1. Си туралы түсінік


Бағдарламалау ортасында жұмыс



бет4/54
Дата06.01.2022
өлшемі2,99 Mb.
#14337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
№1 сабак

2. Бағдарламалау ортасында жұмыс

С++ тілінің стандартты кеңейтуі қолданылған барлық қосымшаларда өзгерістер енгізуді қажет ететін барлық жағдайларда, әрекеттерді жылдамдатуда және пайдаланушылық интерфейсті жоғары деңгейге шығаруда C++ Builder-ді қолданады.

C++ Builder тіліндегі қолданбалы бағдарламалар немесе қосымшалар IDE (Integrated Development Environment) дамып отыратын құрылымдық ортада орындалады. IDE ортасы бағдарламашының қарым-қатынасын ұйымдастырып, әр түрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, бағдарламаның кодын жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және бағдарламаны түзету, оны орындау әрекеттері IDE ортасында орындалады.

C++ Builder-дің IDE ортасы көп терезелік жүйе деп саналады. C++ Builder оқиғалар бойынша басқарылатын объектілі бағытталған, визуалды-бағдарламалау тілі болып саналады, және жалпы мөлшерде жобалаудың қазіргі құралдарына ұсынылатын жаңа талаптарға сәйкес келеді. C++ Builder тілі бағдарламада объектілерді келесі элементтер арқылы басқарады.



1-сурет. C++ Builder ортасы


Объектілер инспекторы терезесі таңдап алынған компоненттердің қасиеттерін өзгерту үшін арналған және ол екі беттен тұрады:

Properties (қасиеттер) беті компоненттердің қажетті қасиеттерін өзгерту үшін арналған.

Events (оқиғалар) беті– қандай да бір оқиғаға компоненттің реакциясын анықтау үшін арналған (мысалы, “тышқанның” батырмасын басу).

Форма терезесі жобаланатын Windows- қосымшасының интерфейсін ұсынады. Осы терезеге қосымшаны жобалау кезінде қажетті компоненттер орналастырылады, компоненттерді өңдеуші компоненттер палитрасынан алады. Жобаның әрбір формасына модуль (Unit) сәйкес келеді.

Код Редакторы терезесі жоба модулінің мәтінін көру, құру және редакторлау үшін арналған. Бастапқы жүктемелеуде код редакторы терезесінде Windows- қосымшасы ретінде бос форманың қалыптасуы үшін операторлардың минималды жиынтығынан тұратын модуль мәтіні болады. Форма терезесінде кейбір компонентті орналастыру кезінде, модуль мәтіні автоматты түрде қажетті операторлармен толықтырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет