халықаралық  ұйымдардың 
жетекшілері,  белгілі  саяси  қайраткерлер,  әлемдік  сарапшылар  жоғары  баға 
беруде.  Қазіргі  таңда  съезд  барысында  Елбасы  берген  нақты  әрі  мазмұнды 
ұсынымдар  әлем  қауымдастығы  тарапынан  қолдауға  ие  болып,  сәтті 
орындалуда.  Бұл  ұсынымдардың  ішінде  жаһандық  қауіпсіздікті  қамтамасыз 
етуге  деген  жаңа  көзқарасты  қалыптастыру,  жаңа  дүние  тәртібін  жоғары 
адамгершілік  пен  руханилыққа  негіздеу,  әлемдік  дағдарысқа  моральдық 
нормалар мен биік адамгершілік қағидаттарын қатаң сақтау арқылы қарсы тұру 
секілді  идеялар  Қазақстанның  жаһан  жұртшылығының  алдындағы  беделін 
көтерді.  Толеранттылық  пен  діни  тағаттылық  –  конфессияаралық  келісімді 
орнату қағидаттарының басты тетігі. Еліміз үшін  төзімділік қағидаттары саяси 
мәдениеттің  бағыттары  ғана  емес,  мәдениетті  қолдап-қуаттайтын  мемлекеттің 
негізгі  ұстанымдары  болмақ.  Мемлекеттің  дінге  қатысты  ұстанымын  ең 
алдымен  оның  заңдарынан  көруге  болады.  Елімізде  діни  ахуалды  реттейтін 
Қазақстан  Республикасының  2011  жылдың  11  қазанында  қабылданған  «Діни 
қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы»  заңының  преамбуласында  ханафи 
бағытындағы  исламның  және  православтық  христиандықтың  халық 
мәдениетінің  дамуы  мен  рухани  өміріндегі  тарихи  рөлі  танылатындығы  атап 
көрсетілген.  Бұл  –  ислам  дінінің  қазақ  мемлекеттілігінің  және  халықтың 
рухани-мәдени құндылықтарының қалыптасуына негіз болғандығын, сондай-ақ 
соңғы  үш  ғасырлық  тарихы  қазақ  елімен  ортақ,  әрі  көптеген  этностардың 
дәстүрлі  діні  саналатын  православиелік  христиандықтың  Қазақстан  халқының 
өміріндегі  рухани-мәдени  маңызын  айғақтайды.  Сонымен  қатар,  бұл  Заң 


Қазақстан  халқының  рухани  мұрасымен  үйлесетін  басқа  да  діндерді 
құрметтейтінін,  конфессияаралық  келісімнің,  діни  тағаттылықтың  және 
азаматтардың  діни  нанымдарын  құрметтеудің  маңыздылығын  танитынын 
негізге  алады.  Қазақстанның  дін  саласындағы  саясаты  –  конфессияаралық 
келісімнің,  діни  ахуалдың  тұрақтылығының  кепілі.  Ел  аумағындағы  барлық 
діндердің  теңдігін  қамтамасыз  ету  үшін  әділеттілік  қағидаты  мен  дінаралық 
татулық  санасын  қалыптастыру  мәселесі  мемлекет  үшін  де,  қоғам  үшін  де  өте 
маңызды.  
Конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісін құрған біздің мемлекет, бүгінгі 
таңда  көршілік  және  қауіпсіздік  идеяларын  жылжыту,  ұлтаралық  және 
дінаралық  диалогтың  жалпы  әлемдік  тұжырымдамасын  шығаруға  тырысады. 
Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  басшыларының  тұңғыш  съезі  2003  жылы 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  бастамасымен 
шақырылған болатын.  
2006,  2009,  2012,  2015,  2018  жылдары  әлемдік  және  дәстүрлі  діндер 
көшбасшыларының  съезі Астана қаласында өткізілді.  
Съездің  мақсаттары  мен  мұраттары,  діндер  мен  мәдениеттер  арасындағы 
жаһандық  диалогты  баянды  ету,  діни  қауымдар  арасындағы  өзара  түсінік  пен 
құрметті  тереңдетіп,  нығайту,  араздық  пен  экстремизм  идеологиясына  қарсы 
тұра алатын толеранттылық пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру, діндер, 
мәдениеттер  және  өркениеттер  арасындағы  диалогты  өрістетуді  көздеген 
барлық  халықаралық  ұйымдармен  және  құрылымдармен  ықпалдасу  болып 
табылады.  Ал  Астанада  өткен  бес  Съездің  жұмысына  ислам,  христиандық, 
иудаизм,  индуизм,  буддизм  және  басқа  діндердің  жетекшілері  мен  көрнекті 
өкілдері қатысты. Съездің сұхбат алаңында діни қауымдар арасындағы рухани 
жақындасу  хақында  келелі  әңгімелер  болды,  сондай-ақ  әлем  азаматтарына, 
халықтарына және үкіметтеріне арналған үндеулер қабылданды. 
Қазақстанда  әртүрлі  мәдениеттер  мен  өркениеттердің  бейбіт  бірге  өмір 
сүруінің,  этносаралық  және  конфессияаралық  келісім  мен  қадірлестік 
толеранттық  ахуалын  құрудағы,  ел  халқының  көпшілігінде  бейімделу 
құндылықтарының  қалыптасуына  ықпал  ететін  тарихи  бағасыз  тәжірибесі 
жиналған.  Қазақстан  халқының  өзге  ұлттармен  құнды  мәдени  жетістіктермен 
бөлісуі,  барлық  біздің  қоғамымыздың  ортақ  дәулеті  болып  табылады. 
Қазақстанның  бейбітшілікке,  тұрақтыққа,  ұлтаралық  және  конфессияаралық 
келісімге  бағытталған  саясаты  әлемдік  қауымдастықтың  кең  қолдауын  көріп 
отыр. 
 
 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет