Гормондары: 1.Адренокортикотропты гормон-бүйрек үсті безі қыртысының секрециясына әсер етеді.
2.Гонадотропты гормон-жыныстық бездерге әсер етеді.
3.Тиреотропты гормон-қалқанша бездің секрециясына әсер етеді.
4.Соматропты гормон-бойдың өсуіне әсер етеді.
Меланогипофиз- нашар дамыған.
Гормондары: -меланотропонин
-липотропты гормон-май алмасуға қатысады.
Нейрогипофиздің гормондары:
1.Окситоцин-жүктілік жатырдың жиырылуын үлкейтеді және сүттің секрециясына әсер етеді.
2.Вазопрессин-анти диуретикалық гормон диурезді кішірейтеді.
Жалпы, гипофиздердің артқы жағындағы үлестері гормонды өндірмейді, бірақ та алатын орны маңызды. Өйткені,олар жоғарыда айтқан екі гормонды жинақтап, ағзаға қажет уақытында бөледі.
Гипофиздің қызметі бұзылса: -аденогипофиздің жұмысы шамадан тыс шығып кетсе, яғни қалыптан тыс мөлшерден бөлінсе, онда гигантизмге әкелуі мүмккін. Егер ересек адамда болса, ол акромегалия болады.
-сонымен қатар, бұл бүйрекүсті безінің жұмысын бұзуына да алып келеді. Мысалға, Иценко-Кушинг ауруы пайда болуы мүмкін.
-Ал, енді гормон жетіспеген жағдайда, кахексия, гипоганадизм, нанизм болады.
Эпифизге келетін болсақ, оны кейде мидың жоғарғы қосалқысы деп атайды.
Орналасуы: үлкен ми сыңарының тереңде , ортаңғы мидың жоғарғы төмпешіктерінен бөліп тұратын жүлгеде.
Құрылысы: -эпифиз ІІІ-ші қарыншамен жанасып тұрады.
-сырты кедір-бұдыр;
-салмағы 0,2г;
-бездің іші жұқа дәнекер тінмен қапталған.
-ең үлкен салмақ 7-9 жас кезінде болады;
-пішіні жұмыртқатәрізді.
Қызметі: -зат алмасуды реттейді;
-жыныстық жетілуге дейін гипофиздің әсерін тежейтін затты бөледі.
Гормондары: -серотонин. Гормонның атқаратын қызметтері: қан қысымын көтереді, дененің жеңіл қозғалысын қамтамсыз етеді, овуляция процесіне қатсыады, қан ұюы, аллергия сияқты процесстерінде маңызды орын алады.
-мелатонин. Қызметтері: эндокринді бездердің биортимін қадғалайды, асқорыту жүйесіне, қартаюды ақырындатады, иммун жүйесін күшейтеді.
-адреногломерулотропин.
-антигонадотропин.