Қосымша
Аттестаттауға дайындалатын педагогке көмек
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлерді аттестаттау екі кезеңде өтеді:
Бірінші кезең – ұлттық біліктілік тестілеу (ҚР БҒМ 2020 жылғы 14 мамырдағы №202 бұйрығы). Ұлттық біліктілікті тестілеудің өту кезеңі – 2021 жылғы 30 қаңтардан 30 сәуірге дейін. ҰБТ-дан өтуге өтініш беру 30 қаңтарда, тестілеу 1 ақпаннан басталды.
Тестілеу аяқталғаннан кейін педагог нәтижелермен танысады және негіздемелермен келіспеген жағдайда, дәл сол сәтте аудиториядан шықпай-ақ республикалық апелляциялық комиссияға электрондық форматта өтініш береді. Онлайн-қабылдау режимінде қаралған тестілеу нәтижелері бойынша жеке кабинетте апелляцияны ескере отырып, тестілеу нәтижелері көрсетіледі.
Ұлттық біліктілікті тестілеуді жүргізу кезінде ережелерді бұзу фактілері, сондай-ақ бейнежазбаны қарау кезінде анықталған тәртіп бұзушылықтар анықталған кезде, тапсыру мерзіміне қарамастан, акт жасалады және нәтижелердің күші жойылады (ҚР БҒМ 2020 жылғы 14 мамырдағы бұйрығының 17-тармақшасы).
Ұлттық біліктілікті тестілеу нәтижесі оң болған жағдайда педагогтің өтініші негізінде одан әрі аттестаттау рәсімі, яғни аттестаттаудың екінші кезеңі жүргізіледі.
Екінші кезең – педагог қызметінің қорытындыларын жинақтау (ҚР БҒМ 2020 жылғы 11 мамырдағы №192 бұйрығы).
Жоғарыда баяндалғанның негізінде біліктілік санатының келесі талаптарын қосымша еске саламыз.
Педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын беру тәртібі:
1) «педагог-модератор» біліктілік санатына:
* тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, педагогикалық өтілі кемінде екі жыл, келесі кәсіптік құзыреттеріне сәйкес келетін тұлғалар:
* «педагог» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибе жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;
Достарыңызбен бөлісу: |