Мұрын сүйек(os nasale) – өзінің жұптасына жанаса отырып, мұрын негізінде мұрын арқашығын түзеді. Адамдарда жануарларға қарағанда нашар дамыған. Сыртқы бетінде мұрындық тесік(foramen nasale), ішкі бетінде торлы жүлге орналасқан. Пішіні индивидке қарай өзгермелі боп келеді.
Көз сүйегі(os lacrimale) – Іле – шала жоғарғы жақ сүйектің processus frontalis артында көзұясының медиалды қабырғасы құрамына енетін бет сүйек ішіндегі ең ұсақ сүйек, жұқа табақша. Торлы сүйектің алдыңғы ұяшықтарының латералды қабырғасын құрайды. Оның латералды қабырғасында көз жасы сүйегінің артқы қырқасы (crista lacrimalis posterior) бар, одан алға қарай көз жасы жүлгесі (sulcus lacrimalis) жатады. Бұл жүлге жоғарғы жақ сүйек маңдайлық өсіндісіндегі аттас тілікпен бірігіп, көз жас қабының шұңқырын (fossa sacci lacrimalis) түзеді.
Тіласты сүйектер (os hyoideum) – IV мойын омыртқаның жоғарғы жиегінде, төменгі жақ пен көмекей арасында орналасқан, сыртқы пішіні таға тәрізді тақ сүйек. Денесі (corpus) және екі жұп өсіндісі (cornu majus et minus) – үлкен және кіші мүйізі бар. Бұл сүйекке тіл, мойын және жұтқыншақтың кейбір бұлшықеттері бекиді. Арық адамдарда анық байқалады.
1. Денесінің (corpus hyoideum) алдыңғы беті дөңес, артқы беті иіліп орналасқан табақша.
2. Үлкен мүйізшесі (соrnu majus) денесінің тікелей жалғасы , яғни денесінің артқы қапталынан артқа қарай бағытталған.
3. Кіші мүйізі (cornu minus) сүйектің денесі мен үлкен мүйізшесінің бітіскен жерінде жоғары және артқа қарай бағыт алып орналасады.
28 сұрақ. Төменгі мұрын қалқаны, желбезек. Жауап: Төменгі мұрын қалқаны, concha nasalis inferior - өте жұқа келген, сыртқы пішіні сопақшалау дербес табақшалы жіңішке жұп сүйек: ол торлы сүйектің құрам бөліктері болып табылатын жоғарғы және ортаңғы қалқандардан тұрады. Жоғарғы ұшы арқылы мұрын қуысының бүйір қабырғасына бекіп, ортаңғы мұрын жолын төменгі мұрын жолынан бөліп тұрады. Төменгі жиегі бос, ал жоғарғы жақсүйектің және таңдай сүйектің crista conchalis-імен жалғасады.
Төменгі мұрын қалқанының: денесі, төрт қыры, үш өсіндісі белгілі. Денесінің медиалді яғни мұрын қуысына қараған беті бұдырлы, дөңестеу болып келсе, латералды немесе жоғарғы жақ сүйегінің қойнауына қараған беті ойыстау келген қырлары:
Алдыңғы қыры - жоғарғы жақсүйегінің мұрын қылқаның қылқасы, crista conchalis, мен байланысса, артқы қыры - таңдай сүйегінің перпендикулярлы табақшасының мұрын қуысына қараған бетіндегі мұрын қылқанының қырқасымен өзара бітіскен. Төменгі қыры, төмен қарай бағыт алып, латеральды бағытта бүктеліп орналасқан. Жоғарғы қырында: тор сүйектік, көз жастық және жоғарғы жақтық өсінділері орналасқан.
1. Көзжастық өсіндісі (processus lacrimalis) - жоғары қарай өтіп, көз жас сүйегімен өзара байланысқан.
2. Жоғарғы жақтық өсінді (processus maxillaris) - басқа өсінділерінің ішіндегі көлемдісі. Төменгі кеуілжір сүйегінің қойнауының тесігін сәл жауып орналасады.
3. Торлы сүйек өсіндісі (processus ethmoidalis) - жоғары қырының артқы қапталында жоғары қарай бағытталып, тор сүйектің ілмегімен өзара байланысу қызметін атқарады.