1 сыныптардағы демалыс кестесі



бет1/91
Дата29.10.2023
өлшемі236,92 Kb.
#121115
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
КТП 1а дұрысы 13,09


1-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
Оқу жылының ұзақтығы 1 сыныпта – 33 оқу аптасын құрайды.
1 сыныптардағы демалыс кестесі





Демалыстар

уақыты

1

күзгі каникул

7 күн (2023 жылғы 30 қазаннан -5 қарашаны қоса алғанда)

2

қысқы

10 күн (2023 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда)

3

қосымша демалыс

7 күн (5-11 ақпанды қоса алғанда)

4

көктемгі

11 күн (2023 жылғы 21-31 наурызды қоса алғанда)

Оқу жүктемесінің көлемі



Пәндер

аптасына

1-тоқсан



2-тоқсан



3-тоқсан



4-тоқсан



Жылдық



1

Әліппе, Ана тілі

6 сағат

48

48

54

48

198 сағат

2

Математика

4 сағат

32

32

36

32

132 сағат

3

Жаратылыстану

1 сағат

8

8

9

8

33 сағат

4

Дүниетану

1 сағат

8

8

9

8

33 сағат

5

Бейнелеу өнері

1 сағат

8

8

9

8

33 сағат

6

Еңбекке баулу

1 сағат

8

8

9

8

33 сағат

7

Музыка

1 сағат

8

8

9

8

33 сағат


Әліппе
(Барлығы – 96 сағат,аптасына -6 сағат)
Түсінік хат
Алматы «Атамұра» 2021 ж.
Оқулық авторлары: Ә. Е. Жұмабаева, Н. Ж. Құрман, Б. А Сабденова
Стандарт: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен
Үлгілік оқу жоспары: «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен, (ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2023 ж. № 264 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен ,№ 6 қосымша)
Үлгілік оқу бағдарламалары: «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығы ҚР Оқу-ағарту министрінің 21.11.2022 ж. № 467,(№ 13 қосымша) 05.07.2023 ж № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы, ҚР Оқуағарту министрінің 13.04.2023 ж. №96 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен.
«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.08.2023ж.№ 246 бұйрығымен енгізілген қосымша өзгерістерімен.
"2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы" Әдістемелік нұсқаулық хат
Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесіне негізделген «Әліппе» пәнінің мақсаты – әріп таныту, оқуға, жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдар мен сөйлеу әрекетінің түрлерін үйретіп, ұлттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру.
Әріптер оқу бағдарламасында берілген ретпен оқытылады. «Әліппе» пәнінің базалық мазмұны сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым мен айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Әліппе кезеңінде қазақ әліпбиінің дыбыс пен әріптерін таныту, дыбыстардың айтылуына жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі.
Тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек.
І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант – 3-12 сөз.
Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді.
Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.
Тыңдалым мен айтылымның ерекшілігі: тыңдалым материалының көлемі: 30 сек – 1 мин.
Оқылым ерекшелігі: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек.
Әр сөйлемдегі сөздердің саны 2-6-дан аспауы керек.
Жазылым ерекшелігі: 1 сыныптан бастап жазу жұмысына дайындық жаттығуларына аса мән берілуі тиіс.
Жазу жұмысына дайындық:
1) жазуға дайындық (дұрыс отырғызу, жарықтың дұрыс түсуі, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қарындаш/қаламды ұстай білу); парақтағы кеңістікті бағдарлай білуді қалыптастыру (жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жазу жолының жоғарғы және төменгі сызықтары мен тік көлбеу сызықтардан шықпау); сурет салу, штрихтау, бастыра жазу, әріп элементтерін жазу;
2) сурет бойынша сөйлем құрастыру, берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру, сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, сөйлемдердің графикалық модельдерін құру;
3) көркем жазу нормаларын сақтай отырып, әріп элементтерін, бас және кіші әріптерді, буын, сөз, сөйлемді және оларды байланыстыра жазу;
4) сөйлемнің басындағы сөзді бас әріптен жазу, сөйлем ішінде сөздердің бөлек жазылуы, сөйлемнің соңына тыныс белгісін қою;
5) қарапайым сұрақтарға жазбаша жауап беру, сюжетті суретке қарап мәтін құрастыру;
6) қатесіз, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Әліппе кезеңінде жазба жұмыстарын (көркем жазу минуты) күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай айқындайды.
«Әліппе» пәнін оқыту Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған күтілетін нәтижеге бағдарлануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет