1 сынып ата-аналарына арналған психологтың кеңесі Педагог- психологтар


Баланың мектепте білім алуға бейімделуі



бет2/5
Дата06.10.2023
өлшемі2,46 Mb.
#113030
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 сынып ата-анаға кеңес психолог

Баланың мектепте білім алуға бейімделуі


БІРІНШІ КЕҢЕС: Сізге ең басты қажеттісі – балаңызға көбірек көңіл бөліңіз.
  • Сабырлы болыңыз: оның мектеп жайында әңгімесін тыңдап, нақтылаушы сұрақтар қойыңыз.

  • Есте сақтаңыз: сіз үшін маңызды емес жайттар қызыңыз немесе ұлыңыз үшін күн бойына қатты ойландыратын оқиға болуы мүмкін!
  • Балаңызды мұқият тыңдаңыз: сонда балаға қандай көмегіңіз қажет екенін, мұғаліммен не жайында сөйлесу керектігін, баланы мектеп жанында қалдырғаннан кейінгі оның шынайы жағдайы қандай болатынын түсінесіз.
  • Оқушыға анасы мен әкесінің назары керек: Үй шаруасымен не болмаса теледидар көрумен немесе компьютермен сөйлесу сәттеріне араластырмай балаға бөлек уақыт бөліңіз.

  • Есте сақтаңыз: бала сіздің махаббатыңызға өзі мүлде лайық емес кезде мұқтаж болады (поляк
    ұстазы, жазушы Януш Корчак).
    Егер балаңыз оның барлық іс-әрекетіне, оны ойландыратын жәйттарға сіздің қызығушылығыңызды байқаса ол міндетті түрде сіздің қолдауыңызды сезінеді.

ЕКІНШІ КЕҢЕС: баланың бойындағы оқушы боламын деген талпынысын қолдаңыз, оқуға деген ықыласын


мадақтап, дамытыңыз
  • Мектептегі жағдайға және балаңыздың қамына шынайы қызығушылығыңызды білдіріңіз.
  • Оның жетістіктерін атап оны мақтап қоюды да ұмытпаңыз. Оның әрбір жұмысынан мақтауға тұрарлық нәрсе таба біліңіз.
  • Есте сақтаңыз: («Жарайсың!», «Сен сондай керемет орындадың!») сияқты мақтау мен рухани қолдаулар баланың зияткерлік жетістігін айтарлықтай арттырады.

ҮШІНШІ КЕҢЕС: балаға жаңа өмір тәртібіне үйренуге көмек беріңіз

  • Балаңызбен мектептегі тәртіп пен қағидаларды талқылаңыз.

  • Олардың қажеттілігі мен пайдалылығын түсіндіріңіз.
  • Балаңызбен бірге күн тәртібін жасаңыз және оның орындалуын қадағалаңыз. Бірініші сынып оқушысы үшін күн тәртібі аса маңызды. Бала өмірінде одан жинақылықты, тәртіптілікті талап ететін міндеттер пайда болды. Күн тәртібі – еңбек пен демалысты дұрыс үйлестіруге, жаңа өмір жағдайына үйренуге көмек береді.
  • Балаңызбен бірге үй тапсырмасының орындалуы уақытын қадағалаңыз (бірінші сыныпта оқуды қосқанда 1-1,5 сағат), Сондай-ақ ұйқы уақытын (толықтай демалыс үшін ұйқы уақыты 9-10 сағат болуы тиіс) бақылаңыз.
  • Есте сақтаңыз: күн тәртібінде қозғалысы аз әрекет түрлерін белсенді әрекеттермен, зияткерлік және әрекеттің физикалық түрлерін алмастырып отыру қажет.
  • Компьютердегі ойын мен түрлі бағдарламалар санын азайтуды (сапасына көңіл аударыңыз) қадағалаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет