1-сынып «Цифрлық сауатталық» оқулығындағы виду бағдарламасына талдау жасаңыз. ҚазАқпарат 2022 жылдың қаңтар айынан бастап бірінші сынып оқушыларына «Цифрлық сауаттылық»



бет1/4
Дата30.03.2023
өлшемі225,68 Kb.
#77684
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
Чалгымбаева А.С 2ж.2к. 12-практикалық жұмыс Робататехника


12-практикалық жұмыс
1-сынып «Цифрлық сауатталық» оқулығындағы ВИДу бағдарламасына талдау жасаңыз.
ҚазАқпарат - 2022 жылдың қаңтар айынан бастап бірінші сынып оқушыларына «Цифрлық сауаттылық» пәні енгізіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Білім министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Бұған дейін оқушылар үшінші сыныптан бастап «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқыған болатын. «Оқу бағдарламасы сұраныс пен уақыт талаптарына сәйкес болуы тиіс. Бүгінгі таңда цифрлық әлемнің қарқынды дамып жатқанын көріп отырмыз. Қазір смартфондар мен компьютерлерді мектепке дейінгі кіші жастағы балалар пайдаланып жатады. Цифрлық сауаттылық – оқу мен жазу сияқты негізгі дағдылардың біріне айналып келеді. Сондықтан балаларды цифрлық сауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік негіздеріне мүмкіндігінше ертерек үйрету маңызды. Әлбетте, жаңа пәнді оқыту барысында балалардың жас ерекшеліктері де ескерілетін болады», – деп атап өтті ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова. Сонымен қатар 4-сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және 5-11 сыныптарға арналған «Информатика» пәндері бойынша оқу бағдарламалары қайта қаралды. Жаңашылдықтар балалардың ақпараттық технологиялар саласында сапалы білім алуына бағытталған.Мектеп бағдарламасы шеңберінде ең танымал Python бағдарламалау тілі оқытылады. Сондай-ақ 5-9 сынып оқушылары 3D-модельдеу мен 3D-принтингке бойынша білім алады. 10-11 сыныптардағы «Информатика» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы IT-саласының заманауи даму үрдістерін ескере отырып әзірленген. Оқыту бағдарламасында IT-STARTUP, виртуалды және толықтырылған шынайылық, жасанды интеллект, мобильді қосымшаларды әзірлеу, BigData және тағы басқа тақырыптар бар. Сондай-ақ барлық сыныптың оқу бағдарламаларына Интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері, авторлық құқық туралы тақырыптар енгізілген. «Біздің еліміздің алдында өңірлік цифрлық хаб мәртебесін нығайту бойынша стратегиялық міндет тұр. Осы бағытта табысты болу үшін «цифрлық номадтардың» серпінді идеялары мен шығармашылық энергиясын пайдалану қажет. Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың сенімді жүйесін құру да маңызды. Ол экономикалық күйзелістерге және адамдардың қажеттіліктерінің өзгеруіне жедел жауап беруі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент әлеуметтік қорғаудың ең жақсы шарасы – жаңа жұмыс орындарын құру, қайта оқыту және бизнес бастамаларды қолдау арқылы халықты жұмыспен қамту екенін жеткізді. «Бұл ретте азаматтарды тиісті әлеуметтік кепілдіксіз қалдыратын көлеңкелі жұмыспен қамтудың төмендеуі түйінді мәнге ие. Белгіленген тәсілдер әлеуметтік әділеттікті нығайтуға, баршаға бірдей мүмкіндіктер мемлекетін құруға жәрдемдеседі», - дейді Мемлекет басшысы.

2. 4-сынып оқулығындағы материалдармен жұмыс жасау.
Бастауыш мектепті ақпараттандыру қазіргі заманғы сапалы білімге қол жеткізуде және XXI ғасырда баланың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Цифрлық сауаттылық үнемі даму үстінде қызмет етеді, өйткені ол оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуде негізгі қабілеттерін көрсетуге ықпал етеді. Бұл ақпараттық мәдениеттің қалыптасуына және ақпараттық қоғамдағы балалардың әлеуметтенуіне қызмет етеді. "Цифрлық сауаттылықтың" қарапайым тілмен айтқанда, бұл – адамның күнделікті өмірде және жұмыста ақпараттық технологияларды қолдана білуі. "Цифрлық сауаттылықтың" өзектілігі бастауыш сынып оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастырудан басталуында. Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы. Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Бастауыш сыныптарда "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің оқытудың мақсаты қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін білім алушыларды компьютерлік құрылғы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, Интернет желісінде жұмыс істеу, есептеу ойлауы, робототехника мәселелері бойынша базалық біліммен, дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады. Бастауыш сыныптарда "Цифрлық сауаттылық" пәнін оқыту бойынша әдістемелік нұсқау келесі сұрақтарды қарастырды:  Халықаралық тәжірибе негізінде бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту ерекшеліктерін зерттеу  «Цифрлық сауаттылық»пәнін оқытудың өзекті мәселелері  «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың әдістемелік жүйесі  «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда АКТ ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері бойынша әдістемелік ұсынымдар Нәтижесінде «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту қазіргі Қазақстандағы мектеп информатикасының даму тенденцияларын қамтамасыз ете отырып, іргелі білімнің қажеттілігін оның рөлін арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет