Сауат ашу, ана тілі пәндері бойынша жинақталған білім кесінділері,тапсырмалар, жазба жұмыстары.
Бұл жинақталған материалдар бастауыш мектептің бірінші сынып оқушыларына сауат ашу барысында берілетін білім және іскерлік пен дағды дәрежелерін жетілдіріп, мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндердің қарапайым оқу мен жазуға үйрету мақсатын көздейді.
Сауат ашу барысында барлық дыбыстарды толық өтіп болмаған оқушылар кез келген тексті оқып кете алмайтыны белгілі. Сондықтан тапсырмалар өтілген әр дыбқа қатысты сөздерді , буындарды қамтиды.Оқушылардың материалдармен жұмыс істеуіне мұғалім тарапынан тікелей басшылық жасалады.
1-сынып оқушылары алғашқы 2 дыбысты өткеннен кейін олармен буындық, әріптік, көшіру диктанттары алынып отырғаны дұрыс, себебі оқушы алғашқы күннен бастап-ақ өз бетімен жұмыс істей білуге машықтанады.
№
1 тапсырма. Берілген сөздердегі дауысты дыбыстарды қызыл қарындашпен, ал дауыссыз дыбыстарды көк қарындашпен дөңгелектеп боя.Бірнеше рет қайталап жаз.
1.Апа, -па
2.Ата, -та
№
2 тапсырма.
1.Ә,же буындарынан сөз құрастырып жазыңдар.
2.Әже сөзінің буындық, дыбыстық сызбасын жасаңдар.
№
3 тапсырма.
1.Е,кі,зу буындарын жеке-жеке оқыңдар.Ондағы дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтыңдар.
2.Аталған буындардан сөздер құрастырыңдар.
3.Екі, езу сөздерін буынға бөліп жазыңдар.Жазған сөздеріңді буынға бөліп оқыңдар.
№
4 тапсырма.
1.Ө, зі,ру буындарын дауыстап оқыңдар.Осы буындардан сөздер құрастырыңдар.
2.Өзі, өру сөздерін буынға бөліп жазыңдар.Жазған сөздеіңді алдымен буындап, содан кейін тұтас сөзбен оқыңдар.
3.Өзі,өру сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар.
№
5 тапсырма.
1.Ине сөзін буынға бөліп жазыңдар.Сөзді буындап оқыңдар.
2.Ине сөзінің дыбыстық, буындық сызбасын жасаңдар.Дауысты және дауыссыз дыбыстарды тиісті бояулармен көрсетіңдер.
№
6 тапсырма.
1.Шана әдемі деген сөйлемді көшіріп жазыңдар.Бұл сөйлемде неше сөз бар?Сөйлемдегі сөздерді сызбаға орналастырып жазыңдар.
2.Шана әдемі деген сөйлемді бірнеше рет қайталап жаз.
№
7 тапсырма.
1.Көше,шөже,төбе,көде сөздерін буынға бөліп жазыңдар.
2.Аталған сөздердің дыбыстық сызбасын жасаңдар.Дыбыстарды өз түсінее сай дөңгелекшелермен бояңдар.
№
8 тапсырма.
1.
Аққу –көлдің сәні сөйлемін көшіріп жазыңдар.Осы сөйлемнің схемасын жасаңдар.Сөйлемде неше сөз барын айтыңдар.
2.Аққу сөзін буынға бөліп жазыңдар,осы сөзге дыбыстық талдау жасаңдар.