4.Самайлық қыры(margo sqamosa),қабыршақтық жік арқылы самай сүйектің қабыршақтық бөлігімен байланысқан.
Бұрыштары: 1.Маңдайлық бұрышы (angulus frontalis)тік бұрышты,төбе сүйектің маңдайлық қыры мен сагиталды қырдың түйіскен жерінде орналасады.
2.Сына сүйектің бұрыштары(angulus sphenoidalis)үшкір,төбе сүйектің маңдайлық қыры мен қабыршақтық қырымен түйіскен жерінде орналасады
3.Шүйделік бұрыш(angulus occipitalis)тік бұрышты ,сагиталды қыр мен шүйделік қыр түйіскен жерінде орналасады.
4.Еміздіктік бұрыш(angulus mastoideus)жазық, төбе сүйектің қабыршақтық қыры мен шүйделік қырының түйіскен жерінде орналасады.
Төбе сүйек беттері: 1.Сыртқы беті -тегіс ,дөңес.Орталық бөлігінде төбе сүйектің төмпесі (tuber parietale),төмпеден төменірек жоғарғы ,төменгі самайлық сызықшалар(linea temporalis superior et inferior)орналасқан.
2.Ішкі беті-бұдырлау келген.Мұнда: мидың немесе саусақтың батыңқылары(impressiones digitatae) , мидың көтеріңкілері(juga cerebralia) қантамырлардың жүлгелері(sulci arteriosi), сагиталды жиегінің бойында жоғарғы сагитальды қойнаудың жүлгелері(sulcus sinus sagitalis superior),ал еміздіктік бұрышының маңында сигма тәрізді қойнаудың жүлгесі (sulcus sigmoidei)орналасқан.
19.Самай сүйегі, құрылысы Самай сүйек(os temporale) күрделі жұп сүйек .
Самай сүйегі, топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты:
1.Қабыршақтық (pars sguamosa) 2.Дабылдық( pars tympanica) 3.Пирамида тәрізді ( pars pyramidis seu parspetrosa) бөліктерге бөлінеді. 1. Самай сүйектің қабыршақтық бөлігі(pars sguamosa)сыртқы пішіні жалпақ, вертикалды орналасқан табақша.Қабыршақтық бөліктің сыртқы және ішкі ми
сауытына қараған беті ажыратылады.
1) Қабыршақтық бөліктің сыртқы, самайлық беті (facies temporalis) тегістеу және дөңестеу келген. Бұл бетінің артқы бөлігінде:орталық самайлық артерияның жүлгесі(sulcus
arteriae temporalis media, төменірек доға тәрізді иілген төменгі самайлық сызықша(lineae temporalis infenior) орналасқан.Самайлық щұңқырдың төменгі жағында бетсүйектік өсінді (processus zygomaticus) орналасқан.Төменгі жақтық ойыстың алдында буындық төмпешік( tuberculum articulare) және буын арты төмпешігі( tuberculum retroarticulare)орналасқан.
Қабыршақтық бөліктің ішкі беті(facies cerebralis), ойыстау және бұдырлы келген. Бұл бетте: саусақтық батыңқылары және ортаңғы менингеалды артерия жүлгесі( sulcus arteriae meningae media)бар.Және қабықшалы бөліктің екі жиегі бар.Олар:
1) Cына сүйегімен шектесетін жиегі(margo sphenoidalis)
2) Төбе сүйегімен шектесетін жиегі( margo parietalis)