Нарыќтыќ ќатынастарєа ґту кезеѕінде экономикалыќ реформаны сјтті жїзеге асыру кјсіпкерлікті жан-жаќты дамытуды ўйєарады, ал Ќа



бет1/3
Дата10.12.2022
өлшемі34,08 Kb.
#56276
түріРеферат
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ экономикасы, қаржы және халықаралық сауда университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлықка қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті
органның орны мен рөлі


Орындаған: Қадралиева Дияра
Қабылдаған: аға оқытушы, заң ғылымдарының кандидаты Кемелбеков Сәкен

2022 жыл
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жолын кесу құқық қорғау органдарының ерекше құзыреті болып табылады. Осы қызметтің негізгі рөлі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке байланысты жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросына, осы саладағы жедел тергеу бөлімшесінің уәкілетті органы ретінде берілген. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу функциясымен бірге өз құзыреті шегінде прокуратура органдары, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдары орындайды.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің көрсеткіштерінің талдауында көрсетілгендей, 2016 жыл жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарларын маңызды мәнге сапалы ауыстыру кезеңі болды, халық осы құбылыспен жиі кездеседі. 2016 жылдың қорытындылары бойынша республика бойынша толығымен 2807 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелді, олардың ішінде үштен бірі парақорлық фактілері (1031 немесе 31%), 22% жымқыру (605), 20% қызметтік лауазымды асыра пайдалану (558), 17% - қызметтік жалғандық (481). Сыбайлас жемқорлықтың тіркелген фактілерінің негізгі бөлігі (2229 немесе 79,4%) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Ұлттық бюроның күштерімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) шектелді. Барлығы 2016 жылы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 1129 лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 18 республикалық, 59 облыстық және 134 қалалық маңыздағы және аудандық деңгейдегі басшылар.
Олардың көпшілігінің шыққан (643) соттар үкімдері, басқаларына қатысты тергеу жалғасуда. Экс-премьер–министр Ахметов, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Әбдішев, Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Смағұлов қылмыстық топтың құрамының жолын кесу үлкен қоғамдық резонансты туғызды, сондай-ақ әкімдікпен квазимемлекеттік сектордың (барлығы 21 адам) басқа да лауазымды тұлғалары ұрлаған мемлекеттік қаражат 2 млрд.теңгені құрады. «Астана ЭКСПО-2017» бюджет қаражатын 10,4 млрд. теңгесін жымқыру қылмыстық әрекетіне байланысты әшкерелеу әрекеті кем резонанс туғызбай қойған жоқ, Басқарма Төрағасы Ермегияев басшылық ететін Ұлттық компаниясының бірқатар басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау процесіне тартылған басқа да құқық қорғау органдарының қызметін атап өту керек. Әдетте, бұл ішкі қауіпсіздік бөлімшелеріне күшімен және меншікті кадрлық құрамды жемқорлардан тазартуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Қостанай облысының Қостанай қаласының әкімі Ахметжанов және оның екі орынбасарлары Калиев пен Аракелянның қылмыстық сызбасы ашылды, олар мемлекеттік сатып алуларды жүргізуде жағымды қорытындылар үшін тұрақты жүйелі негізде пара алған. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджеттік қаражаттар мен Ұлттық қордың қаражаттарының мақсатты қолдануына ерекше назар аударылады. Жымқыру факторларын болдырмау мақсатында барлық іске асырылатын жобалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствомен қадағалануда. Осы бағытта қабылданған шаралармен 143 қызметтік тұлғаның заңсыз әрекеттері анықталды және тыйылды, олардың ішінде 74 сотталды. Шағын және орта бизнесті қорғау жеке басымдыққа бөлінген олардың қызметіне заңсыз араласқаны үшін мемлекеттік органдардың 142 қызметтік тұлғасы жауапқа тартылды, олардың – 115 сотталды.
Әдеттегідей, бұл жерде сыбайлас жемқорлықты тексеру шараларын өткізу және рұқсат ету құжаттарын берумен байланысты. 2016 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі арқылы Алматы қаласында, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында лауазымды тұлғалардың қатысуымен әрекет еткен 7 ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді. Осы жұмыстың нәтижесі, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою бойынша ұсыныстарды енгізу болып табылады. Өткен жылы 1616 тиісті ұсыныстар енгізілді. Олардың басым көлемі ішкі істер органдарына – 594, әкімдіктерге – 575, мемлекеттік кірістер комитетіне – 106, әділет органдарына – 61.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет