1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе



Pdf көрінісі
бет57/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68
Делимитация 
Қазақстан-Ресей  мемлекеттік  шекарасын  делимитациялау  туралы 
келіссөздер  1999  жылдың  қыркүйегінен  2005  жылдың  қаңтарына  дейін 
жалғасты. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  Ресей 
Федерациясына ресми сапары барысында 2005 жылдың 18  қаңтарда Мәскеу 
қаласында  Қазақстан  Республикасы  мен  Ресей  Федерациясы  арасындағы 
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа мемлекет басшылары 
қол қойды. 
Қазақстан-Ресей  мемлекеттік  шекарасы  туралы  шартқа  қол  қоюмен 
Қазақстан  өзінің  құрылықтағы  шекарасын  бүкіл  өн  бойында  құқықтық 
ресімдеуді аяқтады. Шарт 2006 жылғы 12 қаңтарда күшіне енді. 
Демаркация 
Қазақстан-Ресей  мемлекеттік  шекараны  демаркациялау  жөніндегі 
бірлескен комиссия өз жұмысына 2007 жылғы шілде айында кірісті. 
2009  жылдың  мамырда  тараптар  Қазақстан  Республикасы  мен  Ресей 
Федерациясы арасындағы шекарада шекара белгілерін орнатуды бастады. 
Бірлескен мемлекеттік шекараны демаркациялау процесі жалғасуда. 
Қазақстан Республикасының шектес елдермен мемлекеттік 
шекарасының түйісу нүктелер 
Қазақстанның 
мемлекеттік 
шекарасында 
шектес 
елдердің 
шекараларымен төрт түйісу нүктелері бар. Үш жақты форматта қол қойылып, 
күшіне енген келісімдер: 
1.  1999  жылғы  5  мамырдағы  Қазақстан  Республикасы,  Қытай  Халық 
Республикасы  және  Ресей  Федерациясы  арасындағы  Үш  мемлекеттің 
мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесін айқындау туралы келісім; 
2.  1999  жылғы  25  тамыздағы  Қазақстан  Республикасы,  Қытай  Халық 
Республикасы  және  Қырғыз  Республикасы  арасындағы  үш  мемлекеттің 
мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісім; 
3.  2001  жылғы  15  маусымдағы  Қазақстан  Республикасы,  Қырғыз 
Республикасы  және  Өзбекстан  Республикасы  арасындағы  үш  мемлекеттің 
мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісім. 
4.  2017  жылғы  10  қарашадағы  Қазақстан  Республикасы,  Түрікменстан 
және  Өзбекстан  Республикасы  арасындағы  үш  мемлекеттің  мемлекеттік 
шекараларының  түйісу  нүктесінің  ауданы  туралы  шарт.  Қазіргі  уақытта 


тараптар  шарттың  күшіне  ену  үшін  қажетті  мемлекетшілік  рәсімдерді 
жүргізуде. 
Мемлекеттік шекараның жалпы ұзақтығы 13383 км., оның ішінде: 
- Қытай Халық Республикасымен – 1 783 км. шамасында; 
- Қырғыз Республикасымен – 1 257 км. шамасында; 
- Өзбекстан Республикасымен – 2 351 км. шамасында; 
- Түрікменстанмен – 458,3 км. шамасында; 
- Ресей Федерациясымен – 7 548 км. шамасында. 
Осы  жылдар  ішінде  ҚХР,  Түркменстан,  Өзбекстан,  Қырғыстан, 
Ресеймен  арадағы  шекара  мәселелері  толығымен  реттелді.  Бұл  орасан  зор 
тарихи маңызы бар оқиға.  
«Шанхай  бестігі»  шеңберінде  қабылданған  шекаралар  аса  аумақты 
географиялық  кеңістікте  сенім,  серіктестік  пен  тұрақтылық  саясатының 
негізін қалады.  
1992  жылы  7  мамырда  Президенттің  жарлығымен  ҚР-ның  қарулы 
Күштері құрылды. Аз ғана мерзімде мемлекетімізде демократиялық үрдістер 
қанат жайды.  
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә. 
Назарбаевтың 
бастамасымен  2003  жылғы  23-24  қыркүйекте  Астана  қаласында  Әлемдік 
және дәстүрлі діндер лидерлерінің I Съезі өтті.  
Алғашқы дінаралық форумның жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, 
синтоизм, индуизм және буддизмнің аса беделді өкілдері қатысты.  
Аса  қадірлі  қонақтар  ретінде  Сауд  Арабиясы  Королінің  арнайы  өкілі  - 
Ә.Әл  Аш-Шейх,  Египет  Президентінің  арнайы  өкілі,  Уақыфтар  Министрі  -
М.Закзук,  Японияның  бұрынғы  Премьер-Министрі  Ц.Хата,  БҰҰ  Бас 
хатшысының арнайы өкілі В.Сотиров сияқты белгілі саясаткерлер қатысты.  
Конфессияаралық  форум  өткізу  туралы  Қазақстан  бастамасын  іске 
асырудағы  сөзсіз  сәттілік  -  Съез  қатысушыларының  ауқымды  құрамы  мен 
жоғары деңгейі болып табылады.  
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алғашқы рет бас қосып, ортақ 
құжат  қабылдады.  Форумда  православие,  католицизм,  протестанттылықты 
қоса  алғанда  христиандықтың  тармақтар,  ислам  дінінің  басты  орталықтары, 
суннит, шиит, иудаизм өкілдері мен азиялық діндер ұсынылды.  
Съез өркениетаралық және мәдениаралық диалогтың ғаламдық үдерісіне 
қосқан  елеулі  үлес  болып  айғақталды.  Форум  өркениеттер  дағдарысы  мен 
мәдени  және  діни  айырмашылықтар  шиеленістерін  еңсерудегі  дүниежүзілік 
қоғамның 
күшейтулеріне, 
сонымен 
қатар 
толеранттылыққа, 
тұрақтылықтыққа 
және 
табанды 
дамуға 
әсер 
етті.


1. Қазақстан және БҰҰ-ның белсенді мүшесі 
2. Қазақстан және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 
3. Қазақстанның Азиядағы Өзара Іс-қимыл және Сенім Шаралары Кеңесімен 
(АӨСШК ) байланысы 
4. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі.  
5. Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) төрағалық етуі.  
6. Қазақстанның ТҮРКСОЙ ұйымымен қарым-қатынасы 
 
Халықаралық  ұйымдармен  Қазақстан  Республикасы  белсенді  түрде 
қарым-қатынас жасайды. Бұл, ең алдымен – Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа 
Қауіпсіздік  және  ынтымақтастық  ұйымы,  НАТО,  Ұжымдық  қауіпсіздік 
келісім  ұйымы,  Шанхай  Ынтымақтастық  Ұйымы  (ШЫҰ)  және  Азиядағы 
өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі келісім ұйымы (АӨСШК). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет