19.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы БАҚ рөлін түсіндіріңіз; БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы тиімді қызметін арттыру үшін қандай шаралар орындалуы қажет? Қазіргі уақытта БАҚ заманауи қоғамда маңызды рөл атқаратыны сонша, оларды «төртінші билік» деп атайды, өйткені бүгінде ақпарат қоғамдық пікірді қалыптастырудың маңызды құралы болып табылатын ақпараттық дәуір келді.Қоғам өміріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін асыра бағалау мүмкін емес, өйткені бүгінгі таңда өмірдің кез келген саласын ақпараттық қатынастарсыз елестету қиын.
Адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкелетін сыбайлас жемқорлық кез келген мемлекет пен қоғамның саяси және экономикалық дамуына елеулі нұқсан келтіретіні белгілі.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғам алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығы. Мұнда халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асыруда БАҚ маңызды рөл атқарады.Себебі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тиімділігінің басты қағидаттарының бірі жариялылық болып табылады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның маңызды міндеті БАҚ-ты сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті танымал етуге тарту, БАҚ-та өңірлерді, салаларды, ірі кәсіпорындарды, мемлекеттік органдардың шешімдері мен олардың өкілдерінің нақты қызметін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық деңгейі индексін жариялау болып табылады.БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың қазіргі қазақстандық қоғамда таралуына мүмкіндік бермей оның жасырын тетіктерін қоғамға түсіндіру болып табылады. БАҚ-тың мейлінше пәрменді әдісі сыбайлас жемқорлық фактілеріне журналистік тексеру жүргізу және материалдар мен фактілерге жария сипат беру болып табылады, бұл қоғам мен жемқорларға қоғамға қарсы әрекет үшін жазалаудың болмай қоймауын көрсетуі тиіс.
Мемлекеттік органдар мемлекеттік даму бағдарламаларында бұқаралық ақпарат құралдарының мәртебесін арттыру үшін бар күшін салады, бұқаралық баспасөз бен журналистік қоғамдастықты қолдау бойынша шаралар қабылдайды. БАҚ қызметін көтермелеу жөніндегі іс-шаралар өткізіледі, журналистер арасында үздік жарияланымдарға арналған жыл сайынғы конкурстар, құқық қорғау органдарының басшылары мен баспасөз қызметтерінің құқық бұзушылықтың ірі фактілерін айқындау мәселелері жөніндегі брифингі ұйымдастырылады. Тәуелсіз журналистік тексерулерге жағдайлар жасалады.Қазақстанда БАҚ-қа сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үшін ақпаратты белсенді пайдалану мүмкіндігін беретін оған еркін қол жеткізу туралы нақты жұмыс істейтін нормативтік құқықтық актіні қабылдау туралы мәселе пысықталуда.
БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында:
– мемлекеттік органдар қызметінің ақпараттық ашықтығын және оған азаматтар мен қоғамдық бақылау институттарының еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету;
– қоғам мен азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілетін іс-шаралар туралы хабардар болушылық деңгейін арттыру;
– БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мәселелерін көрсетудегі рөлі мен олардың қатысуын жоғарылату;
– қазақстандық қоғамның қоғамдық бақылау органдарының мемлекеттік органдардың жария есептерінде көрсетілетін мәліметтердің, тікелей жұмсалатын бюджеттік қаражаттың анықтығы үшін жауапкершілігін арттыру;
– сыбайлас жемқорлық бойынша және бюджеттік қаражатты талан- таражға салуға кінәлі адамдарды жазалай отырып, тергеп-тексеру нәтижелерін міндетті түрде БАҚ-та жариялау арқылы жүйелі тергеп- тексеру жүргізу қажет.