1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


 Қазақстан және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы



Pdf көрінісі
бет59/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68
2. Қазақстан және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 
Шанхай  Ынтымақтастық  Ұйымының  тарихы,  (ШЫҰ)  -  1996  жылы  26 
сәуірде  Шанхай  қаласында  Қазақстан  Республикасы,  Қытай,  Ресей,  Қырғыз, 
Тәжікстан  мемлекеттерінің  басшылары  арасындағы  шекара  ауданында 
әскери  саладағы  сенім  шараларын  нығайту  туралы  тарихи  келісімге  қол 
қоюумен  басталады.  Алғашқыда  «Шанхай  бестігі»  деп  атаумен  құрылған 
халықаралық  ұйымның  құрылтайшылар  болып 
Қазақстан

Қырғызстан

Қытай

Ресей
 және 
Тәжікстан
 кірді 
2001  жылы  15  маусымда  Шанхай  қаласында  өткен  «Шанхай  бестігінің» 
бес  жылдығына  орай  мүше-мемлекеттер  басшылары  кездесуінде  Өзбекстан 
Республикасын  өз  қатарларына  қабылдады.  Сол  күні  «Шанхай  бестігін» 


жаңадын  «Шанхай  ынтымақтастық  Ұйымы»  деген  шартты  атаумен 
халықаралық ұйымын құру туралы Декларацияға қол қойылды. 
Шекара  мәселесін  Азия  елдерінде  тұрақты  шешуде  Шанхай 
ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) маңызды рөл атқарады.  
2002  жылдың  7  маусымында,  Санкт-Петербургте  ШЫҰ  мемлекеттері 
басшыларының  кездесуі  өтті.  Ол  ШЫҰ-ның  институттық  рәсімделуін 
жалғастырды.  Екі  маңызды  актіге:  негізгі  жарғылық  құжат  –  ШЫҰ 
Хартиясына және ШЫҰ-ның жабық альянс емес екенін, ынтымақта-суға әзір 
екенін дәлелдеген декларацияға қол қойылды.  
2003  жылдың  мамыр  айында  Мәскеуде  өткен  ШЫҰ  саммитінде  ұйым-
ның Бейжіңде штаб-пәтері бар хатшылығын және Ташкентте штаб-пәтері бар 
Өңірлік  антитеррорлық  құрылымын  құру  туралы  шешім  қабылданады. 
Сонымен  бірге  Мемлекет,  үкімет  басшыларының  және  сыртқы  саясат  ме-
кемелерінің кеңесі туралы ережелер бекітілді.  
2004  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  ШЫҰ  халықаралық  өмірдің  дербес 
факторы  ретінде  және  өзіндік  механизмдері  қалыптасқан  толыққанды  ха-
лықаралық  құрылым  ретінде  қызмет  ете  бастады.  ШЫҰ  елдері 
басшыларының  оныншы  кездесуі  2005  жылдың  5  шілдесінде  өтті.  Осы 
жиынның  Қазақстанның  жас  елордасы  Астанада  өткізілуі  де  жақсы  нышан 
еді. Жиында елбасы Н.Ә. Назарбаев мемлекет басшыларына ұйымның рөлін 
ынтымақтастықтың  жаңа  «институттық  желісінің»  маңызды  бөлігі  ретінде, 
бірін-бірі  толықтырып  тұратын  «үштік»  (ШЫҰ,  АӨСШК,  Әлемдік  діндер 
көш-басшыларының  съезі)  контексінде  қарастыруды  ұсынды.  Астанада 
ШЫҰ  мемлекеттері  ынтымақтастығының  терроризммен,  сепаратизммен 
және экстремизммен күрес туралы  тұжырымдамасының қабылдануы маңыз-
ды  оқиға  болды.  2004-2005  жылдары  Моңғолия,  Үндістан,  Пәкістан  және 
Иран ШЫҰ жанындағы бақылаушы елдер мәртебесін иеленді.  
2007  жылдың  қаңтарында  ШЫҰ  Бас  хатшысының  лауазымына  қа-
зақстандық дипломат Б.Нұрғалиев үш жыл мерзімге тағайындалды. 
2007 жылы Бішкекте өткен ШЫҰ саммитінің бас құжаты – Мүше мемле-
кеттердің  ұзақ  мерзімді  тату  көршілік,  достық пен  ынтымақ  туралы  келісімі 
болды.  
2009  жылдың  маусымында  Екатеринбургте  өткен  ШЫҰ  саммиті  жаһан-
дық  қаржы  дағдарысы  жағдайында  өткізілді.  2010  жылдың  сәуір  айында 
Ташкентте  ШЫҰ  мен  БҰҰ  хатшылықтарының  ынтымақтастығы  туралы 
ортақ декларацияға қол қойылды.  
Осылайша 2000 жылдары Қазақстан үлкен Еуразия кеңістігіндегі Қытай,  
Ресей,  Орталық  Азия  мемлекеттерінің  күші  мен  мүмкіндігі  тоғысқан 
және  үйлескен  ШЫҰ-ның  маңызды  өңірлік  ұйым  болып  қалыптасуына 
белсенді атсалысты.  
Қауіпсіздікті,  тұрақтылықты  қамтамасыз  ететін  және  Балтық  теңізінен 
Тынық  мұхитына  дейінгі  Еуразияның  алып  кеңістігіндегі  ынтымақтастықты 
жүйелі  дамытуға  жол  ашатын  Шанхай  ынтымақтастық ұйымының рөлін  ай-
тып  жеткізу  мүмкін  емес.  2001  жылдың  қыркүйегінде  АҚШ-та  болған  қай-


ғылы оқиғалар біздің өңірдегі бейбіт дамудың маңызды факторларының бірі 
болған – ШЫҰ-ның дер кезінде құрылғанын анық аңғартты.  
2004-2011  жылдар  аралығында  ғана  Өңірлік  лаңкестікке  қарсы 
құрылымның  жемісті  жұмысының  арқасында  бес  жүзден  астам  лаңкестік 
әрекеттің жолы кесілді.  
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегінде ШЫҰ-ның қызметі 
туралы  былай  дейді:  «Шындыққа  тура  қараған  дұрыс.  Шанхай 
ынтымақтастық ұйымының жемісті қызмет етуінде Владимир Путиннің және 
оның  ҚХР  төрағасы  қызметінде  бірін-бірі  кезек  алмастырған  әріптестерінің 
рөлі  өте  зор.  Ашығын  айтқанда,  Қытай  мен  Ресей  сияқты  мықты  өңірлік 
әріптестер  жанында  сол  кезде  маған  да  оңай  соққан  жоқ.  Ұйымның  барлық 
қатысушының  толық  құқықтық  теңдігіне  негізделген  форматы  қажет  еді. 
Бастапқы  кезден-ақ  ШЫҰ  аясындағы  барлық  елдің  тең  құқықтылығын 
қолдаған  Путин  мен  Цзян  Цзэминнің  бірауызды  ұстанымы  шешуші  рөл 
ойнады.  Осынысы  үшін  екеуіне  де  алғысым  шексіз.  Олардың  пікірлесуін 
тамашалаудың өзі қызықты еді. Олар бір-біріне өте лайық әріптес бола білді. 
Сол шақта Ресей –Қытай қатынастары дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты.  
Цзян  Цзэминнің Қазақстанға жасаған соңғы сапарларының бірі  – ШЫҰ-
ның  кезекті  кездесуіне  байланысты  болды.  Мен  оны  Владимир  Путинмен 
бірге  өз  үйіме  шақырдым.  Біз  ұзақ  әңгімелестік.  Содан  кейін  өзіміздің  бей-
ресми  әңгімеміз  кезіндегі  дәстүрге  сай  ән  айта  бастадық.  Цзян  Цзэмин-ге 
орыс  әндері  қатты  ұнайтын.  Мүмкін,  Одақта  өткен  жастық  шағы  есіне 
түсетін  болар.  Кешқұрым  аулада  алдымызға  кәуап  тартылды,  жұлдыздар 
жарқырап,  ай  көк  жүзінде  жүзіп  бара  жатты,  Астананы  қоршаған  шет-сіз-
шексіз даланың таза ауасы мұрын жарды. Ешкім дастарқанға келуді ойлаған 
да  жоқ.  Жұлдыздар  жыпырлаған  аспанға  қарап  тұрмыз.  Әнді  сирек  айтатын 
Владимир  Владимировичтің  өзі  ыңылдап  қосыла  бастады.  Өмірде  ұсақ  та 
өтпелі  нәрсенің  бәрі  шетке  ығысып,  күндізгі  қам-қарекетпен  алаңның  бәрі 
түн  тыныштығына  сіңіп,  адамдар  бір-бірін  сөйлемей-ақ  түсінісетін  сәттер 
болады.  Үш  адам,  тағдырлары  түрліше,  өмірдің  сабақтарынан  бай-сал 
тартқан  үш  азамат  тұрды.  Біздің  арамызда  тілдің  де,  мәдениеттің  де, 
тарихтың  да  еш  тосқауылы  жоқ  еді.  Ынтымақтастықтың  шанхайлық  үлгісі 
жаһандық  қарым-қатынастар  жүйе  сінде  ерекше  маңызды  орын  иеленіп, 
жарқын болашаққа жол сала-тынына сенімім өте зор», - деп жазады.  
ШЫҰ-ның  Астанадағы мерейтойлық саммиті  2010-2011 жылдары ШЫҰ 
төрағалығы  Қазақстан  Республикасына  өтті.  Ұйым  қызметінің  тәжірибесіне 
жаңа  жұмыс  форматы  –  Іс-қимыл  жоспары  енгізілді.  ШЫҰ  төрағалығы 
қызметінде  Қазақстан  үшін  өңірлік  және  жаһандық  қауіпсіздікті  нығайту 
мәселесі  маңызды  басымдық  болды.  ШЫҰ-ның  үшінші  елдерге  қарсы 
бағытталған әскери-саяси одақ емес. ШЫҰ – ең алдымен, жарғылық мақсат-
міндет-терін іске асыруға күштік тәсілдермен және құралдармен емес, бейбіт 
жол-мен қол жеткізетін ұйым. 
2011 жылдың 14 - 15 маусымында Астанада ШЫҰ елдері басшыларының 
ұйымның  10  жылдығына  арналған  кеңесі  өткізілді.  Жиынға  Қытай  Халық 
Республикасының  төрағасы  Ху  Цзиньтао,  Ресей  Федерациясының  прези-


денті Д.А. Медведев, Өзбекстан Республикасының президенті И.А. Кари-мов, 
Тәжікстан  Республикасының  президенті  Э.Рахмон,  Қырғыз  Респуб-
ликасының президенті Р.И. Отунбаева қатысты.  
2010  жылдың  маусымы  мен  2011  жылдың  маусымы  аралығындағы 
ШЫҰ-ға  Қазақстанның  төрағалығы  осы  құрылымның  дамуына,  әлеуетін 
арттыруға,  өңірлік  қауіпсіздікті  нығайта  түсуге  зор  серпін  берді.  Жыл  бойы 
Қазақстанның  басшылығымен  ШЫҰ  аясында  түрлі  деңгейдегі  және  фор-
маттағы  120  іс-шара  ұйымдастырылды.  Астана  қаласы  ШЫҰ  тарихындағы 
жаңа онжылдық пен жаңа дәуірді ашты 
2015  жылы  10  шілдеде  ШЫҰ-ға  қатысушы  мемлекеттер  басшыларының 
кезекті  кеңесі  Уфа  қаласында  (Ресей)  өткізілгенде,  осы  ұйымның  2025-ші 
жылдарға  дейінгі  Даму  стратегиясы  қабылданды,  Ұйымға  мүше-мемлекет-
тердің  шекара  мәселелері  бойынша  ынтымақтастығы  мен  өзара  қарым-қа-
тынасы  жөніндегі  келісіміне  қол  қойылды.  ШЫҰ-ға  мүше  болуға  ұсыныс 
білдірген бақылаушы-мемлекеттер – Үндістанды және Пәкістанды мүшелікке 
қабылдауға  байланысты  дайындық  жұмыстары  қолға  алынды.  Сонымен 
бірге,  Беларусьтың  ШЫҰ-дағы  мәртебесі  өсіп,  бақылаушы-мемлекет  дең-
гейіне  көтерілді,  ал  Әзербайжан,  Армения,  Камбоджа  және  Непал  мемле-
кеттері ШЫҰ-ға өзара диалог жүргізетін серіктестер ретінде тіркелді. 
2016 жылғы Ташкенттегі саммитте Үндістанмен және Пәкістанмен келіс-
сөз  үдерістері  сәтті  жүргізіліп,  ұйымға  мүше-мемлекеттер  Үндістан  мен 
Пәкістанды  ШЫҰ-ға мүшелікке қабылдау туралы меморандумға қол қойды. 
Үндістан мен Пәкістанның ұйымға заңды мүше болып қабылдануы  – ШЫҰ-
ның әлеуетін асырып, оның беделінің жаһандық деңгейге көтерді. 
2016  жылы  24  маусымда  Ташкент  қаласында  өткен  ШЫҰ-ның  саммиті 
ұйымның құрылғанына 15 жыл толуын атап өтті және ШЫҰ-ның 2025 жылға 
дейінгі Даму стратегиясы бойынша Жұмыс жоспарын қабылдады.  
Ұйымға  мүше-мемлекеттер  жуық  арада  тездетіп  БҰҰ-ның  Халықаралық 
лаңкестікпен  күрес  жөніндегі  Жалпыға  ортақ  конвенциясын  қабылдау  ту-
ралы  ұсыныстарын  жасады.  Қазақстан  ШЫҰ-ның  экстремизммен  күрес 
жөніндегі конвенциясын әзірлеуге байланысты ұсыныс енгізді.  
Шанхай  ынтымақтастық  ұйымының  он  бес  жылдығы  –  әлемде  жаңа 
үлгідегі аймақтық құрылым пайда болғанын және оның табысты дамып келе 
жатқанын  көрсетті.  Өткен  жылдардың  аясында  «бестік»  алдымен 
«алтылыққа»  айналды,  ал  енді  бүкіл  әлемнің  көз  алдында  салмақты, 
қарқынды, ашық жаһандық «сегіздікке» айналып отыр. 
Қазақстан  саяси-әскери  одақ  -  НАТО-мен  ынтымақтастыққа  маңызды 
орын  береді.  Бұл  ынтымақтастық  «Бейбітшілік  үшін  әріптестік» 
бағдарламасы  аясында  дамып,  еліміздің  қарулы  күштері  үшін  кадрлар 
даярлауға қызмет етеді. 
Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігі  мен  шекарасының  тұтастығын 
қорғау үшін өзінің жеке Қарулы Күштерін құрудың зор маңызы болды. Оны 
іске  асыру  Елбасының  1992  ж.  мамырдағы  «Қазақстан  Республикасының 
Қарулы  Күштерін  құру  туралы»  жарлығымен  басталды.  2000  ж.  10  ақпанда 
1999-2005 жылдарға арналған жаңа әскери доктрина және ұлттық қауіпсіздік 


стратегиясы  қабылданды.  Осы  құжаттарға  сәйкес  армия  елдің  ішкі  жалпы 
өнімінің  бір  пайызынан  кем  емес  көлемде  қаржыландырылатыны  көзделді. 
Доктрина  негізінде  Қазақстан  жерінде  әскери  аумақтық  құрылымға  көшіру 
жүзеге асырылып, елдің барлық аймағын қамтыған Оңтүстік, Шығыс, Батыс 
және Орталық әскери округтері құрылды. Сөйтіп, біздің елімізде қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету ең басты мәселе болып қала береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет