Стоматология факультеті



бет1/38
Дата18.05.2022
өлшемі356 Kb.
#34934
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Биохимия стом метод каз-2020-2021 (1)


Ф-ОБ-012/062



ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ


СТОМАТОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
BH 2211 БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ
пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау
Білім беру бағдарламасы: 6В10156-Стоматология
Оқу формасы: күндізгі
Курс: 2, семестр: ІІІ,IV
Акадeмиялық кредит/сағат; 5/150
Оқу тілі: қазақша

Түркістан-2021
Кафедра мәжілісінде талқыланды.

Кафедра меңгерушісі, техн.ғ.к., доцент м.а. _________Айболова Г.К.


Хаттама №________ «_____»_______2021ж.



1. Тақырыбы: Белоктардың құрылысы, қызметі және физико-химиялық қасиеттері
2. Мақсаты: Студенттер амин қышқылдары-белок молекуласының структуралық құрам бөлігі екендігі жөнінде және белоктардың аминқышқылдық құрамының ерекшеліктерімен белоктардың физико-химиялық қасиеттері, олардың аминқышқылдық құрамына байланысты болатындығы туралы, белоктардың жалпы қасиеттерін, олардың ерітіндідегі тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторларды, белок молекуласының коллоидты күйі және құндылығы жөнінде, белоктарды анықтау тәсілдері туралы білуі тиіс.


3. Оқыту мақсаты: Белоктар тірі организмдердің құрылымдық негізін құрайды және организмнің ең маңызды функцияларын атқарады. Белок адам үшін ең құнды және алмастырылмайтын қоректік зат. Белоктар маңызды электролиттер және олар организмде коллоидты жағдайда болады. Белоктар тіршіліктің негізін қалай отырып, белок мөлшерінің қалыпты жағдайдан ауытқулары әртүрлі патологиялық өзгерістерге алып келеді. Сондықтан белоктардың жалпы қасиеттері, құрылысы туралы оқып үйрену болашақ дәрігерлер үшін өте маңызды.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Белоктарға анықтама беріңіз.
2.  - амин қышқылдары, олардың классификациясы.
3. Белоктардың атқаратын қызметі.
4. Белоктардың жалпы қасиеттері.
5. Белоктардың құндылығы. Құнды белоктарға мысал келтіріңіз.
6. Алмастырмайтын амин қышқылдары дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
7. Белоктарды және аминқышқылдарын анықтауға арналған түрлі-түсті реакциялар.
8. Белоктарды тазалау және бөліп алу әдістері.
9. Белок молекуласының тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторлар.
10. Белок молекуласыдағы байланыс түрлері, мысал келтіріңіз.
11. Белоктың бірінші реттік структурасы, оны түзетін байланыстар, осы деңгейде анықталатын белоктың қасиеттері.
12. Белоктың екінші реттік структурасы, оны түзетін байланыстар, осы деңгейде анықталатын белоктың қасиеттері.
13. Белоктың үшінші реттік структурасы оны түзетін байланыстар, осы деңгейде анықталатын белоктың қасиеттері.
14. Белоктың төртінші реттік структурасы, оны түзетін байланыстар, осы деңгейде анықталатын белоктың қасиеттері.
15. Белоктардың жіктелуі. Жай және күрделі белоктар дегеніміз не? Глобулярлы, фибриллярлы белоктар.
16. Альбуминдер мен глобулиндер қасиеттері, табиғатта таралуы, амин қышқылдарының ерекшелігі, ролі.
17. Альбуминдер мен глобулиндердің айырмашылықтары.
18. Протаминдер, гистондар, қасиеттері, таралуы, ролі.
19. Тұнбаға түсіру реакциялары.
20. Белоктар денатурациясы, денатурациялаушы агенттер.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет