2. Виктор Григорьевич Алексанкин, Наталия Елманова. «Borland C++ Builder». Электронный учебник.
Standard парағының Edit, Label, Button компоненттері
Жоспары:
Edit, Label, Button компоненттері
Memo компоненті
Edit, Label, Button компоненттері
TLabel
Редакциялауға келмейтін статикалық мәтіннің тікбұрышты облысын көрсетеді. Әдетте мәтін қандайда бір компоненттің аты болып табылады.
Сaption қасиетінің көмегімен мәтін жазуға болады. Ал Aligment қасиеті сол мәтіннің формада реттелуін анықтайды. Егер мәтін шрифті сол облысқа сәйкестеу қажет болса AutoSize қасиетіне true мәнін белгілеу керек. Кішкене облыс аумағында мәтінді көру үшін WordWrap қасиетіне true мәнін береміз. Ал егерде Transparent қасиетінде true мәні берілген болса, формадағы басқа компонент арқылы орналасқан жазуды көруге болады.
Label компоненттерінің қасиеттері:
WordWrap – ағымдық қатарға сыймай жатқан сөздерді автоматты түрде келесі қатарға өткізеді. AutoSize мәні False болуы керек.
TEdit
Форма бетінде бір қатарлық информацияны енгізудің тікбұрышты аумағы. Сол аумақтағы қатардың text қасиетінің мәні болып табылады. TEdit TCustomEdit классының тікелей туындамасы болып табылады және оның барлық қасиеттерін, әдістері мен қасиеттерін мұрағаттайды(наследует).
Edit–тің келесідей қасиеттері бар:
Text – енгізу және редактрлеу өрісінде орналасқан мәтін.
Enabled – мәтінді редактрлеу өрісінде өзгерту мүмкіндігін шектеу үшін қолданылады. Егер False болса онда редактрлеу облысында мәтінді өзгертуге болмайды.
TButton
Жазуы бар тікбұрышты кнопканы бейнелейді. Оның тышқан көмегіме басылуынан қандайда бір іс-әрекет орындалады. Кнопкалар көбінесе диалогтық терезелерде қолданылады. Default қасиетіне true мәні берілген болса, онда диалогтық терезеде Enter пернесі басылған сайын OnClick оқиғасы өңделеді, егер Cancel қасиеті true мәнімен қосылған болса, диалогтық терезде Escape пернесі басылған сайын OnClick оқиғасы өңделеді. TButton компоненті TButtoControl класынан туындаған.
Button компонентінің келесі қасиеттері бар:
Hint – жәрдемші мәтін. Ол тышқан көрсеткішін командалық түйменің үстіне қойғанда шығады.
ShowHint – мәні True болса жәрдемші мәтіннің көрінуіне рұқсат береді.
Достарыңызбен бөлісу: |