1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


сұрақ. Самай-төменгіжақ буыны, жалғамаларының құрылысы, қызметтері



бет35/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   110
Байланысты:
Анатомия сессия шпор (2)

38 сұрақ.
Самай-төменгіжақ буыны, жалғамаларының құрылысы, қызметтері.
Жауап:
Бассүйек қосылыстары ішіндегі жалғыз қозғалмалы, айдаршық пішінді қосылыс – самай-төменгі жақсүйек буыны(articulation temporomandibularis). Ол төменгі жақсүйек басы(caput mandibulae) мен самай сүйектің төменгі жақсүйектік шұңқыры(fossa mandibularis) және буындық төмпешігімен(tuberculum articulare) түзілген.
Буын қарапайым, кешенді, себебі буын қуысында фиброзды – шеміршекті диск болады: үйлесімді, өйткені екі жақ самай-төменгі жақсүйек буындарында қозғалыстар үйлесімді жүреді. Қозғалыс буынішілік диск(discus articularis) болуына байланысты 3 бағытта болуы мүмкін. Диск буын қуысын жоғарғы және төменгі бөліктерге бөледі. Жоғарғы бөлім сырғанайтын жалпақ буын тәрізді қозғалып, төменгі жақсүйектің алға-артқа және кішкене бүйір жаққа жылжуына мүмкіндік береді. Төменгі бөлігі шығыр тәрізді буын ретінде қозғалады: төменгі жақсүйектің төмен-жоғары қозғалып ауыздың ашып-жабылуын реттейді. Cиновиалды мембрана төменгі қабатта буын капсуласымен бірге буын капсуласы ішінде жатқан айдаршықытқ өсіндінің артқы бетін де жабады. Бұл мембрана арқылы жоғарғы қабатта мына қимылдар іске асады:
1.Фронталды білік айналасында – төменгі жақсүйектің түсуі және көтерілуі;
2.Фронталды білік алдына ығысуы кезінде төменгі жақ сүйектің алға жылжуы және артқа қайтуы:
3.Вертикалды буын айналасында – айналдыру.
Буын капсуласы самай сүйегінін fossa mandibularis жиектеріне артынан fissure petrotympanica дейін, алдынан tuberculum articulare қаусырып бекиді, ал төменнен collum mandibulae қамтып жатады. Буын дискісі буын капсуласымен бітісіп өсіп, буын қуысын 2 қабатқа бөлген. Буын басының артқа қозғалысын тежеп, буын капсуласын lig.laterale нығайтады. Қалған 2 байлам буыннан алыс орналасады:lig.sphenomandibulare et lig.stylomandibulare.

39.Омыртқа жотасының бассүйекпен қосылысы.
I.Art.atlanto-occipitalis
II.Шүйде айдаршығы+атлант шұңқыры


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет