1.Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қылмыстық Кодексте және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексте көзделген.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық
мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және лауазымды тұлғалар жүргізуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексеруді және алдын алуды және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өзі құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, әскери полиция органдары, экономикалық тергеп-тексеру қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.
2.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түсінігі және түрлері.
Дәріс барысында дәріскер сыбайлас жемқорлық түрлерінің негізгі мәселелерін айтып өтті, атап айтқанда
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда сыбайлас жемқорлық әрекеттері екі түрге бөлінеді: сыбайлас жемқорлық қылмыстар және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар.
Біріншісі – Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген қылмыстық жауаптылық пен жаза, екіншісі – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылық пен жаза туындайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған 15-тараудың арнайы бөлімі: «Сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне
қарсы басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар». Бұл тарауда жазалауға жататын қылмыстық қылмыстар, сыбайлас жемқорлықтың мынадай түрлері ретінде жіктеледі:
•Қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану;
•Билікті асыра пайдалану;
•Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу;
•Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау;
•Пара алу;
•Жауапты адамға жеке өзі немесе делдал арқылы пара беру;
•Парақорлыққа делдал болу;
•Қызметтік жалғандық;
•Қызметтегі әрекетсіздік
Достарыңызбен бөлісу: |