1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі



бет1/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110
Байланысты:
Анатомия сессия шпор (2)


1.Сүйектердің құрылысы,жіктелуі.
Сүйек-ossa адам организмінде тірек,қимыл және қорғаныш қызметін атқарады.Сондай ақ қан түзілу процесінен де қалыс қалмайды.Адам ағзасында 200-ден аса сүйек кездеседі.Сүйектер топографиялық орналасуына және эмбриондық дамуына байланысты біліктік қаңқаға-sceleton axiale және қосымша қаңқаға –skeleton appendiculare жіктеледі.Біліктік қаңқа тобын құраушы сүйектер:бас сүйектері-cranium, кеуде торын құраушы сүйектер-ossa thoracis және омыртқа бағанасының сүйектері-columna vertebralis жатады.Ал қосымша қаңқаны құраушылар:қол сүйектері-ossa membri superior мен аяқ сүйектері-ossa membri inferior.
Сүйектердің құрылысына қарай: сүйектік бөлігін-pars osseae және шеміршектік бөлігін-pars cartilagines ажыратады. Сүйектердің сыртқы бетін қан тамырлары мен нервтерге бай сүйек қабықшасы-periosteum қаптайды.Сүйектің қабықшасы сүйек бетінде орналасқан қырқаларды-cristae, өсінділерді-procussus, ойыстарды-fossae да жауып орналасып сүйектік ткандарді қоректендіру қызметін атқарады.Сүйектер пішініне қарай ұзын-ossa longi, қысқа-ossa brivea және жалпақ –ossa plana сүйектерге бөлінеді.Ұзын сүйектерге қол және аяқ сүйектері жатқызылады.Бұл сүйектердің проксимальді-proximales,дистальді-distalis ұштарымен орталық бөлігі диафизі –diaphysis ажыратылады. Проксимальді ұшы ол қаңқаға жақын орналасқан бөлігі болып табылады ,ал біліктік қаңқадан алыс орналасқан ұшы дистальді ұшы болады..Бұл сүйектердің диафизімен эпифизі аралығындағы бөлігін метафиз-metaphysis деп атаймыз.Осы түтік тәрізді сүйектерді кесіп қарайтын болсақ олардың тығыз сыртқы қабатынан –substantia compacta және ішкі терең қабаты кемікті затынан-substantia sponqiosa тұратынын көреміз. Жалпақ сүйектерде кемікті қабаты жұқалау келген.Сүйек майы-medulla osseum сүйектердің кемік затында орналасқан. Сүйек майының түсіне және құрылысына қарай қызыл сүйектік майға –medulla osseum rubra және сары сүйектік майға-medulla osseum flava бөлінеді. Сүйектің қызыл кемігінің қызметі –қанның құрамын түзу болып табылады.

2.Мойын омыртқалары:құрылысы,айырмашылық ерекшеліктері.


Жалпы саны жеті сүйекті құрайтын мойын омыртқалары-vertebrae cervicalis құрылысы мен қызметіне қарай екі топқа бөлінеді.Олар:мойын омыртқаларына түсетін салмаққа байланысты көлемдері ұлғая түскен С3-С7 мойын омыртқалары және атқаратын қызметіне байланысты сыртқы пішіндерін өзгерткен С1-С2 мойын омыртқалары.
Мойын омыртқаларының құрылыс ерекшелігі:
-үш бұрыш тәрізді болып келген омыртқа тесігі-foramen vertabrale
-өзге омыртқаларға қарағанда қысқалау болып келген буын өсінділері-prosessus articulares
-төмен бағытталған сайын ұзара түскен арқа өсінділері-prosessus spinosus алтыншы мойын омыртқасына дейін ұшы айырылып орналасқан.
-соңғы мойын омыртқасы адам басын төмен түсіргенде көзге де қолға да айқын байқалатын болғандықтан айқындаушы омыртқа- vertebrae prominens деп атайды.Зақымдалған мойын омыртқасын анықтауда практикада мәні зор.
-үстіңгі бетінде тереңдеу орналасқан жұлын нервінің жүлгесі-sulcus nervi spinalis бар көлденең өсінділері –prosessus transversi қысқа болып келген және олардың ұштары миға қан тамырлар мен өрімдер өту үшін мойын омыртқаларының көлденең өсіндісінің тесігін – foramen prosessus transversus құрайды.
Алғашқы екі мойын омыртқасының құрылысы:
Бассүйекпен тікелей байланысқан мойын омыртқасы атлант немесе ауыз омыртқа-atlas seu atlant деп аталады.Пішіні өзгеше болып келген алдыңғы ,артқы доғасынан және түсетін салмаққа байланысты өзгерген жұп бүйір бөліктерінен тұрады.
-Алдыңғы доғасының-arcus anterior сыртқы бетінде алдыңғы доғаның төмпешігі-tuberculum anterior ,ал ішкі бетінде екінші омыртқаның тіс тәрізді өсіндісімен беттесетін буындық шұңқыры-fovea dentis орналасқан.
-Артқы доғасында-arcus posterior артқы төмпешігі-tuberculum posterior болады.
-Бүйір бөліктерінде-massa lateralis орналасқан ауыз омыртқаның жоғары буындық беті-fasies articularis буын құрауға қатысады.
Біліктік омыртқаның-axis,яғни екінші мойын омыртқасының құрылысы негізгі омыртқаларға сәл болса да ұқсас келген.Оның көзге айқын байқалатын құрылыс ерекшелігі бірінші омыртқаның тістік шұңқырына кіріп тұратын,бастың оңға және солға бұрылуына жәрдемдесетін тіс тәрізді өсіндісі-dens орналасқан.
-Жоғарғы буындық өсіндісіне-prosessus articularis superior қарағанда төменгі буындық өсіндісі жақсы дамыған.
-Ұшы айырылған арқа өсіндісі-prosessus spinosus ұзындау болып келген.
3.Кеуде омыртқалары:құрылысы,айырмашылық ерекшеліктері.
Саны жағынан көбірек болатын ол кеуде омыртқалары-vertebrae thoracicae.Мойын омыртқаларынан үлкендеу және бел омыртқаларынан кішілеу болып келетін,бел омыртқаларына қарай көлемдері үлкейетін 12 омыртқадан тұрады.Кеуде омыртқаларын басқа омыртқалардан ерекшелетін белгісі денесінің бүйір бетінің жоғарғы және төменгі жағында орналасқан қабырғалық шұңқыршалары-fovia costalis.1,11,12-ші кеуде омыртқаларында толық шұңқыршалар орналасқан.Олардың қызметі өздеріне сәйкес жұп қабырғалардың басымен беттесіп буын құрау.Ал қалған Т2-Т9 кеуде омыртқаларында екі шұңқырша- жартылай төменгі және жоғарғы шұңқыршалар-fovea costalis superios et inferior болады,ал бірінші кеуде омыртқасының төменгі жиегі мен оныншы кеуде омыртқасының жоғарғы жиегінде жартылай шұңқыршалар болады.Олар кезекті жартылай шұңқыршалармен бірігіп толық шұңқыршалар құрайды.
Пішіні дөңгелектеу болып келген және мойын омыртқаларына қарағанда көлемі үлкенірек омыртқалық тесігі болады.
Кеуде омыртқаларының көлемі бел омыртқаларына қарағанда кішілеу болғанымен олардың көлденең өсінділері-prosessus transversus басқа омыртқалардың көлденең өсінділеріне қарағанда ұзынырақ келеді және бүйір қапталда артқа қарай бағытталып орналасқан.Олардың ұштарында қабырғалардың төмпешігімен буын бетімен беттесіп, art.costatransversuria буынын құрайтын көлденең өсінділердің қабырғалық шұңқыршалары-fovea costalis transversus болады.
Көлденең өсінділердің қабырғалық шұңқыршалары барлық кеуде омыртқаларына тән емес,атап айтсақ 11,12-ші қабырғалардың төмпешігінің нашар дамуына байланысты оған сәйкес омыртқалардың қабырғалық шұңқыршалары болмайды және оларда емізік тәрізді өсінділер –processus mastoideus байқалады.
Ұзындау және төмен қарай бағыт алып,бір-бірін черепица тәрізді жауып орналасқан арқа немесе қылқанды өсінділері-prosessus spinosus және 12-ші кеуде омыртқаның төменгі буын өсіндісінен басқалары фронтальді жазықтыңтың бойында орналасқан буын өсінділерінен-prosessus articularis тұрады.

4.Бел омыртқалары.Құрылысы айырмашылық ерекшеліктері:


Бес омыртқадан тұратын бел бөлімінің омыртқалары-vertebrae lumbalis өздеріне түсетін салмаққа байланысты көлемдері ауқымдырақ келеді сонымен қатар жуан және қалың.Қомақталау келген омыртқа денесінің-corpus vertebrae жиектері шығыңқылау келген.
Сагитал жазықтықтың бойында табақша түрінде орналасқан арқа өсінділері-processus spinosus қысқа және жалпақтау.
Эллипс пішіндң жоғарғы буын өсінділерінің қысыңқы буын беттері ішке қарай қарап орналасса, ал төменгі буын өсінділерінің шығыңқы буын беттері сыртқа қарай қарап орналсқан буын өсінділері-prosessus articularis сагитал жазықтықтың бойында орналасқан.Бел омыртқалары кеуде омыртқаларына ұқсас келеді.Бел омыртқаларын басқа омыртқалардан айқындап тұратын үш өсіндісі болады.Олар:
Бұлшықеттердің беку себебінен пайда болған жоғары буын өсінділерінің ұшында қосымша емізік тәрізді өсінділер-processus mamilaris.Қосарланған көлденең өсінділері:қабырғаның рудименті болғандықтан алдыңғы бөлігі -қабырғалық өсінді-processus costalis және осы өсіндінің артында әлсіз байқалатын,яғни көлденең өсіндінің қалдығы болып саналатын қосымша өсінді-processus accesorius.

5.Сегізкөз сүйегінің анатомиясы.


Бес сегізкөз омыртқасы-vertebrae sacralis адам 17-18 жасқа келгенде олардың арасындағы шеміршек ткандары сүйектік ткандарға айналып дара сегізкөз сүйегін-os sacrum өмірге әкеледі. Сегізкөз бел және құйымшақ омыртқаларының аралығында орналасып,омыртқа бағанасын түзуге қатысады.Оның бесінші бел омыртқасына жалғасатын жоғары қараған негізі-basis ossis sacri,төмен бағытталған сүйірленген ұшы-apex ossis sacri және екі бүйір бөліктері-partes lateralis ажыратылады. Сонымен қатар оның жамбас қуысына қараған тегіс, ойыстау беті-facies pelvina және дөңестеу,бұдырлау болып келген сыртқы беті-facies dorsalis деп аталады.Сегізкөз сүйегінің алдыңғы бетінде көлденең сызықшалар-lineae transversae айқын байқалады. Бұл сызықшалар омыртқа денелері бір-бірімен омыртқа дискілерімен байланысқан жерлерін көрсетеді.Осы сызықшалардың латералді жағында омырқа аралық тесіктердің бірігуі нәтижесінде пайда болған нервтер мен қантамырлар өтетін 4жұп алдыңғы сегізкөздік тесіктер-foramina sacralia anterior орналасқан.
Сегізкөздің дорсалді бетінде омыртқалардың артқы қылқанды өсінділерінің бірігіп тұтасыуынан пайда болған тақ ортаңғы қырқасы- crista sacralis mediana, оның екі бүйір бетінде параллел бағытта орналасқан аралық буын өсінділерінің бірігуі нәтижесінде пайда болған жұп қырқа-crista sacralis intermedia болады.Сонымен қатар сегізкөздің сыртқы бетінде алдыңғы тесіктеріне қарағанда кішілеу келген дорсалдық тесігі-foramina sacralia dorsalia орналасқан.Осы тесіктер бір-бірімен қосылып сегізкөз өзекшесіне –canalis sacralis ұласады.Артқа қарай иіліп орналасқан өзекшенің жоғарғы жағы жуандау,ал төменгі жағы жіңішкелеу келген.
5-ші бел омыртқасымен буындасатын болғандықтан көлденең бағытта ойыстау болып келген сегізкөз сүйегінің негізінің - basis ossis sacri артында жоғарғы буын өсіндісі орналасқан.Бел және сегізкөз омыртқалары қосылып алға қарай бағытталған сегізкөз сүйегінің мүйісін –promontorium құрайды.Сегізкөз сүйегінің артқы төменгі бөлігінде сегізкөз өсекшесінің соңғы бөлігін құрайтын hiatus sacralis орын тепкен.Оның себебі соңғы сегізкөз омыртқаларының нашар дамуына байланысты.Сегізкөздің сүйірлеу және сопақша болып келген ұшы- apex ossis sacri бірінші құйымшақ омыртқасымен беттесіп буын құрайды.
Сегізкөздің құлақ қалқанына ұқсаған бүйір бөліктерінде- partes lateralis мықын сүйегімен беттесетін буын беттері facies auricularis орналасқан.Сегізкөз сүйегі ер адамдармен әйел адамдарда
өзгешелеу келеді.Ер адамдарда енсіз, ұзындау болады.

6.Қабырғалар,құрылысы.


Адам тұлғасында 12 жұп қабырға бар.Әр қабырға жалпақтау ұзынырақ келген сүйектік бөліктен және қысқалау шемішектен тұрады.Оларды бір-бірінен бөліп тұрған ешқандай шекара жоқ,яғни олар жалғасып кеткен. Қабырғаның сүйектік бөлігінің омыртқамен байланысқан жері қабырға басы-caput costa деп аталады. Мұнда кеуде омыртқасының шұңқыршаларымен беттесіп буын құрайтын буын беттері-facies articularis capitis costae болады.Осы буын беттерін үлкен және кіші бөліктерге бөліп тұратын қабырға басының қырқалары –crista capitis costa байқалады.Бұл қырқа ІІ--Х қабырғалардан өзгелерінде бұл қырқа болмайды.Оның себебі кеуде омыртқаларында орналасқан толық шұңқыршаларға байланысты.Басы мен денесінің аралығындағы жіңішкелеу келген бөлігін қабырға мойыны-colium costa деп аталады.Қабырғаның мойыны мен денесінің қосылған жерінде қабырға төмпешігі-tuberculum costae орналасқан.Оның қызметі кеуде омыртқаларының көлденең өсіндісіндегі шұңқыршалармен беттесіп буын құрау.Қабырғаның сүйектік бөлігін көп аумағын алатын денесі-corpus costae болып табылады.Ол қабырғаның төмпешігі мен шеміршектің ұшының аралыңында орналасқан.Сагитал жазықтықтың бойында орналасқан қабырға денесінің дөңес келген сыртқы беті,кеуде қуысына қараған ойыс беті,жоғарғы қыры және төменгі өткір қыры ажыратылады.Қабырғаның төменгі бетінде қабырғаастылық жүлгелері-sulcus subcostalis орналасқан.
Сүйекті бөліктіктің алдыңғы жағы шеміршектік ұшына-cartilago costalis жалғасқан.Ол төс сүйегіне тікелей байланысқан.1-7 қабырғалар нағыз қабырғалар-costae verae,8-10 қабырғалар жалған қабырғалар-costae spuriae,11-12 қабырғалар қозғалмалы қабырғалар –costaе fluctuantes деп аталады.Ұштары төс сүйегіне жетпей құрсақ бұлшықеттерінің арасында бос жататын болғандықтан қозғалмалы қабырғалар деп аталған.7,8,9,10 қабырғалардың ұштары өзара жалғасып,қабырғаның доғасын –arcus sterni costae құрайды.Өзге қабырғаларға қарағанда 1,2,11,12- қабырғалардың құрылыстарында ерекшеліктер байқалады.
Алғашқы қабырға –costae prima жалпақ және қысқа болып келген.Жоғарғы беті бұдырлау,төменгі беті тегістеу келген.Сонымен қатар бірінші қабырғаның басы,төмпешігі,мойыны жақсы дамыған. Қабырға басының буын беті толық.қырқалары жоқ. Екінші қабырға –costae secunda бұдырлау келген сыртқы беті мен ойыстау келген ішкі беттері арқылы ажыратылады.Денесінің сыртқы бетінде алдыңғы тісшеленген бұлшықеттің –m.serratus anterior бұдыры айқын байқалады.
11-12 қабырғалардың ерекшелігі буын басы толық,қырқасы жоқ.Мойыны мен төмпешігі нашар жетілген.Сыртқы пішіні қылышты еске түсіреді.
7.Төс,жауырын,бұғана құрылысы.
Төс сүйегі-sternum кеуде торының алдыңғы қабырғасын құрауға қатысатын сыртқы пішіні қанжарға ұқсаған дара сүйек.Өзара бір-бірімен шеміршектік ткандар арқылы байланысқан үш бөліктен тұрады.
Төс тұтқасы-manibrium төс сүйегінің көп бөлігін алып жатады.Жоғарғы жағы қалыңдау,төменгі жағы жіңішкелеу болып келген.Жоғарғы жиегінде мойындырық тілігі-incisura jugularis,бүйір бөліктерінде бұғаналық тілігі- incisura clavicularis және қабырғалық тілігі-incisura costalis орналасқан.Тұтқасына қарағанда ұзынырақ болып келген төс сүйегінің денесі-sterni енсіздеу келген.Төс сүйегінің денесі мен тұтқасы байланысқан жерінде төс сүйегінің бұрышы-angulus sterni орналасқан.Төс сүйегінің денесінің бүйір қапталында қабарғалардың шеміршектік ұшы келіп бекитін төрт жұп толық,екі жұп жартылай қабырғалық тіліктер орналасқан.Пішіні қысқа және өзгермелі болып келетін үшінші бөлігі төс сүйегінің семсерлік ұшы –processus xiphoideus деп аталады.
Жауырын сүйегі-os scapula үшбұрыш тәрізді жұп жалпақ жұқалау келген сүйек.Оның үш қыры, үш бұрышы және екі жақ беті ажыратылады.
Жоғарғы қыры –margo superior жіңішкелеу келген.Оның бойында жауырынның жоғарғы тілігі- incisura scapulae superior орналасқан.Одан бойлай келіп жауырынның құстұмсық өсіндісіне-processus corocoudeus ұласады.Омыртқа бағанасына параллел бағытта орналасқан медиалді қыры- margo medialis ұзынырақ келген және оны адамның арқасынан айқын көруге болады.Қолтық қуысына қарай орналасқан латералді қыры-margo lateralis қалыңдау болып келген. Жоғарғы қыры мен медиалді қырының қосылған жерінде жауырынның жоғарғы бұрышы-angulus superior орналасқан.Медиалді қырымен латералді қырының байланыстырып тұратын төменгі бұрышы-angulus inferior доғалдау болып омыртқа бағанасына қарап орналасқан.Медиалды қыры мен латералды қырының қосылған жерінде жауырын мойыны-collum scapulae арқылы шектелген басқа бұрыштардан үлкенірек болып келен латералді бұрышы-angulus lateralis орналасқан.Оның басында тоқпан жіліктің басымен беттесіп буын құрайтын буындық ойысы-cavitas glenoidalis болады. Оның жоғарғы жағында буын ойыстық төмпешігі- tuberculum supraglenoidalis орналақан.Жауырынның ішкі қабырғалық беті-facies costalis және артқы немесе дорсалды беті-facies dorsalis ажыратылады.Қабырғалық бетінде жауырын астылық ойыс-fossa subcostalis пен бұлшықеттің сызықшалары-linea muscularis байқалады.Артқы беті дөңестеу келген. Онда латералды бағытта орналасқан жауырын қылқаны-spina scapulae кездеседі және оның басы бұғанамен беттесіп буын құрайтын акриомиалді өсіндігіге-acriomion ұласады.Жауырын қылқаны жауырынның артқы бетін шағын келген жоғарғы қылқанүстілік ойысқа-fossa supraspinata және көлемділеу келген қылқанүстілік төменгі ойысқа-fossa infraspinata бөліп тұрады.
Бұғана сүйегі латынша атауы os clavicula сыртқы пішіні латынның s әрпіне ұқсас келген.Бұғана сүйегінің жоғарғы беті тегістеу,төменгі беті бұдырлау келген денесі-corpus claviculae және екі ұшы ажыратылады.Бұғананың төстік ұшы –extremitas sternalis қомақтылау келген.Оның қызметі төс сүйегімен беттісіп төс бұғана буынын құрау.Ал бұғананың акромиальді ұшы- extremitas acromialis төстік ұшына қарағанда тегістеу және жалпақтау келген.Акромиальді ұшында жауырынның акромиальді өсіндісімен беттесетін буын беті-facies articularis acromialis және төменде конус тәрізді байламның төмпешігі- tuberculum conoideum орналасқан.
8.Тоқпан жілік:құрылысы.
Тоқпан жілік яғни латынша атауы humerus –ең ұзын қол сүйегі және де түтік тәрізді болып келген.Қолдың еркін орналасқан сүйектер қатарына жатады.Бұл сүйек проксимальды,дистальды,денесінен немесе эпифизінен тұрады.Ал енді құрылысына келер болсақ яғни бірінші ол денесі латынша атауы corpus humeri ол жоғарғы және төменгі бөліктен тұрады.жоғарғысы жұмыр ал төменгісі үш қырлы,төменгі бөлігінде медиальды,латеральды қырлары бар.Проксимальды эпифизінде:медиальды бағытталған шарға ұқсас басы бар яғни coput humeri,бас жиегінде анатомиялық мойыны –collum anatomicum және денесінің өтер жерінде хирургиялық мойыны-collum chirurgicum орналасқан.Алдыңғы беті үлкен және кіші төмпешіктерден тұрады яғни tuberculum majus et minus,сонымен қатар төмпешік аралық жүлгесі –sulcus intertubercularis болады және денесінде дельта секілді бұдыры –tuberositas deltoidea бар.
Дистальді эпифизінде:жілік айдаршығы condylus humeri,айдаршықтың бүйір беттерінде латеральді және медиадьды үстіңгі айдаршықтар яғни epicondylus medials et lateralis,орналасатын айдарша басы яғни capitulum humeri,және шығыр секілді буын беті trochlea humeri-ден тұрады.
9.Білек сүйектері:құрылысы
Білек сүйектері яғни латынша атауы ossa antebrachia – сыртынан қарасаң түтік сияқты.Шынтақ және кәрі жілік жатады.
Шынтақ жілік яғни os ulna – шынтақтап жату сөзіне байланысты аталған.Шынтақ жілік денесінен,проксимальды және дистальды ұшатарынан тұрады.Денесінде үш қыры және үш беті ажыратылады.Олар:алдыңғы,артқы ,сүйек аралық қырларымен алдыңғы,медиалді,фртқы беттері.Проксимальды эпифизінде-epiphysis proximalis: Алдыңғы тәждік өсінді яғни processus coroneideus және де артқы шынтақ өсіндісі olecronon орналасқан. және осы өсінділердің арасында шығыр секілді буын ойығы incisura trochliars болады.Дистальді эпифизі-epiphysis distalis :жұмырланып келіп шынтақ сүйегінің басын яғни coput ulna түзеді.Жілік басының медиальды жиегінен төмен қарай біз секілді өсінді яғни processus stylоideus шығады.
Кәрі жілік яғни латынша атауы os radialis – шынтақ сүйектің латералді қапталында орналасқан.Бұл сүйекте басқа сүйектер секілді проксималды және дистальді болып ажыратылған.Проксимальды эпифизінде- epiphysis proximalis сақина секілді басы яғни caput radi,мойыны collum radi болады.Сонымен қатар кәрі жілік бұдыры-tuberositas radii орналасқан.Дисталды эпифизінд epiphysis distalis е- білезіік сүйектерімен байланысып тұратын буын беті яғни facies articularis corpalis және де біз тәрізді өсінді-processus styloideus ,шынтақ сүйегімен байланысатын ойығы яғни insicura ulnaris болады.
10.Қол басы сүйектері:білезік,алақан,саусақ сүйектері.
Қол басы сүйектері яғни латынша атауы ossa manus – білезік,алақан және саусақ сүйектерінен тұрады.
Білезік сүйектеріне келер болсақ ossa carpi - ол пішіндері әр түрлі 8 майда сүйектерден тұрады және де осы 8 майда сүйектер екі қатар орналасқан және қысқа кемекті сүйектен тұрады.Білезік сүйектерді бір-бірімен байланыстырып тұратын буындық беттері бар.Бұларда проксимальды және дистальды қатар бойымен орналасады.Проксимальды қатарда:қайықша- scaphoideum,жарты ай,бұршақ-pisiforme секілді сүйектер орналасасса,ал дистальды қатарында: трапеция-trapezium,трапеция секілді-trapezoideum,ілмекті-hamati және басты-capitatum және бұршақ-pisiforme сияқты сүйектер орналасқан.
Алақан сүйектері яғни латынша ossa metacarpalia – қысқы сүйектер сонымен қатар ұзындығы бас бармақ жағынан шынашаққа қарай қысқара келе орналасқан сүйектерден құралған.Осы алақан сүйегінің барлығының негізі(basis) денесі(corpus) және де басқа сүйектермен байланыстырып тұратын басы(caput) болады.
Ал келесі Саусақ сүйектері яғни ossa digitorum phalangis – басбармақ проксимальды,дисталды қатарынан тұрады.Ал 2-4 саусақтардың бунақтары үш қатарлы – проксимальды,аралық және де дисталды бунақтарынан тұрады.Әр бунақтың негізгі денесі(basis) және басы (caput)болады.

11.Жамбас сүйектері.Жамбас тұтас.Жыныстық және жас шамалық ерекшеліктері.Әйел жамбасының өлшемдері.


Жамбас сүйек үш сүйектің қосылуы нәтижесінде пайда болған жарпақ сүйек.Латынша атауы os coxae.Адам 16-17 жасқа келгенде жамбас сүйегін құраушы сүйектер арасындағы шеміршектік ткандар сүйектік ткандарға айналып өз алдына дербес жамбас сүйегін құрайды.
Жамбас сүйегін құраушы сүйектер:
Мықын сүйегі- os ilium жамбас сүйектерінің ішіндегі қомақтылау келген.Оның денесі жамбас ойғының жағарғы қабырғасын құрауға қатысады.Мықын сүйегінің желпуіш тәрізді қанаты-ala ossis iliaca,қанатының жоғарғы жиегінде қырқасы-crista iliaca болады.Қырқа ішкі ернімен labium enterna – және сыртқы ернімен-labium externa толықтырылған.Қырқаның алдыңғы жағында айқын байқалатын бірнеше қылқаны болады.Олар:алдыңғы-жоғарғы қылқаны-spina iliaca anterior superior,алдыңғы-төменгі қылқаны –spina iliaca anterior inferior және артқы жағында артқы жоғарғы қылқаны-spina iliaca posterior superior ,артқы –төменгі қылқаны –spina iliaca posterior inferior орналасқан.Мықын сүйегінің екі беті: сырты бөкселік беті-facies glutea.және ішкі беті ажыратылады.
Шонданай сүйегі-латынша os ischii денесі мен бұрыш құрап орналасқан тармақтарынан тұрады. Шонданай сүйектің денесі-corpus ischii қылқаны-spina ischiadica мен қылқанның жоғарғы жағында орналасқан үлкен тілігі-incisura ischiadica major мен кіші тілігінен- incisura ischiadica minor тұрады.Шонданай сүйектің бұтағы шат сүйегінің бұтағымен қосылып жапқыш тесікті-foramen obturatum құрайды.
Шат сүйегі яғни –os pubis құрылысы денесі-corpus ossis pubis мен жоғарғы және төменгі тармақтарынан тұрады.Осы сүйектер біріггіп жамбас сүйегінің ұршық ойығын-fossa acetabuli түзеді. Ойықтың жоғарғы қабырғасы мықын сүйегінен,алдыңғы қабырғасы шат сүйегінен,төменгі қабырғасы шонданай сүйегінен түзіледі.Ойықтың ішінде жарты ай тәрізді буын беті-fossa lunata және ұршық ойығының тілігі-incisura acetabuli болады.Ұршық ойығын буын ерні-limbus acetabuli толықтырып тұрады.
Жамбас,сегізкөз сүйегі,құйымшақ омыртқалары қосылып жамбас астауын-cavitas pelvis құрайды.Ол үлкен жамбас астауына –cavitas pelvis majorжән е кіші жамбас астауына-cavitas pelvis minor бөлінеді.Олар бір-бірінен шекаралық сызық-linea terminalis арқылы шектелген.Жамбас қуысының пішіні оның ішкі қапталында орналасқан асқорыту жіне жыныс мүшелеріне байланысты.Әйел босандыруда жамбас қуысының көлемін , ұзындығын білу маңызды болып саналады.Жамбастың сыртқы көрінісі әйелдерде жазық және қысқалау, ал ерлерде биік болып келеді.Сегізкөз сүйегі әйедерде қысқа және жазық болып келсе, ерлерде ұзын және енсіз болады. Әйелдерде жамбас қуысының пішіні цилиндр тәрізді, еркектерде ойын картасына сызылған жүрек тәрізді орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет