1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Буындардың қосалқы элементтері



бет33/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   110
Буындардың қосалқы элементтері. Буынның, жалғамалардың, буын ішілік шеміршектердің, буын еріндерінің, буын қатпарларының, сесама сүйектерінің және буын қапшықтарының қызметін осы элементтер реттейді. Буын капсуласына қатысты капсулалық және капсула сыртылық жалғамалар бар.
Капсула ішілік жалғама – буын қуысында орналасып, буын беттерінің бір-біріне қатынасын реттейді (тізе буыны, қабырға басының буыны және ұршық буыны).
Капсулалық жалғама – буын капсуласы қалыңдығында орналасып, оны бекітеді.
Буын сыртылық жалғамалар – капсуладан тысқары орналасып, буын қимылын шектейді.
Буын шеміршектері (cartilagines intraarticulares) – табақшалар түрінде буын беттерінің арасында орналасатын фиброзды шеміршектер.
Буын еріндері (labrum articulare) – буын шұңқырының жиегін толтыратын білезік пішінді фиброзды шеміршек.
Синовиалды бүрлер (villi synoviales) және синовиалды қатпарлар (plicae synoviales) – синовиалды қабықпен жабылған, қан тамырларға бай дәнекер құрылым.
Сесама сүйектері (ossa sesamoidea) – сүйек қабы жоқ кеуекті сүйектер.
Синовиалды қапшықтар (bursae synoviales) – көбіне буын қуысымен байланысатын, синовиалды жарғақпен көмкерілген кішкене қуыстар.
37 сұрақ.
Ми сауыты сүйектерінің қосылыстары - жіктердің түрлері. Еңбектер.
Жауап:
Бас сүйек сүйектерінің байланыстары.
Бас сүйек сүйектері өзара үзіліссіз байланыстар – синдесмоздар мен синхондроздар арқылы байланысады. Үзілісті қосылыстарға шықшыт буыны жатады.
Бас сүйек сүйектерінің үзіліссіз байланыстары.
Ми сауыты күмбезі сүйектері мен бет сүйектері жіктер арқылы байланысады. Самай сүйектің қабыршағынан басқа бассүйек күмбезі сүйектерінің барлығы дерлік тісті жіктердің көмегімен (sutura serrata) арқылы қосылады. Самай сүйектің қабыршағы төбе сүйектің қабыршақты жиегімен қабыршақты жік (sutura squamosa) арқылы қосылады. Кейбір адамдарда тұрақты жіктер, синхроздармен қатар тұрақсыз, атап айтқанда – маңдай немесе метопикалық жік(sutura frontalis, metopica) – маңдай сүйегі қабыршағының екі жартысы бітісіп-өспеген 9,3 % мөлшерде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет