1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Әйел жамбасының өлшемдері



бет2/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110
Байланысты:
Анатомия сессия шпор (2)

Әйел жамбасының өлшемдері
Қылқан аралық қашықтық-23-25см
Қырқа аралық қашықтық 25-27см
Ортан жіліктің ұршық аралық қашықтығы 28-29см

12.Еркін аяқ сүйектері:ортан жілік құрылысы


Ортан жілік-os femur адам организміндегі ең ұзын сүйек болып табылады. Ол да басқа түтікті сүйектер тәрізді денесінен,проксимальді және дистальді ұшынан тұрады.Цилиндр тәрізді ораласқан ортан жіліктің денесінің-corpus femoris –артқы бетінде сан бұлшықеттері бекитін бұдырлы сызығы-linea asperaорналасқан.Ортан жіліктің проксимальді эпифизінде-epiphysis proximalis жамбас ұршығына кіріп тұратын басы -caput femoris және басын денесінен бөліп тұратын мойыны –collum ossis femoris орналасқан.Ортан жіліктің басында шұңқыршасы-fovea capitis ossis femoris болды.Ол байламдар бекитін жер болып саналады.Ортан жіліктің мойыны әйелдермен ерлерде орналасуында айырмашылық бар.Әйелдерде денесімен тік бұрыш жасай орналасса, ерлерде доғал бұрыш жасап орналасқан.Сонымен қатар ортан жіліктің проксимальді ұшында үлкен ұршығы- trochanter major және кіші ұршығы –trochanter minor орналасқан.Олардың ортасында ұршық аралық сызықша- linea intertrochanter болады.Ортан жіліктің дистальді ұшында –epiphysis distalis қос айдаршығы орын тепкен.Олар үлкенірек болып келген медиалді айдаршық –condylus medialis және латералді айдаршықтары-condylus lateralis.Айдаршықтардың үстінде бұлшықеттер бекитін латеральдіайдаршықүстілік- epicondylus lateralis және медиалді айдаршықүстілік - epicondylus medialis орналасқан.Алдыңғы бетінде екі айдарықтың ортасында айдаршықаралық шұңқырша-fossa intercondylaris, ал артқы жағында тақым бетімен –facies poplitea және айдаршықаралық сызықша-linea intercondylaris болады.Айдаршықтардың алдыңғы беті тізе тобығының буын бетіне ұласады.
13.Сирақ сүйектері: асықты жілік, кіші жіліншік сүйектері.
Сирақ сүйектері (ossis cruris) топографиялық орналасуына байланысты 2 топқа бөлінеді:
1.Асықты жілік (os tibia)
2. Кіші жіліншік (os fibulae)
1.Асықты жілік (os tibia) -ұзын түтік тәрізді,оның қырлы келген жерін -денесі,ал екі шетін ұшы дейді. Асықты жіліктің денесін, проксимальді және дистальді бөлігі ажыратады.
Асықты жілік денесі 3 қырлы болып келеді,сондықтан асықты жіліктің 3 қыры ажыратылады.Олар:1.Алдыңғы қыры(margo anterior) сүйірленіп келген.
2.Медиалды қыры(margo medialis ) сәл дөңестеу болып келген.
3.Сүйек аралық қыры(medialis et interosseus).
Және 3 беті: 1.медиалды(facies medialis)
2.артқы(facies posterior)
3.латералды(facies lateralis) ажыратылады.
Проксимальды эпифизінде (epyphysis proximalis): ортан жілікпен қосатын медиалды (condulus medialis) және латералды айдаршықтары (condulus lateralis) орналасқан.Және жоғарғы буындық беті (facies articularis superior) бар. Жоғарғы буындық беті медиалды және латералды айдаршықаралық төмпешіктер(tuberculum intercondularis lateralis et medialis) мен(area intercondularis anterior et posterior )және айдаршықаралық төмпешік(eminenta intercondularis ) бөліп жатады.Жіліктің алдыңғы бетінде төмен қарай өткір қыры созылып жатады,ал артқы бетінде кіші жіліншік сүйек басымен буындасатын кіші жіліншік буындық беті(facies articularis fibularis)орналасқан.Төменгі бөлігі төртбұрышты болып келеді,ол аяқ басымен байланысып жатады.Асықты жіліктің сырт жағында шыбық сүйектің байланысатын буын ойындысы болады.Асықты жілік денесінің (corpus tibiae)алдыңғы бетінде санның төрт басты бұлшықетінің сіңірі бекитін асықты жілік төмпесі (tuberositas tibiae)орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет