2022-2023 оқу жылы Бастауыш білім беру бұл – ересектер әлеміне, саналы өмірге бастау және баланың кім және қандай болып өсетіні оның жетістіктеріне байланысты Неліктен мүмкін?
Мектепте
балада қиындықтар туындауы жаңа талаптар қойылады: мұқият тыңдау, алаңдамау, орнатылған ережелер мен тәртіпке бағыну.
Ата-аналар тарапынан жаңа талаптар пайда болады: күн тәртібін өзгерту, бала тәртібіндегі өз бетінше әрекеттердің пайда болуы, бұйрықты өз-өзіне қызмет көрсету арқылы орындау.
Бала өз құрдастарымен жаңа қарым-қатынасқа түседі: бала басқалар сияқты оқи аламын ба, менімен балалар дос болады ма, мені түрлі сөздермен не істерімен ренжітпейді ме деп уайымдай бастайды.
Мектепте алғаш білім алуына байланысты бала өміріндегі өзгерістер кезінде ата-аналар төмендегілерді естен шығармауы тиіс:
Егер де Сіз бен Біз баланың жаңа жағдайын, олардың жас ерекшеліктерін ескеріп тапқырлық танытсақ біздің балаларымыз мектепке бейімделу кезеңін оңай еңсереді.
ҮШ «Б» ЗАҢЫ (Ата-аналар міндеті)
БЕЙІМДЕЛУ – эмоциялық және рухани қолдау көрсету, үйренбеген жағдайға бой үйретуге көмек беру
БЕДЕЛ – ата-аналар беделін жаңа деңгейге дамыту және күшейту, мектеп пен мұғалімнің беделінің қалыптасуы
БЕЛСЕНДІЛІК– мұғаліммен тығыз байланыс орнату, бала келіспеушіліктің әсерінен зиян шекпеуі үшін мектеп талаптарын алдын-ала талқылау, кеңестерге құлақ түру, жалпы жұмыстар мен
мерекелік шараларды ұйымдастыруға көмек беруді тоқтатпау, себебі үлкендердің мектеп өміріне көбірек қатысуы балаға оң әсерін береді. Осыдан кейін ғана ұлыңыз немесе қызыңыз өз ата-
анасымен мақтана алады.