1. Си туралы түсінік



бет10/54
Дата06.01.2022
өлшемі2,99 Mb.
#14337
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54
Бақылау сұрақтары:

  1. Мәліметтерді шығару операторларын ата

  2. Енгізу операторлары қандай?


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Оспанова Ш.Б. Builder C++ ортасында бағдарламалау: оқу құралы. Қостанай: ҚМПИ, 2016. – 114 б.


2. Виктор Григорьевич Алексанкин, Наталия Елманова. «Borland C++ Builder». Электронный учебник.


Компонент қасиеттері

Жоспар:

1. Объектілер инспекторы терезесі

2. Компонент қасиеттерімен жұмыс
1. Объектілер инспекторы терезесі

Формаға орналастыратын әрбір компоненттің Объектілер инспекторы (Object Inspector) терезесінде өз бейнесі болады. Object Inspector екі парақтан тұратыны белгілі - “Properties” (Қасиеттері) және “Events” (Оқиғалар). C++ Builder-де бағдарлама құру компонентті орналастыру және екеуінің арасындағы өзара әрекеттесуін мынандай жолмен орнатудан тұрады:



  • осы компоненттердің қасиетін өзгерту;

  • оқиғаға адекватты реакцияларды жазу.

  • Қасиет- компоненттердің маңызды атрибуты болып табылады. Қолданушыға қасиет белгілі бір мәндерден тұратын қандай да құрылымның қарапайым өрісі болып көрінеді. Дегенмен, қасиет “жай” өріс болғанымен, кез- келген компоненттің белгілі бір қасиетінің мәніндегі болған қандай да бір өзгеріс бірден осы компоненттің визуалды бейнесіндегі өзгерістерге алып келеді, өйткені қасиет осы өрісті оқу мен жазуға байланысты әдістерге (әрекеттерге) ие болады. Қасиет екі негізгі мақсатта қызмет етеді. Біріншіден, олар форманың немесе компоненттің сыртқы түрін анықтайды. Екіншіден, қасиет форма немесе компонент тәртібін анықтайды.

Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)

Компоненттер палитрасы негізгі терезеде негізгі мәзірдің оң жақ төменгі бөлігінде орналасқан. Компонент – қосымша формасы жасалатын құрастыру блогы болып табылады. Барлық компонент әрбіреуі жеке парақта орналасқан топтарға бөлінген, ал әрбір компонент шартбелгімен берілген.

Компонент палитрасы келесі парақтардан тұрады:


  1. Standard – стандарт компоненттер

  2. Additional – қосымша компоненттер

  3. Win32 – Windows-тың 32 разрядты интерфейсі

  4. System – жүйелік функцияларды қосу

  5. Data Access – деректер қоймасындағы ақпаратпен жұмыс

  6. Data Controls – деректерді басқару элементін жасау т.с.с



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет