1-ші тақырып. Макроэкономика пәні. Ұлттық есеп-шот жүйесі. Семинар сабағы


-ші тақырып.   Макроэкономикалық тепе-теңдікті анықтаудың  классикалық тәсілі



бет4/34
Дата31.12.2021
өлшемі92,23 Kb.
#21210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
makroekonomika

2-ші тақырып.   Макроэкономикалық тепе-теңдікті анықтаудың  классикалық тәсілі

 

Семинар сабағы



Сабақтың мақсаты:

-         макроэкономикалық тепе-теңдікті классикалық тұрғыдан талдау



Талдау сұрақтары:

1. Өндірістік функция. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік;

2. Ақша рыногындағы тепе-теңдік;

3. Жалпы тепе-теңдіктің классикалық үлгісі.

 

Негізгі түсініктер:

Классикалық мектеп. Сэй заңы. Классикалық дихотомия. Ақшаның сандық теориясы. Фишер теңдеуі. Кебридждік мектеп теңдеуі.

 

Тест сұрақтары

1.     Қандай экономистердің  еңбектері классикалық мектепке жатады

А) К. Маркс, А. Маршалл, П. Самуэльсонның

В) А. Смит, Дж. С. Милл, Дж. М. Кейнстің

С) Ж. Б. Сэй, Д Рикардо , Пигудің.

Д) В.Ленин, К Маркс, Ф.Энгельстің

 

2.     Қандай жағдай классикалық мектептің бастапқы қағидасына жатады



А) Тиімді сұраныс ұсынысты тудырады.

В) Игіліктер ұсынысы сұранысты тудырады.

С) Экономикалық жүйенің жалпы тепе – теңдігі ақша нарығындағы тепе – теңдікке байланысты қалыптасады.

Д) Мемлекет экономикаға араласуы тиіс.

 

3.     Классиктердің тұжырымы бойынша еңбек нарығындағы тепе – теңдік – бұл:



А) Нақты жалақы қалыптасатын жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі.

В) Атаулы жалақы қалыптасатын жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі.

С) Барлық факторларды толықтай пайдалануға мүмкіндік беретін толық жұмысбастылық

Д) Өндіріс көлемін максималдайтын жұмысбастылық деңгейі.

 

4.     Тепе – теңдік пайыз мөлшерлемесі дегеніміз :



А) Ақша массасының ұсынысы мен сұранысы қиылысатын нүкте.

В) Қор жинағын ынталандыратын пайыз мөлшерлемесі.

С) Инвестицияны ынталандыратын пайыз мөлшерлемесі.

Д) Инвестицияға сұраныс қисығы мен  қор жинағына сұраныс қисықтарының қиылысу нүктесі.

 

5.     Классиктердің көзқарастары бойынша:



А) Қор жинағы пайыз мөлшерлемесінің өсу функциясы болып табылады.

В) Қор жинағы пайыз мөлшерлемесінің кему функциясы болып табылады.

С)  Инвестиция қолда бар табысқа тәуелді.

Д) Тұтыну қолда бар табысқа тәуелді емес.

 

6.     Сэй ұсынған заңның кемшілігі



    А)  Сэй заңы бартерлік айырбасқа арналған

В) Ол заң экономикалық субьектілердің қор жинағын жоққа шығарады.

С) Қоғамда ақшаның болуы сату мен сатып алу арасында үзілісті тудырады.

Д) Барлық жауаптар дұрыс

 

7.     Дихотомия дегеніміз :



А) Ақша нарығында тепе – теңдіктің болмауы.

В) Ақша нарығының оқшаулығы.

С) Екі нарықтың болуы : біріншісі – нақты нарық, екіншісі – ақша нарығы.

Д) Ақша нарығында салыстырмалы бағаның қалыптасуы.

 

8.     Классиктер теориясы бойынша макроэкономикалық тепе – теңдік бұзылғанда қандай шаралар жүргізіледі:



А) Алтын қорды пайдалану арқылы экономикалық дамуды қосымша ынталандыру

В) Автоматты тұрақтандырғыштар болғандықтан мемлекеттің араласуы қажет емес.

С) Пайыз мөлшерлемесінің деңгейін төмендету.

Д) Мемлекеттік құнды қағаздар шығару.

 

9.     Ақша жиынының көлеміне не әсер етеді.



А) Ақша массасының айналым жылдамдығы .

С) Экономикадағы баға деңгейі.

Д) Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі.

Е) Ұлттық өндіріс көлемі.

 

10. Экономикадағы баға деңгейі неге байланысты:



А) Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігіне.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет