1 сыныптардағы демалыс кестесі



бет66/91
Дата29.10.2023
өлшемі236,92 Kb.
#121115
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   91
Математика
Түсінік хат
Алматы «Алматыкітап баспасы» 2021 ж.
Оқулық авторлары: Ақпаева Ә.Б. , Лебедева Л.А. , Мыңжасарова М.Ж. , Лихобабенко Т.В.
Стандарт: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен
Үлгілік оқу жоспары: «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен, (ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2023 ж. № 264 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен ,№ 6 қосымша)
Үлгілік оқу бағдарламалары: «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығы ҚР Оқу-ағарту министрінің 21.11.2022 ж. № 467,(№ 13 қосымша) 05.07.2023 ж № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы, ҚР Оқуағарту министрінің 13.04.2023 ж. №96 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен.
«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.08.2023ж.№ 246 бұйрығымен енгізілген қосымша өзгерістерімен.
"2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы" Әдістемелік нұсқаулық хат
Бағдарлама мазмұнына сәйкес бірінші сыныпқа арналған «Математика» ОӘК-і баланың қоршаған әлемді түсіну және оқып-үйрену тәсілі ретінде математиканы қабылдауын дамытуға бағытталған. Мұндай тәсіл баланың әлемді математикалық білім, білік және іс-әрекет тәсілдерінің көмегімен тануға мүмкіндік береді. ОӘК-нің құрамы:  Оқулық (екі бөлім);  Жұмыс дәптері (№1, 2, 3, 4); Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау (CD);  «Алматыкітап баспасы» www.topiq.kz платформасындағы оқулықтың электрондық нұсқасы. Оқулық (1, 2-бөлім) сабақтар бойынша құрылған, оның пішіні мен безендірілуі балалардың жас ерекшеліктеріне сай. Әрбір бөлімді бастар алдында оны оқып-үйрену картасы ұсынылған. Ол мұғалім, оқушы және ата-анаға тақырыпты меңгерудің негізгі мақсаттары мен нәтижелерін түсінуге мүмкіндік береді. Бірінші сыныпқа арналған «Математика» оқулығындағы әрбір сабақ бір айқарма бетке орналасқан. Оның бірінші беті сабақтың лексикалық тақырыбын ашатын көрнекі сюжеттік көріністермен берілген. №1 тапсырма сабаққа ынталандыруға, жаңаны өзектендіруге және оны ашуға бағытталған. Оқулықта берілген №1 тапсырма көп кешенді. Оқулықтағы тапсырмалардың бір бөлігі оқулық кейіпкерлері Сырым мен Әлияның қатысуымен құрылған. Оқулықтағы тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай ыңғайлы және түсінікті түрде берілген. Әрбір тақырыптың негізгі терминдері кітап-кейіпкерде жазылған. Оқулықта жұппен, топпен және жеке орындауға арналған тапсырмалар, зерттеушілік тапсырмалар, шағын топтарда жұмыс істеуге арналған және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және күнделікті өмірмен байланыстырып орындауға, өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар, сондай-ақ шығармашылық тапсырмалар шартты белгілермен берілген. Жұмыс дәптері. №1, 2, 3, 4 жұмыс дәптерлері әрбір оқу тоқсанына арналған. Жұмыс дәптерінде оқулықта берілген тақырыптарға әртүрлі жаттықтыру тапсырмалар жүйесі, сонымен қатар өтілген тақырыпты бекітуге және қайталауға күрделендірілген тапсырмалар берілген. Жұмыс дәптерлеріндегі тақырыптардың берілу реті оқулықтағы тақырыптардың берілу ретімен сәйкес келеді. Дәптер сабақтар бойынша құрылған, бір сабақ бір айқарма бетке орналасқан. Өтілген тақырыпты қайталауға және практикалық тұрғыда қолдануға арналған суреттер, сұлбалар, кестелер түріндегі күрделілігі әртүрлі деңгейдегі, сонымен қатар шығармашылық сипаттағы тапсырмалар жүйесінен тұрады. Ұсынылып отырған №1, 2, 3, 4 жұмыс дәптерлері оқушылардың нәтижелі іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған. Берілген жаттығулар мен тапсырмалар цифрлар мен математикалық таңбаларды жазудың каллиграфиялық дағдыларын дамытуға бағытталған. Ұсынылған графикалық тапсырмалар оқушының торкөзді санап үйренуіне, оған сызықтар жүргізіп, саусақтарының ұсақ моторикасын дамытуына көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет