1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе



Pdf көрінісі
бет56/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68
Делимитация 
Қазақстан-Өзбек  мемлекеттік  шекарасын  делимитациялау  процесі 
2000-2002 жылдар аралығында өтті. 
Анықталған  күрделі  учаскелер  мен  тараптардың  ұсыныстары  өзара 
сыйластық пен тең құқылық қағидаттарының негізінде, жергілікті  халықтың 
мүдделері ескеріле отырып шешілді. 
Қазақстан-Өзбек  мемлекеттік  шекарасын  делимитациялау  процесін  екі 
кезеңге бөлуге болады. 
Бірінші  кезең.  Шекара  сызығының  бүкіл  ұзақтығының  96  пайызын 
анықтап берген, 2001 жылғы 16 қарашада Астанада мемлекет басшылары қол 
қойған  Қазақстан  Республикасы  мен  Өзбекстан  Республикасы  арасындағы 
Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасы туралы шартты дайындау. 
Екінші  кезең.  Бірлескен  шекара  сызығын  анықтауды  толығымен 
аяқтаған,  2002  жылғы  9  қыркүйекте  Астанада  Қазақстан  мен  Өзбекстан 


Президенттері  қол  қойған  Қазақстан-Өзбекстан  Мемлекеттік  шекарасының 
жекелеген  учаскелері  туралы  Қазақстан  Республикасы  мен  Өзбекстан 
Республикасы арасындағы шартты әзірлеу. 
Аталған Шарттар 2003 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді. 
Демаркация 
Қазақстан-Өзбек  мемлекеттік  шекарасын  демаркациялау  процесі  2003 
жылы, ал далалық жұмыстар 2004 жылдың сәуірде басталды. 
Тараптар 
шекаралық 
белгілерді 
орнату 
жөніндегі 
далалық 
демаркациялық жұмыстарды негізінде аяқтады. 
Казіргі  уақытта  мемлекеттік  шекараны  демаркациялаудың  қорытынды 
құжаттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс жүргізілуде. 
Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы 
Делимитация 
2001 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен 
Түрікменстанның 
Қазақстан-Түрікменстан 
мемлекеттік 
шекарасын 
делимитациялау  және  оны  демаркациялау  процесі  туралы  шартқа  мемлекет 
басшылары қол қойды. 
Қазақстан-Түрікмен  мемлекеттік  шекарасын  делимитациялау  туралы 
келіссөздер  2000-2001  жылдар  аралығында  сындарлы  әрі  іскерлік  жағдайда 
өтті.  Тараптар  1972  жылы  Қазақ  КСР-і  мен  Түрікмен  КСР-і  арасында 
келісілген шекара сызығын өзгерту туралы ешбір ұсыныстар білдірмеді. 
Демаркация 
Бірлескен  шекараны  демаркациялауға  бағытталған  іс-шаралар  2003 
жылы  басталды.  Шекарада  шекаралық  белгілерді  орнатуға  тараптар  2005 
жылы кірісті. 
Тараптар 
шекаралық 
белгілерді 
орнату 
жөніндегі 
далалық 
демаркациялық  жұмыстарды  негізінде  аяқтады.  Қазақстан-Түрікмен 
нмемлекеттік шекарасының жалпы шегенделген ұзақтығы 458,3 км. 
Шекара сызығы 330 шекаралық белгілермен белгіленген. 
2017  жылғы  18  сәуірде  екі  мемлекеттің  басшылары  Қазақстан 
Республикасы 
мен 
Түрікменстан 
арасындағы 
Қазақстан-Түрікмен 
Мемлекеттік  шекарасын  шегендеу  туралы  келісімге  Астана  қаласында  қол 
қойды. 
Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы 
Делимитация 
Қазақстан-Қырғыз  мемлекеттік  шекарасын  делимитациялау  жөніндегі 
келіссөздер  1999  жылдың  қарашасынан  2001  жылдың  желтоқсанына  дейін 
өтті.  Осы  келіссөздердің  нәтижесі  бойынша  Мемлекет  басшылары  2001 
жылғы  15  желтоқсанда  Астана  қаласында  Қазақстан  Республикасы  мен 
Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы 
туралы шартқа қол қойды. Аталған Шарт 2008 жылғы 5 тамызда күшіне енді. 
Демаркация 
Тараптар 
мемлекеттік 
шекараны 
демаркациялау 
жөніндегі 
келіссөздерге  және  Қазақстан  Республикасы  мен  Қырғыз  Республикасы 
арасындағы шекарада шекара белгілерін орнатуға 2008 жылдың күзде кірісті. 


Шекаралық  белгілерді  орнату  жөніндегі  далалық  демаркациялық 
жұмыстары 
негізінде 
аяқталды. 
Қазақстан-Түрікмен 
нмемлекеттік 
шекарасының жалпы шегенделген ұзақтығы 1257 км. 
Шекара сызығы 683 шекаралық белгілермен белгіленген. 
2017  жылғы  25  желтоқсанда  екі  мемлекеттің  басшылары  Қазақстан 
Республикасы  мен  Қырғыз  Республикасы  арасындағы  Қазақстан-Қырғыз 
Мемлекеттік  шекарасын  шегендеу  туралы  шартқа  Астана  қаласында  қол 
қойды. 
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет