Талдау сұрақтары:
1. Валюта рыногы.
2. Нақты және атаулы айырбас бағамы.
3. Айырбас бағамының динамикасы және күтімдер рөлі
Негізгі түсініктер:
Валюта рыногы. Тағайындалатын валюта бағамы. Құбылмалы валюта бағамы. Тағайындалатын валюта бағамы. Құбылмалы валюта бағамы. Нақты бағам. Атаулы бағам. Девизалық бағам. Айырбас бағамы. Девальвация. Ревальвация. Сатып алу қабілетінің паритеті (ППС).
Тест сұрақтары
1. Құбылмалы валюта бағамы режимінде тепе-теңдік бағаның төмендеуі былайша аталады:
A) Валютаның құнсыздануы.
B) Валютаның қымбаттауы.
C) Валюта девальвациясы.
D) Валюта ревальвациясы.
E) Дефляция.
2. Валюталық бағам қай факторға тәуелді емес:
A) Ақшаның сатып алушылық қабілеті.
B) Инфляция қарқыны.
C) Төлем балансының жағдайы.
D) Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі.
E) Валютаның алтын қоры.
3. Егер АҚШ пен Канада арасында еркін құбылмалы валюталық бағам тәртібі орнатылса және егер канадалық долларға сұраныс өссе, онда бұл келесіні білдіреді:
A) Канадалық доллардың ұсынысы төмендеді.
B) АҚШ валютасындағы канадалық доллардың бағасы төмендейді.
C) Канадалық валютадағы АҚШ долларының бағасы төмендейді.
D) АҚШ долларының ұсынысы төмендеді.
E) АҚШ доллары девальвацияланған.
4. Төменде аталған шаралардың қайсысы ұлттық валютаға айырбасталынатын шетел валютасының ұсынысын көбейтеді:
A) Игіліктер экспорты.
B) Капитал импорты.
C) Қызметтер импорты.
D) Капитал экспорты.
Е) Игіліктер экспорты және капитал импорты
5. Теңгеге қатысты доллар бағамының төмендеуі мынаған әкеледі:
A) Қазақстанда импорт көлемінің көбеюіне.
B) Қазақстаннан экспорт тауарлары көлемінің көбеюіне.
C) Қазақстандық азық-түлік импорты мен экспорттың арақатынасының тұрақтануына.
D) Қазақстандық шикізаттың импорты мен экспорты арақатынасының тұрақтынуына.
E) Қазақстандық мұнайдың импорты мен экспорты арақатынасының тұрақтынуына.
6. Егер тіркелген валюталық бағамдар тәртібі кезінде Жапониядағы инфляция деңгейі басқа елдерге қарағанда жоғары болса, онда:
A) Жапониялық экспорт пен импорт төмендейді.
B) Жапониялық экспорт пен импорт өседі.
C) Жапониялық экспорт өседі, ал импорт төмендейді.
D) Жапониялық экспорт төмендейді, ал импорт өседі.
E) Жапонияның төлем балансының активті сальдосы көбейеді немесе тапшылық азаяды.
7. Елде төлем балансының тапшылығының өсуі:
A) ОБ-тің валюталық резервтерін көбейтеді.
B) ОБ-тің валюталық резервтерін азайтады.
C) Елдегі ақша жиынының көлемін көбейтеді.
D) Елдегі ақша жиынының көлеміне әсер етпейді.
E) Есептік ставканы азайтады.
8. Егер АҚШ-та компьютердің бағасы 1000 долл. болса, онда Қазақстандағы бағасы қандай болады, егер айырбас бағамы 1 долл. 150 теңгеге тең болса:
A) 150 000 теңге.
B) 1500 теңге.
C) 15 000 теңге.
D) 50 000 теңге.
E) 45 000 теңге.
9. Қазақстанда қандай айырбас бағамы бар:
A) Құбылмалы.
B) Тіркелген.
C) Жекелендірілген.
D) Тіркелегн шектелген дәлізпен.
E) Биржалық.
10. Ағымдық оперция шотына кірмейді:
А) Тауар экспорты.
Ә) Инвестициядан таза табыстар.
Б) Шетелдерге көлік қызметін көрсету.
В) Шетел активтеріндегі өзгерістер.
Г) Біржақты трансферттік төлемдер.
Достарыңызбен бөлісу: |