Желбезек (vomer) – жер өңдеу құралына ұқсайтын, мұрынның сүйекті қалқасының артқы-төменгі бөлігін құрайтын бұрыс төртбұрышты табақша пішінді тақ сүйек. Екі табақшадан тұрады: олар төменнен бірігіп кетеді, ал жоғарыдан екіге айырылып, желбезек қанатын (alae vomeris) түзеді. Кеңсірік сүйегінің төрт қыры ажыратылады:
1. Жоғарғы қыры, қалғандарына қарағанда қалыңдау келген. Горизонтальды бағытта бойлай орналасқан кеңсірік жүлгесі (sulcus vomeris ) арқылы бүйір қапталына қарай бағытталған жұп кеңсірік қанаттарын (ala vomeris) құрайды. Ол сына сүйектің денесінің мұрын қуысына қараган бетімен беттесіп, сына сүйектің тұмсығын ( rostrum sphenoidale) екі жағынан қапсыра қамтып, сына-кеңсірік жігi (sutura sphenovomeris) арқылы жалғасқан.
2. Артқы қыры жұтқыншаққа қарай иіліп, хоана тесігінің хоандық қырқасын(crista conchalis) құрайды.
3. Алдыңғы және төменгі қыры - бұдырлау келген. Алдыңгы қыры тор сүйектің перпендикулярлы табақшасымен жалғасса, теменгі қыры жоғарғы жақ сүйегі мен тандай сүйектің мұрын қуысына қараған қырқасымен жалғасып, мұрын қуысының сүйектік аралық қабырғасын
құрауға қатысады.
29 сұрақ. Көзұясы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы. Жауап: Көз шарасы orbitaсыртқы пирамидаға ұқсап,негізімен алға, ұшымен артқа медиалды бағытталған. Көз ұя ұшында көру өзегі canalis opticus өтеді. Көз шарасының кіреберіс тесігі aditus orbitae. Көз шарасының кіреберіс тесігінің сыртқы пішіні, төрт бұрыш тәрізді доғаланып келген. Бұл жоғарғы жағында көз шарасының жоғарғы жиегі — margo supraorbitalis, төменде көз шарасының төменгі жиегі — таrgо infraorbitalisбен шектелген. Көз шарасының тегістеу болып келген төрт қабырғасы ажыратылады.
Көз шарасының жоғарғы қабырғасы paries superior. Ол сәл қысыңқы горизонтальды жатады және мағдай сүйектің көз ұялық бөлігімен ал артынан сына тәрізді сүйектің кіші қанатымен түзілген. Сына сүйектің кіші қанатының көз шарасына қараған бетінде, көру нервінің өзекшесі canalis opticusайқын байқалады. Жоғарғы қабырғасының латеральды бөлігінде , көзжас безінің ойысы fossa lacrimalisбар және медиалді жиегінде маңдай тілік жақта шығыршылық шұңқыр fovea trochlearis ал оның қасында кішкентай болатын шығыршықтық қылқын spina trochlearisболады. Бұған көз алмасының жоғарғы қиғаш бұлшықеті бекиді.