Жоспары: Деректер массивін түрлендірудің Combobox, ListBox компоненттері.
Қасиеттерін қолданып жоба жасау.
Borland C++ -де ListBox және ComboBox компоненттері жолдар тізімінен тұрады. ListBox компоненті ашық түрдегі тізімді бейнелейді, ал ComboBox компоненті жиналмалы түрдегі, төмен қарай ашылатын тізімнен тұрады. Екі компоненттің де жолдар тізімінен тұратын TStrings типті Items қасиеті болады. Тізімнен таңдалған элементтің индексі ItemIndex қасиеті арқылы көрсетіледі. Ол 0-ден бастап бүтін сандармен нөмірленеді. Егер ешқандай элемент таңдалмаса, онда ItemIndex қасиетінің мәні -1-ге тең болады.