1. Си туралы түсінік


Виктор Григорьевич Алексанкин, Наталия Елманова. «Borland C++ Builder». Электронный учебник



бет3/54
Дата06.01.2022
өлшемі2,99 Mb.
#14337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

2. Виктор Григорьевич Алексанкин, Наталия Елманова. «Borland C++ Builder». Электронный учебник.


C++ Builder бағдарламалау тілі және оның экрандық интерфейс элементтері
Жоспар:

1. Тілдің экрандық интерфейсі

2. Бағдарламалау ортасында жұмыс
1. Тілдің экрандық интерфейсі

Borland корпорациясы Delphi бағдарламасынан кейін RAD (Rapid Application Development) жылдам өңдеу жүйе айналымына C++ тілінде C++ Builder қуатты жүйесін шығарды. Borland компаниясының ең жаңа C++ Builder объектіге бағытталған бағдарламалау жүйесі Windows және Windows NT операциялық жүйелері үшін арналған.

С++ Builder объектіге бағытталған бағдарламалау негізгі принциптерін - инкапсулияцияны, полиморфизм және мұрагерлікті қолдайды.

C++ Builder Windows және Windows NT операциялық жүйелеріндегі 32, 64-разрядты қосымшаларды компиляциялау және құрастыру үшін жылдам әрекет жасауды қамтамасыз етеді. Жүйе бағдарламаларды құруға жұмсалған негізгі кезеңдерді уақытында суреттейді. Нәтижелі бағдарламалар атқару жылдамдығымен және жады шығындарымен жақсы ықшамдалған. Бағдарламамен жұмыс жасаған кезде Әрлендіруші форма, Объектілер инспекторы және басқа да құралдар ашық болады, сондықтан жөндеу барысында өзгертулер енгізуге болады.

С++ Builder-дің үш түрі бар: Standard, Professional және Client/Server Suite. Соңғы екі түрі стандартты түрін визуалды компоненттердің негізгі мәтінімен, әртүрлі көлемді мәліметтер сөздігімен, мәліметтер базасына арналған SQL тіліндегі жаңа функциялармен, Internet жүйесі, бағдарламалардың мониторинг қызметі, тағы басқа құралдармен толықтырады.

С++ Builder мәліметтер базаларының үш түрімен байланыста болады:

DBASE және Paradox: Sybase, Oracle, Inter Base Informix; Excel, Access, FoxPro және Btrieve. BDE (Borland Database Engine) механизмі базалардың арасындағы байланысты қарапайым және көрнекі түрде көрсетеді. Database Explorer сілтеуіші мәліметтер базасының объекттерін және байланыстарын графикалық түрде бейнелейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет