1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі



бет110/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110
Байланысты:
Анатомия сессия шпор (2)

Сыртқы мұрын(nasus externus)-тыныс алу жүйесінің бастапқы бөлімі
Құрылысы:-түбі(radix nasi)
-арқасы(dorsum nasi)
-ұшы(apex nasi)
-қанаты(alae nasi)
Бөлімдері: -Сүйекті бөлімі(nasus osseus)
-Шеміршекті бөлімі(nasus cartilaginis)


Мұрын қуысы(cavitas nasi)
Қабырғалары: -жоғарғы(paries superior)
-төменгі(paries inferior)
-бүйір(paries lateralis)
-қалқасы(septum nasi)
Бөлімдері:-кіреберіс(vestibulum nasi)
-меншікті қуысы(cavitas nasi propria)
-табалдырығы(limen nasi)
Аймақтары: -иіс сезу(region olfactoria)
-респиратролық(region respiratoria)


Мұрын маңы қойнаулары(sinus paranasales):
Торлы сүйектің қойнаулары.
Торлы қойнаулар (торлы лабиринт) торлы сүйектің ауа жүретін (тасығыш) жасушалры маңдай және сына тәрізді қойнаулардың аралығында орналасқан.
Маңдай қойнауы.
Маңдай қойнауы (sinus frontalis) маңдай сүйектің қабыршағында болады.
Қойнаудың төрт қабырғасы: алдыңғы (беттік) – ең қалыңы;
артқы (милық) қабырға – мидың маңдай бөлігімен шектеседі;
төменгі (көздік) қабырға – ең жұқа қабырға
Сына тәрізді қойнау
Сына тәрізді немесе негізгі қойнау(sinus sphenoidalis)
Сына тәрізді қойнау сына сүйектің денесінде орналасқан

154. Көмей: шеміршектері, қосылыстары, жалғамалары, көмейдің буындары. Көмей қуысы. Көмейге кіреберіс, бөлімдері.


Көмей шеміршектері: -Қалқанша тәрізді шеміршек – cartilago thyreoidea: оң және солжақ табақшалардан тұрады.
-Жүзік тәрізді шеміршек – cartilago cricoidea
-Көмей қақпақшағы немесе көмейүстілік шеміршек – cartilago epiglottica
Жалғамалар:- Кіреберіс жалғамасы – lig. Vestibulare дауыс жалғамасынан жоғары параллель жатқан жұп жалғама.
-Қалқанша тіласты жарғақ – membrane thyrohyoidea қалқанша тәрізді шеміршекті тіласты сүйегіне бекітеді.
-Тіласты көмей қақпашықтық жалғама lig. Hyoepiglotticum
-Қалқанша көмей қақпашықтық жалғама - Lig. Thyreoepigllotticum
-Жүзік қалқанша тәрізді жалғама - Lig. Cricothyreoideum
Көмей (larynx) ауа өткізетін және дыбыстың түзілуінe қатысады
Орналасуы: -мойынның алдыңғы аймағында (regio colli anterior) орналасады. Regio colli anterior немесе мойынның алдыңғы төртбұрышы – мойынның екі оң және солжақ ішкі үшбұрыштарымен түзілген
- бұл үшбұрыштар жоғарғы жағында төменгі жақсүйектің жиегімен, бүйір жағында төс-бұғана-емізік бұлшықетпен және медиалдық жағы мойынның ортаңғы сызығымен шектеледі.
Проекциясы:
-көмей ІV- VІ мойын омыртқалар деңгейінде орналасады
-дыбыс саңылауы V-ші мойын омыртқа тұсында жатады
-жүзік тәрізді шеміршек VІ мойын омыртқа тұсында проекцияланушы
-жас балаларда көмей жоғары орналасады, жоғарғы жиегі ІІІ мойын омыртқа деңгейінде болады, ал қартайғанда төменгі шекарасы VІІ мойын омыртқасына дейін төмендейді ол.

Көмейдің кіреберісі – vestibulum laryngis, жоғары жақтан көмейдің кірер жерінен саңылауына дейінгі аралық


155. Көмей бұлшықеттері (musculi laryngis)
Көмей(larynx)- тынысалу жүйесіндегі құрылыс, атқаратын қызметі жағынан күрделі мүше.
Құрылысына келсек, көмей-шеміршектерден,байламдардан және бұлшықеттерден тұрады,
Көмей бұлшықеттері қызметне қарай: 3 топқа жіктеледі.
1. Дыбыс саңылауын кеңейтетін
2. Дыбыс саңылауын тарылтатын
3. Дауыс байламын керетін
І дауыс саңылауын кеңейтетін бұлшықеттер.
1.Артқы жүзікожау тәрізді бұлшықеттер m. Cricoarytenoideus posterior.
Ол жүзіктәрізді шеміршек табақшасының артқы бетінен басталып, латеральді және жоғары өтіп, ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне processus muscularis бекиді. Кызметі: жиырылған кезде ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісі processus muscularis артқа және медиальді бұрылып, дауыс өсіндісі, processus vocalis латеральді бұрылып , дауыс саңылауын кеңейтеді.
2 Қалқанша көмей қақпашығы бұлшықеті m.thyroepiglotticus
Бұл бұлшықет қалқанша көмей қақпашығы байламының, Lig.thyroepiglotticus, бүйір қапталында орналасқан. Қызметі: көмейдің кіретін тесігін кеңейтіп ашу.
ІІ Дауыс саңылауын тарылтатын бұлшықеттер.
1. Латеральді жүзікожау тәрізді бұлшықеті m. cricoarytenoideus lateralis.
Ол жүзіктәрізді шеміршектің доғасынан басталып , жоғары және артқа қарай өтіп , ожау тәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне , processus muscularis барып бекиді. Қызметі: Бұлшықеттік өсіндіні алға және төмен тартып, дауыстық өсіндіні ішке қарай бұрып , дауыс саңылауын тарылтады.
2. Қалқаншаожау тәрізді бұлшықеті m.thyroarytenoideus,
Қалқанша шеміршектің ішкі бетінен басталып , жоғары және артқа карай бағыт алып, кіреберіс қатпарының plica vestibularis терең қабаты арқылы өтіп, ожау тәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне processus muscularis, барып бекиді.Қызметі: жиырылған кезде бұлшықеттік өсіндіні алға карай жылжытып ,дауыстық өсінділерді бір-біріне жақындату нәтижесінде, дауыс саңылауының жарғақтық бөлігі тарылтады.
3. Көлденең ожаутәрізді бұлшықеті m.arytenoideus transversus
Бұл- Тақ бұлшықет. Бұлшықет оң және сол жақ ожаутәрізді шеміршегінің артқы бетінде көлденең орналасқан. Қызметі: Дауыс саңылауының шеміршектік бөлігін тарылту.
4. Қиғаш ожаутәрізді бұлшықеті m.arytenoideus obliguus, ол көлденең ожаутәрізді бұлшықеттің, m.arytenoideus transversus, беткейінде қиғаш бағытта қиылысып орналасқан. Жұп бұлшықет. Бұл бұлшықет ожау-көмей қақпашығы қатпарының, plica aryepiglottica, терең қабаты арқылы өтіп , ожау-көмей қапашығы бұлшықетіне m.aryepiglottica жалғасады. Қызметі: дауыс саңылауын тарылтып , көмей кірісін aditus laryngis тарылтып, көмей қақпашығын төмен тартады.
ІІІ Дауыс байламын керетін бұлшықеттер
1. Жүзікқалқанша бұлшықеті m.cricothroideus жүзіктәрізді шеміршектің дoғасынан басталып, жoғары және артқа қарай өтіп, тік бөлігі, pars recta, қалқанша шеміршектің төменгі мүйізіне барып бекиді. Қызметі: Жиырылған кезде қалқанша шеміршекті алға қарай тартып, дауыс байламын, lig,vocalis керy..
2. Дауыс бұлшықеті m.vocalis немесе ішкі қалқаншаожаутәрізді бұлшықеті m. thyroarytenoideus internus . Бұл бұлшықет көмейдің дауыс қатпарының,plica vocalis ,терең қабатында орналасқан. Қызметі: дауыс байламын керу.
156. Бүйрек, ren- несеп түзуші және несепті шығарушы мүше.
Жұп мүше: оң және сол бүйрек ажыратылады.
Пішіні-бұршақтәрізді, түсі қою-қызғылт, орташа салмағы-120г
Топографиясы:
Бүйрек іш қуысының артқы қабырғасында, омыртқа бағанасының бүйір қапталы тұсында XII-кеуде омытқа мен II-бел омытқа аралығында орналасқан.

Голотопиясы:


Бүйректер бел аймағында (region lumbalis) және құрсақ қуысының ішастарартқылық кеңістігінде (region retroperitoneale) экстроперитонеалды орналасқан.
Бел аймағында- жоғарғы, төменгі, медиалді, латеральді шекаралары ажыратылады:
-жоғарғы шекарасы XII қабыртқа;
-төменгісі мықын қыры;
-медиальді шекарасы-омыртқаның қылқанды өсінділерінен боймен өткізілетін сызық;
-латеральді шекарасы- XI қабыртқадан мықын қырына дейінгі сызық, яғни ортаңғы қолтық сызыққа сәйкес орналасқан(Linea axillaris medius).
Бүйректердің құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасына проекциясы:
оң жақ бүйрек- regions epigastrica, umblicalies et abdominalis lateralis dextra
сол жақ бүйрек- regions epigastrica et abdominalis lateralis sinistra

Скелетопиясы:


-Оң бүйрек сол бүйректен төмен жатады. Себебі, оң бүйрек бауырдың оң үлесімен беттесіп орналасқан.
- Омытртқа бағанасының жолында орналасқан, дәлірек айтқанда оң бүйрек- XII-кеуде омытрқа мен III-бел омытрқа аралағында, ал сол бүйрек- XI-кеуде омытқа мен II-бел омыртқа аралығында .
-бүйректің екі шеті бар-жоғарғы және төменгі. Төменгі шеті мықын қырынан орташа - 3-5 см-дей жоғары орналасқан.
- Бүйректің алдыңғы нүктесі, яғни, бүйрек қақпаларның іштің алдыңғы қабырғасына проекциясы: IX-шы қабыртқа шеміршегінің алдыңғы ұшында.
-Бүйректің артқы нүктесі,яғни, бүйрек қақпаларның іштің артқы қабырғасына проекциясы: тұлғаны жазғыш бұлшықеттердің сыртқы жиегі мен XII-қабыртқа аралағындағы бұрыш.
Бүйректің кейбір ауруларында , бүйректің осы 2 нүктесін саусақпен басқанда қатты ауырсыну болады.
Синтопиясы:
-оң жақ және сол жақ бүйректердің екеуінінде жоғарғы шетінде бүйрекүстібездері орналасқан;
Оң бүйрек:
Алдыңғы беті-бауырмен(hepar),
Медиальді жиегі-он екі елі ішектің төмендеген бөлігімен (Pars descendens),
Төменгі бөлігінің алдыңғы латеральді бөлімі- тоқішектің оңдақ иінімен(flexura coli dextra)
Алдыңғы медиальді бөлімі-ащыішекпен жанасады.
Сол бүйрек:
Жоғарғы ұшының Алдыңғы беті:
-жоғарғы 1/3 бөлігі-Асқазанмен
-ортаңғы 2/3бөлігі ұйқыбезбен
-латеральді бөлігі көкбауырмен шектескен.
-Төменгі ұшының алдыңғы беті- жіңішке ішектің аш ішек бөлімімен(jejunum)
латеральді бөлігі- тоқ ішектің сол иінімен(flexura coli sinistra) шектескен.
Артқы беті- көкетпен шектескен.

Бүйрек қабықтары:


-фиброзды қабық
-майлы қабық
-бүйрек шандыры

Фиброзды қабық(capsula fibrosa) бүйрек паренхимасы осы қабықпен жабылған. Қабық бүйрек паренхиамасынан жеңіл сыланып алынады.


Құрылысы: дәнекер тінді талшықтардан және бірыңғайсалалы бұлшықеттерден құралған.
Майлы қабық(capsula adiposa) Фиброзды қабықтың сыртында орналасқан.
Бүйректің жан-жағын қошап орналасқан, әсіресе артқы бетінде жақсы дамыған, оны бүйрек маңындағы майлы дене( corpus adiposum pararenale) деп атайды. Майлы қабықтың маңыздылығы зор. Майлы қабығы күрт азаюынан бүйрек қозғалмалы келеді.Мұны кезбе бүйрек дейді. Мұндай жағдайда бүйрек төмен түсіп кетуі мүмкін.
Бүйрек шандыры(Fascia renalis) екі бүйреккеде ортақ, майлы қабықтың сыртқы бетін жауып орналасқан. 2 табақшадан тұрады: Бүйрекалды және бүйрекарты.
Бүйрекалды табақшасы-сол бүйректі, бүйрек тамырларын, құрсақтық қолқаны,төменгң қуыс венаны жауып, омыртқаны алдынан жауып оң бүйрекке жалғасады.
Бүйрекарты табақшасы- оң және сол жағынан омыртқа жотасының бүйір бөлігіне бекиді.

Ішастарға қатынасы:


- ішастардың артында экстроперитонеалды орналасқан.

Бүйректің фиксациялық аппараты:


Бүйректердің өз орындарында бір қалыпты деңгейде орналасуының маңызы зор. Өйткені, бүйректер майлы қабықпен қоршалып бос жатады, сондықтан, бүйректер әлсіз бекіген ағзалар қатарына жатады. Нашар бекігендіктен қозғалмалы келеді, мұндай жағдайда бүйректің төмен түсіп кетуі байқалады.
Бүйректің қалыпты бір деңгейде орналасуы мына факторларға байланысты:
-Бүйрек орнына, белдің үлкен бұлшықеті(m. psaos major) мен белдің шаршы бұлшықеті (m. quadratus lumbarum) түзілген.
-іш қуысы, көкет, шаттың бқошықеттерінің жиырылуы нәтижесінде пайда болған құрсақтық қысымға,
-бүйрек қабықтары, әсіресе бүйрек шандырына,
-ішкі мүшелермен тығыз жанасып орналасуына байланысты.
157.Бүйректің микроструктурасы.
Бүйрек паренхимасы негізгі екі қабатқа бөлінеді - сыртқы (қыртысты зат) және ішкі (милы зат).
Қыртысты зат(cortex renalis)- бүйректің беткі қабатын құрайды. Ол милы заттың аралағына өтіп, бүйрек бағанасын(columnae renalis) түзеді. Қыртысты заттың 2 бөлігі ажыратылады: 1.Жарық бөлігі-Пішіні конустәрізді, ол бүйректің милы затынан қыртысты затқа сәулеленіп орналасқан, қыртысты заттың сәулелі бөлігін(pars radiata) құрайды. 2.Қою бөлігі-бүктелген бөлік(pars convulata)
Милы зат(medulla renalis)- бір-бірінен бүйрек бағаналары арқылы шектелген. Пішіні-пирамида тәрізді,саны-10-15. Милы заттың негізі(basis pyramidis) және ұшынын бірігуінен пайда болған бүртігі(papillae renalis) ажыратылады.
Бүйректің үлесшесі (lobulus renis), үлесі (lobus renis) және сегменті (segmentum renis):
-бүйрек үлесшесі (lobulus renis) немесе қыртыстық үлесше (lobulus corticalis) – қыртысты заттың бүктелген (pars convoluta) және сәулелі бөліктерінен (pars radiata) түзіледі;
-бүйрек үлесі (lobus renis) – пирамидамен (және оған сәйкес жатқан қыртысты затпен және қыртыстық үлесшемен (lobulus corticalis) түзілген;
-бүйрек сегменті(segmentum renis)- бүйректің 2-3 үлестерінен түзіледі. Ол артериялардың тармақталу ерекшелігіне қарай орналасады:
-жоғарғы сегмент(segmentum superiorius)
-жоғарғы алдыңғы сегмент (segmentum superiorius anterius)
-төменгі алдыңғы сегмент (segmentum inferius anterius)
-төменгі сегмент (segmentum inferius)
-артқы сегмент(segmentum posterius)
Жалпы айтқанда, қыртысты заттың сәулелі бөлігі(pars radiata) мен бүктелген бөлігі (pars convulata) үлесшені, үлесше мен пирамида және қыртысты зат үлесті, 2-3 үлестер сегментті, ал сегмент бүйректі құрайды.
Бүйректің құрылымдық-фунционалдық бірлігі- Нефрон(nephron)
-Бүйрек түтішелері мен қан капиллярлар шумағы нефронның негізін түзеді.
-Нефронның қызметі: біріншілік және екіншілік несепті түзу;
-Әр бүйректе 1млн-ға жуық нефрон болады.
Нефрон құрылысы:
Әр бүйректе миллионға жуық нефрон бар, олар осы органның құрылымдық және функционалдық бірліктерін білдіреді. Әрбір нефрон бүйрек түтігіне өтетін Боуман капсуласында орналасқан қан капиллярларының гломеруласынан тұрады. Түтікше үш бөлікке бөлінеді: проксималды, дистальды және оларды байланыстыратын Генле ілмегі.
Нефронның 80% бөлігі қыртысты затта, ал 20% бөлігі милы затта орналасқан.

Бүйректің юкстагломерулярлық аппараты.


Нефронның негізгі 2 түрі ажыратылады:
- Юкстагломерулярлық нефрондар (nephroni juxtaglomerulares) немесе қыртыстық нефрондар (nephroni corticales).
- Юкстамедуллярлық нефрондар (nephroni juxtamedullares)
Юкстагломерулярлық аппарат (ЮГА) – нейрогуморалді жүйенің бөлігі саналатын жоғары мамандырылған жасушалар жиынтығы. Ол қалыпты ультрафильтрацияны ,яғни бірінші реттік несептің түзілуін қамтамасыз ететін, әкелетін және әкететін артериола арасындағы қысымның тұрақтылығын қадағалайтын құрылым.
ЮГА жасушалары қанға биологиялық белсенді зат – ренин бөледі, оның әсерінен қан плазмасында вазопрессорлық зат – ангиотензин түзіледі.
ЮГА бүйрек денешігі аймағында орналасып, үш компоненттен тұрады:
1) әкелуші артериола қабырғасындағы юкстагломерулярлық жасушалардан; 2) дисталді иректелген өзекшелер қабырғасы аймағында орналасатын тығыз дақтан (macula densа);
3)тығыз дақ- әкетуші және әкелуші артериолалар арасындағы тамырлы полюстің үшбұрышты кеңістігінде орналасатын кеуекті жасушалар тобынан құралады.

158. Бүйректің қызметтері.


Бүйректің негізігі қызметі-несепті түзу және несепті сыртқа шығару.
Несеп арқылы организмнен сыртқа шығарылатын заттар:
-су, тұздар (хлоридтер) және калий, натрий, кальций, хлор, магний, сульфаттар, фосфататтар ;
-зат алмасу өнімдерінің 80% шығарылады: белоктың зат алмасу өнімдері, организм үшін зиянды толық тотықпаған белок, май, көмірсутегі және органикалық заттар: мочевина, несеп қышқылы, креатенин, амин қышқылдары, глюкоза, белок, кетондық денелер шығарылады.
Бүйректің форникальді аппараты.
Бүйректің форникалық аппараты – бүйрек паренхимасынан кіші тостағаншаларға несептің шығарылуы және кіші тостағаншалардан несептің кері өтпеуін қамтамасыз ететін күрделі құрылым.
Тостағаншаларда несептің жиналуы және олардан несептің шығарылуы екі кезеңмен жүреді:
А) Систола, жиырылуы - 20 сек-тен 45 сек-ке дейін;
Б) Диастола, босаңсу-10-15 сек.
Бүйректің форникалық аппаратының құрамына кіретін құрылымдар:
1) күмбез (fornix) – эпителиалді жабындысымен;
2) күмбезді сыртынан қоршап жатқан бүйрек қойнауындағы шелмай және оның құрамындағы эластикалық талшықтар, тамырлар және нервтер;
3) бүйрек бүртігі (papilla renalis);
4) күмбездің веналық өрімі;
5) күмбезді көтеретін бұлшықет (m.levator fornicis) – кіші тостағаншаның қуысын кеңейтіп, оған зәрдің өтуіне және жиналуына жағдай жасайды;
6) күмбезді тарылтушы бұлшықет (m.sphincter fornicis) – тостағаншаны тарылтып және оны несептен босатады;
7) кіші тостағаншаның бойлық бұлшықеті (m.longitudinalis calicys) – кіші тостағаншаның қуысын кеңейтіп, оған несептің өтуіне және жиналуына жағдай жасайды;
8) кіші тостағаншаның спирал бұлшықеті (m.spiralis calycis) – тостағаншалардың қабырғасында циркулярлы бағытта орналасып, тостаға ншаларды тарылтып оларды несептен босатып отырады.

Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі.


Бүйректің қан тамырлар жүйесі:
1. Бүйрек артериясы (a.renalis) – бүйрек қақпасы арқылы кіріп, алдыңғы және артқы тармақтарға бөлінеді. Алдыңғы және артқы тармақтар бүйрек түбегінің алдынан және артынан жүріп өтіп сегменттік артерияларға бөлінеді.
2. Сегменттік артериялар (aa.segmentales) – түбекалды және түбекарты артериялардың тармақтары, аттас сегменттерді түзеді. Ары қарай сегменттік артериялар үлесаралық артерияларға өтеді.
3. Үлес аралық артериялар (aa.interlobares)-Бүйрек пирамидаларның аралығында жүреді ,бүйректің қыртысты және милы заты шекарасында доғалық артерияларды түзеді.
4. Доғалық артериялар (aa.arcuatae) -бұл артериядан бүйректің қыртысты затына көптеген үлесше аралық артериялар тармақталады.
5. Үлесше аралық артериялар (aa.interlobulares)-бұл артериядан шумақтың әкелуші артериоласы басталады.
6. Шумақтың әкелуші артериоласы немесе әкелуші тамыр (arteriola glomerularis afferens) - үлесше аралық артериядан басталып, капиллярға жалғасады.
7. Бірінші реттегі қан капилляр шумағы немесе бүйрек денешігінің капилляр шумағы (glomerulus corpusculi renalis) – әкелуші артериоланың жалғасы және Шумлянский-Боумен капсуласында орналасқан:
8. Шумақтың әкетуші артериоласы немесе әкетуші тамыр (arteriola glomerularis efferens) – бүйрек денешігінің капилляр шумағының жалғасы :
9. Екінші реттегі қан капиллярлары – әкетуші артериоланың жалғасы, яғни артериола екінші рет капиллярларға тармақталады.
Әкелуші шумақ артериоласының капиллярға тармақталуы және капиллярдан қайтадан әкетуші шумақ артериоласының қалыптасуы таңғажайып тор(rete mirabile)деген атау алады.
159. Бүйрек-микроскопиялық құрылысы бойынша күрделі түтікті, қызметі бойынша несепті түзетін және несепті шығарушы экскреторлы мүше.
Несептің түзілуі – бүйрек түтікшелерінің және қан капиллярлар шумағының арасындағы абсорбция,фильтрация,реабсорбция процестері арқылы жүреді.
Несептің түзілуі екі кезеңнен тұрады: біріншілікнесептің түзілуі және екіншілік несептің түзілуі. Біріншілік несептің түзілуі бүйрек түтікшелерінің бастапқы бөлігі –шумақ капсуласы немесе Шумлянский-Боумен капсуласында жүреді. Қанның құрамындағы заттар қан капиллярларынан шумақ капсуласының қуысына абсорбция және фильтрациялық жолдармен өтіп – біріншілік (алғашқы) несеп түзіледі (біріншілік несептің құрамы қан плазмасының құрамына ұқсас). Бүйрек түтікшелеріндегі біріншілік несептен су және кейбір қоректік заттар түтікшелерді сыртынан қоршап жатқан қан капиллярларына кері сіңіріледі де (реабсорбция), нәтижесінде екіншілік (ақырғы) несеп түзіледі.
Несептің түзілу реті мен жолын білу үшін алдымен бүйрек түтікшелері мен қантамырлар жүйесін жақсы білген жөн.
Бүйрек түтікшелерінің(tubuli renalis) үлестері:
1) Шумақ капсуласы (capsula glomeruli) немесе Шумлянский- Боумен капсуласы- бүйрек түтікшелерінің бастапқы бөлігі, қыртысты заттың бүктелген бөлігінде орналасады . Мұнда біріншілік несеп түзіледі.
Құрылысы:
-ұшы тұйықталған және пішіні бокал тәрізді басталады.
-екі табақшасы болады: висцеральді және париетальді.Висцералық табақша қан капилляр шумағымен тығыз жанасып орналасқан . Висцеральді және париетальді табақшалар аралығында абсорбциялау ,фильтрациялау арқылы заттар қан капиллярларынан капсула қуысына өтіп біріншілк несеп түзіледі. Осы екі табақшаның аралығында шумақ капсуласының қуысы (cavum capsulae glomeruli) болады.Шумақ капсуласының қуысы ары қарай проксимальді иректелген түтікшеге ашылады.
2) Проксимальді иректелген түтікше(tubuli renalis contortus proximalis)- қыртысты затта орналасқан. Екіншілік несептің түзілуі осында бастау алады.
3)Нефрон ілмегі(ansa nephroni) немесе Генле ілмегі- екіншілік несеп түзіледі.
3 бөлігі ажыратылады:
-төмендеген бөлігі(pars descendens)- Генле ілмегінің төмен бағытталған тік түтікшесі. Бұл бүйректің проксимальді иректелген түтікшесінің жалғасы.
-нефрон ілмегінің тізесі(genu ansae nephroni)-милы затта орналасқан.
-өрелемелі бөлігі(pars ascendens)- генле ілмегінің жоғары бағытталған тік түтікшесі.
4)Дистальді иректелген түтікше(tubulus renalis colligens distalis)- қыртысты затта орналасқан, генле ілмегінің өрелемелі бөлігінің жалғасы және екіншілік несептің түзілуіне қатысады.
5) Қосымша бөлік- Дистальді иректелген түтікше мен Бүйректің жинаушы түтікшелерін байланыстырады. қыртысты заттың тарамдалған бөлігінде орналасқан.Екіншілік несеп түзілуіне қатысады және несепті бүйректің жинаушы түтікшелеріне(tubuli renales colligens) жеткізеді.
6)Бүйректің жинаушы түтікшелері(tubuli renales colligens)- екіншілік несепті сыртқа шығаратын бүйрекшелік бөлім, тік бағытталған. Бұл түтікшенің жоғарғы шамалы бөлігі қыртысты затта және төменгі көп бөлігі милы затта орналасқан. Бүйректің жинаушы түтікшелері бүйректің бүртігі аймағынад бір-бірімен қосылып, тік бағытталған бүртіктік түтіктер түзеді.(ductus papillae)
7) Бүртіктік түтіктер(ductus papillae)-екіншілік несепті сыртқа шығаратын бүйрекшелік түтікше. Милы затта орналасқан. Бүйрек бүртігінің бетіне бүртіктік тесіктер(foramen papillae) арқылы ашылады.
8)Бүртіктік тесіктер(foramen papillae)- пирамиданың ұшының бірігуінен түзілген бүртіктерде орналасады. Осы тесіктерге байланысты торлы келеді; сондықтан тесіктер орналасқан жерді торлы алаң(area cribrosa) деп атайды. Бүртіктік тесіктер арқылы екіншілік несеп бүйректің кіші тостағаншарына(calyces renalis minores) өтеді.
Жалпы айтқанда бүйрек түтікшелері атқаратын қызметіне қарай 3 бөлемнен тұрады:
1) біріншілік несепті түзетін бөлім- Шумлянский-Боймен капсуласы.
2) екіншілік непті түзетін бөлім- бүйректің проксимальді иректелген түтукшесі, генле ілмегі, бүйректің дистальді иректелген түтікшесі, қосымша бөлік.
3)екіншілік несепті сыртқа шығаратын бүйрекшелік бөлімдер- бүйректің жинаушы түтікшесі, бүртіктік түтік, бүртіктік тесіктер.
Б) Бүйректің қантамырлар жүйесі
Біріншілік және екіншілік несптің түзілуі бүйректің қантамырлар мен түтікшелер арасында жүретін абсорбция, фильтрация, реабсорбция процестері арқылы жүреді. Сол себепті бүйректің қантамырларының да өзіндік ерекшеліктері бар.
Несептің түзілу ретіне сәйкес бүйректің артериясынан үлесшеаралық венаға дейін қарастырылады:
1) Бүйрек артериясы(a.renalis)
2)Сегменттік артериялар(aa.segmentales)
3)Үлесаралық артериялар(aa.interlobares)
4) Доғалық артериялар(aa.arcuatae)
5) Үлесшеаралық артериялар(aa.interlobulares)
6) Шумақтың әкелуші артериолары немесе әкелуші тамыр(arteriola glomerularis afferens)-үлесшеаралық артериядан басталып, шумақ капсуласынын ішіне өтеді де,бірінші реттегі қан капиллярын құрайды.
7) Бірінші реттегі қан капиллярлар шумағы немесе бүйрек денешігінің капилляр шумағы (glomerulus corpusculi renalis) -әкелуші артериоланың жалғасы. Шумлянский-Боумен капсуласында орналасқан.
8) Шумақтың әкетуші артериолары немесе әтелуші тамыр(arteriola glomerularis efferens)-екінші реттегі қан капиллярына тармақталады.
9) Екінші реттегі қан капияллярлары- әкетіш артериоланың жалғасы.
160. Несепқуық,(vesica urinaria seu cystis) -несепағардан келетін несепті жинақтайтын және несепті сыртқа шығаратын ағза.
Несепқуықтың пішіні мен көлемі несептің жиналуына байланысты өзгеріп тұрады.Ересек адамдарда орташа сыйымдылығы 250-500мл-дей.
Голотопиясы:
-кіші жамбас қуысында орналасқан
-ерте балалық шақта несепқуық толығымен сифизден жоғары орналасады және жас өсе келе төмен түсіп 20 жаста симфиз артында, кәрі жаста- симфизден төмен орналасады.
Скелетопиясы:
-бос күйдегі несепқуық қасаға симяизінің артында, ал көп мөлшерде толған несепқуықтың ұшы қасаға симфизінен жоғары орналасып, іштің алдыңға қабырғасымен жанасады.
Синтопиясы:
Алдыңғы беті-қасаға симфизіне қараған, одан қасағаның артқы кеңістігінде орналасқан майлы қатпармен шектелген.
Ерлерде:
Aртқы беті -тік ішекпен, шәует қуықшаларымен және шәует шығаратын түтік ампуласымен,
Түбі- қуық асты безбен шектеседі.
Бүйір беттері- артқы өрісті көтеретін бұлшықетпен шектелген
Жоғарғы бетінде- жіңішке ішек ілмектерімен орналасқан.

Әйелдерде:


Артқы беті -жатыр мойының алдыңғы қабырғасымен және қынаппен,
Түбі -несеп жыныс диафрагмасымен шектеседі.
Бүйір беттері- артқы өрісті көтеретін бұлшықетпен шектелген
Жоғарғы бетінде- жатыр орналасқан.

Несепқуықтың құрылысы:


-несепқуықтың ұшы (apex vesicae)-алдыңғы-жоғарғы тарылған бөлігі
- несепқуықтың денесі(corpus vesicae) -ортаңғы кеңейген бөлігі
- несепқуықтың түбі(fundus vesicae)-төменгі кеңейген жалпақ бөлігі
- несепқуықтың мойны(cervix vesicae)-несепқуықтың төменгі бөлігінің құйғыштәрізді тарылып, несеп шығаратын өзекке өтетін жерінде орналасқан
-несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі(ostium urethrae internum)- несепқуық мойнының төменгі бөлімінде орналасқан.

Несепқуық қабырғаларының құрылысы:


Несепқуықтың қабырғалары: шырышты, шырышасты негізі, бұлшықеттік, дәнекер тінді қабықтрадан тұрады:
-шырышты қабығының ішкі беті қызыл сұрғылт түсті,шырышасты негізінің жақсы дамуына байланысты бос кезінде қатпарлар түзеді, толған кезде қатпарлар жазылады.Несепқуық түбінің алдыңғы бөлігінің шырышты қабығында несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі, несепқуық үшбұрышының артқы шекарасының жиегінде 2 несепағар тесіктері,ostium ureterus (dextrum et sinistrum) орналасқан.
-шырышасты негізі,(tela submucosa) несепқуық қабырғасында жақсы дамыған.Соның нәтижесінде шырышты қабық қатпарларға жинала алады.Несепқуық үшбұрышында шырышасты негіз жоқ.
-бұлшықетті қабығы,(tunica muscularis) біріңғай салалы 3 қабаттан тұрады.Сыртқы және ішкі қабаттары бойлық,ортаңғы өте жақсы дамыған дөңгелек қабат.
-қуықтың сырты бетінде сірлі қабық жоқ жерде,оның сыртқы қабығы дәнекер тінді қабық.

Ішастарға қатынасы:


-несеппен толғанда ішастар 3 жағынан,мезоперитонеалді,
-босаған кезде ретроперитонеалді жабылған.

161. Кіндік қатпарлары және шап шұңқырлары, олардың практикалық маңызы.

1. Жалпы ішастар қатпарлары — ішастар астымен өтетін қан тамырлармен, түтіктермен, байламдармен немесе жиналған шелмаймен түзілген париеталық ішастардың дупликатурасы болып табылады.
* Іштің алдыңғы қабырғасының артқы бетінде орналасатын қатпарлар:


  • ортаңғы кіндік қатпары яғни plica umbilicalis mediana:

— ортаңғы кіндік жалғамасынан тұрады lig. umbilicale mеdianum, ол нәрестенің несеп түтігінің яғни urachus қалдығы

  • медиалды кіндік қатпары яғни plica umbilicalis medialis:

- медиалды кіндік жалғамасынан тұрады lig. umbilicale mediale, ол кіндік артериясының a. umbilicalis қалдығы

  • латералды кіндік қатпары яғни plica umbilicalis lateralis:

-төменгі құрсақүстілік артериялар мен веналардан тұрады яғни аа. et vv. epigastricae inferiores.
* Сонымен қатар кіші жамбаста орналасатын қатпарлар
-- ерлерде — тiкiшек-қуық қатпары яғни plica rectovesicalis;
-- әйелдерде — тiкiшек-жатыр және қуық-жатыр қатпарлары plica rectouterina et plica vesicouterina.
Іштің алдыңғы қабырғасының ішкі бетінде, жоғарыда айтылған қатлар арасында, тікелей шап байламдарының үстінде 3 жұп шұңқыр орналасады:

  • жұп қуық үстілік шұңқыр яғни fossa supravesicalis — ортаңғы кіндік қатпарының екі жағында орналасқан:



  • медиалды шап шұңқыры fossa inguinalis medialis — латералды кіндік қатапарынан медиалды орналасқан және шап түтігінің сыртқы есігіне, яғни беткей шап сақинасына яғни annulus inguinalis superficialis-ке сәйкес келеді;



  • латералды шап шұңқыры яғни fossa inguinalis lateralis — латералды кіндік қатпарының латералды жағында орналасқан және шап түтігінің ішкі тесігіне, яғни терең шап сақинасына яғни аnnulus inguinalis profundus-ке сәйкес келеді

Шап байламының астында медиалды шап шұңқырынан төмен сан түтігінің ішкі тесігіне annulus femoralis profundus-қа сәйкес сан шұңқыры яғни fossa femoralis орналасады.

162. Несепағар (ureter) -несептің бүйрек түбегінен несепкуыкка өтуін қамтамасыз ететін жұп ағза.


Несепағардың ұзындығы ерлерде- 30-32 см, әйелдерде -27-29 см1.
Голотопиясы:
- iш куысында және кіші жамбас астауында орналасады;
-несепағарлардың іштің алдыңғы кабырғасына проекциясы - кіндік тұсында іштін тік бұлшыкетерінің латералді жиегіне сәйкеседі;
-несепағарлардың іштін арткы кабырғасына проекциясы- омырткалардың көлденен өсінділерінін ұштарын қосатын вертикалді сызыктын бойына сәйкеседі.
Скелетопиясы: несепағар L2-S4(бел омыртқа мен сегізкөз аралығында) денгейінде орналаскан.
Синтопиясы:
-несепағарлар бүйректердін сыртқы капсуласы сияқты ішастарарткы фасциянын жапыракшаларынан түзілетін фасциялык қапшыкта шелмаймен коршалып орналасады;
-несепағарлар ішастар артында (ретроперитонеалді) орналаскан, несепағарлар ішастардың париеталык табакшасымен дәнекертінді жіпшелер аркылы байланысып бекиді, сол себеті ішастарды ажыратканда несепағарлар барлық уакытта iшастардын артқы бетінде калып бірге ажырайды;
-оң жақ несепағадан ішкері теменгі куыс вена, тыскары сокыр жане өрлемелі жиек ішектердің медиалді жиектері орналаскан;
- солжак несепағaрдан ішкері аорта, тыскары төмендемелі жиек ішектің медиалді жиегі орналасады.
Несепағарлардын голотопиясына сәйкес синтопиясы:
1) iш куысында:
-несепағар бүйрек қақпасында бүйрек тамырларының артында орналасады;
-несепағарлар белдің үлкен бұлшыкетінің бойымен төмен карай түсіп шекаралық сызык (linea terminalis) денгейінде иіліп, кіші жамбас астауына өтеді;
-белдін үлкен бұлшыкетінің ортасынан төменіректе несепағарлар ерлерде vasa testicularia (әйелдерде-vasa ovarica)қиылысып өтеді және олардың артында жатады.
-несепағарлар иілген жерінде, яғни кіші жамбас астауына өтер жерде мықын тамырларын (онжакта а. еt v. liасае internae, ал сол жакта а. еt v.iliacae communes) қиып өтеді.
2) кіші жамбас астауында:
-несепа5арлар кіші жамбас астауына карай иілгеннен кейін ішастардын астымен несепқуық түбіне карай бағытталады;
-жамбас астауында несепағардын екі бөлігі ажыратылады:
а) париеталық ,жамбастың бүйip кабырғасына жанасқан бөлігі;
б)висцералық, жамбас ағзаларына жанасқан бөлігі.
Макроскопиялык кұрылысы:
1. Несепағар үлестері:
-іштiк бөлігі (раrs abdominalis);
-жамбастык бөлігі (рars pelvina):
-қабырғаішілік бөлігі (рars intrаmuralis) (несепқуықтын кабырғасында орналаскан).
2. Несепагардын тарылулары:
-бүйректік тарылу- несепағардың бүйрек түбегінен басталатын жерінде;
-жамбастық- несепағардың кіші жамбас астауынан өткен жерінде (linea terminalis денгейінде);
-қабырғаішілік- (рars intrаmuralis) (несепқуықтын кабырғасында орналаскан).
Микроскопиялық құрылысы:
1.Cілемейлік кабык (tunica muсоsa): -
көпкабатты, өтпелі эпителиймен жабылған;
-бойлық қатпарлары (plicae longitudinales) болады;
2. Бұлшыкеттік кабық:
-ішкі қабат-бойлық(stratum longitudinale)
-сырткы кабат циркулярлы (stratum circulare)
-төменгі үштен бір белігінде сыртынан оларға үшінші кабат косылады - бойлық (stratum longitudinale);
3. Сырткы кабық: адвентиция (арткы, медиалді және латералді жактарында) және сірлі кабык (алдынғы жағында).
163,164. Несеп жібергіш өзектің қызметтері.
1. несеп қуығынан зәрді сыртқы ортаға шығару-транспорттық
2. шәуетті шығару
Бұл екі қызмет тек ерлерде ғана, әйелдерде тек зәрді шығару қызметі.
Ерлерде өзектің ұзындығы 16-22 см., ішкі диаметрі 0,5-0,7 см., әйелдерде 2-3,5 см., ол диаметрі 0,8-1,2 см.
Еркеkің несеп шығаратын өзегі.
Еркетің несеп шығаратын өзегі(urethra masculina)- түтік пішінді тақ ағза, несепті шығару және шәуетті лақтыру қызметін атқарады.
Несеп жібергіш өзектің (ерлердің) бөліктері(Топографиялық орналасуы бойынша)
1. Простата бөлігі-3 см. Бұл бөлік арқылы ерлердің несеп жібергіш өзек өтеді, ол простата өзектің физиологиялық сфинктері болып саналады. Жыныстық қозу кезеңінде және одан кейін зәр шығару мүмкін емес.
2. Жарғақтық бөлік-1,5 см. Ерлердің несеп жібергіш өзектің жамбас диафрагмасынан өтуі. Ең тар жері.
3. Кеуекті бөлігі, ұзындығы 15 см-ге жуық.

Қозғалмалылығы бойынша 2 бөлікке бөлінеді:


1) Қозғалмайтын(фиксацияланған) бөлік(pars fixa)-құрамын pars prostatica,pars membranacea және penis буылтығы деңгейіндегі несеп шығаратын өзектің pars spongiosa бөлігі кіреді.
2) Қозғалмалы бөлік(pars mobilis) - penis түбірі(radix penis) денесі(corpus penis) басы(glans penis) тұсындағы үлестер.

Еркектің несеп шығаратын өзегі өз жолында S-тәрізді иілген және 2 тесегі, 3 тарылған, 3 кеңейген жерлері болады.


Ерлердің несеп жібергіш өзегінің тесіктері:
-несеп жібергіш өзектің ішкі тесігі(ostium urethrae internum)-несепқуықттан басталатын тесік, яғни өзектің бастапқы бөлігінде орналасқан.
- несеп жібергіш өзектің сыртқы тесігі(ostium urethrae externum)-penis-тің басының ұшында орналасқан.
Ерлердің несеп жібергіш өзегінің тарылулары және кеңеюлері.
І тарылулары:
• Несеп жібергіш өзектің ішкі тесігінің тұсында
• Несеп-жыныс диафрагмасынан өту жері
• Несеп-жібергіш өзектің сыртқы тесігінің тұсында
ІІ Кеңеюлері:
• Простата бөлігінде, бұл жерде шәует төмпешігі, оның ұшында простаталық немес ерлердің жатыры орналасқан.
•Penis-тің кеуекті денесінің буылтығында
• Қайықтәрізді шұңқырда(fossa naviculare)- Сыртқы жыныс мүшесі басында орналасқан .
Сыртқы жыныс мүшесі басының тұсында-ладья тәрізді кеңею
165. Аталық без құрылысы және қызметі.
Аталық безі (testis) , (грек. orchis) - ұмада орналасқан жұп ағза.
Аталық без сыртқы және ішкі секреция бездеріне жатады.
Аталық бездің сыртқы секреция қызметі –сперматозоидтарды түзеуге негізделген, ал ішкі секреция қызметі гормондардың (андрогендердың) өндірілуіне бағытталған.
Аталық бездің беті-тегіс, жылтыр. Салмағы 20-30г. Екі жағынан қысыңқы, сопақша пішінді.

2 беті, 2 жиегі,2 ұшы ажыратылады.


1. Аталық бездің беттері:
-медиалді беті (facies medialis) - тегістеу болады;
-латералді беті (facies lateralis) - дөңестеу келген ;
2. Аталық бездің жиектері:
-алдыңғы жиегі (margo anterior) – бос жатады;
-артқы жиегі (margo posterior) - мұнда аталық без қосалқысы орналасқан, ал оның артында шәует шылбыры( funiculus spermaticus) жатыр.
3. Аталық бездің шеттері:
-жоғарғы шеті (extremitas superior) - аталықбез қосалқысының басымен жанасқан ұшы ;
-төменгі шеті (extremitas inferior), аталықбез қосалқысының құйрығы мен шәует шығарушы өзек орналасқан жер.

Аталық бездің ұмаға түсу процесі, практикалық маңызы.


Онтогенезде аталық бездердің негізі- іш қуысының бел аймағында қаланады, кейіннен аталық бездер біртіндеп төмен қарай жылжиды және туылар алдында ұмаға түсіп орналасады (descensus testis). Аталық бездердің ұмаға түсу (descensus testis) процесі:
-ұрықтық даму кезеңінің 3-4-ші аптасында жыныс бездерінің негізі іш қуысының бел аймағында қаланады (әрі қарай аталық немесе аналық жыныс безінің дамитындығы эмбриогенездің 7-8-ші апталарында белгілі болады);
-ұрықтық дамудың 3-4-ші айында аталық без жамбастың мықын шұңқырына түседі;
-5-6-шы айында шап түтігінің ішкі тесігіне жақындайды;
-7-8-ші айында шап түтігінде (canalis inguinalis) орналасады;
-9-шы айда аталық бездер бала туылатын кезеңде шап түтігінен ұмаға түседі;
Аталық бездің ұмаға түсінуінің маңызы: ұмадағы температура іш қуысындағы температурадан едәуір төмен бөледі, ал бұл жағдай сперматозоидтардың пісіп жетілуіне қолайлы температура. Сперматозоидтардың жетілуі үшін ұмада температура 35'C болу керек.
Аталык бездердің ұмаға түсуін толық тусіну ушін, осы процестін жүруіне ықпал ететін эмбриондық кұрылымдарды білген жөн:
Олар бағыттаушы жіпше және ішастардың қынаптық өсіндісі.
1) Аталык без жол көрсетішісі немесе өткізгіші (gubernaculum testis BNA) - бірыңғай салалы бұлшықет талшыктары мен фиброзды тіннен тұратын бағыттаушы жіпше:
-gubernaculum testis эмбриогенездік даму сатысында жоғарғы екі белдік омырткалар денгейінде түзілген аталык бездің төменгі шетінен басталып, iштің алдынғы кабырғасына жетеді, ол жерде кейіннен ұма калыптасады;
-бағыттаушы жіпше дамудың алғашқы кезендерінде ішастардын артында орналасады да, кейіннен ұмаға бағытталады, осылай аталықбез осы жіпшенін өткен жолымен жүріп шап каналы аркылы ұмаға туседі;
2) Ішастардың қынаптык өсіндісі (processus vaginalis рeritonei) iшастардың іш куысынан төмен қарай бағытталған тұйық өсіндісі:
- дамудың 3 айында, болашақ терең шап сакинасының орнында, қынаптык өсіндіні (processus vaginalis peritonei) қалыптастыратын, ішастардың қалташығы пайда болады;
-ұрық денесінің ұзындығының өсуіне байланысты аталық без төмен орналасып, ішастардың артымен жамбас қуысына жылжиды, кейін қынаптық өсіндінің тұсында болашақ сірлі кабықпен жабылып, ұмаға түседі;
-аталык без ұмаға түскеннен кейін ұрық шылбыры (funiculus spermaticus) толық қалыптасады;
-prоcessus vaginalis peritonei іштің алдыңғы кабырғасы аркылыұ мага өткен кезде іштің алдыңғы кабырғасының кабаттарын өзімен бірге ұмаға ала түседі; сол себепті, ұманың кабаттары немесе аталык без жэне ұрык бырының қабықтары іштің алдыңғы кабырғасының кұрылысына ұксас келеді.
166. Аталық без қабықтары, олардың туындылары.
1) Тері(cutis)-адам денесінің терісінің жалғасы. Жұқа,қоңыр және жақсы созылмалы келеді, тері мен май бездеріне бай және өзіне тән иісі болады;

2) Етті қабық(tunica dartos)- теріастында жатады және теріасты шелмайдың ұқсас туындысы. Құрамында эластикалық талшықтар мен бірыңғайсалалы бұлшықет тіні болады;


-етті қабықтың арқасында ұма терісі біршама жиырыла алады және сыртқы орта температурасы төмендесе аталық безді қасағалық дөңеске тартады, ал жоғарыласа-едәуір созылмалы және аталық бездердің ұмаға түсуіне ықпал етеді,бұл процестер спертогенезге қажетті қолайлы температураны (33-35*C) тұрақты ұстап тұру үшін маңызы зор;

3) Сырткы шәует фасциясы (fascia spermatica externa) - іштің алдынғы кабырғасының беткей фасциясының жалғасы;


4) Аталық безді көтеретін бұлшықет фасциясы (fascia cremasterica) - эластикалы талшықтардан тұрады, беткей шап сақинасының (anulus inguinalis superficialis) жиегінен басталады, іштің меншікті фасциясынын жалғасы, дәлірек айтсақ-m.cremaster (атауы сол себепті берілген) жауып жататын аяқша аралык фасцияның (fascia intercruralis) жалғасы;


5) Аталық безді көтеретін бұлшыкет (m. сremaster) - жұқа көлденең жолақты бұлшықет талшыктарынан тұрады, іштің көлденең бұлшыұетінің (m. transversus abdominis) жалғасы; шап каналына (саnalis inguinalis) өтiп шәует шылбырының кұрамына кіреді және аталық безді тор тарізді жауып орналасады; ескеретін жағдай, m.сremaster көлденең жолақты бұлшықет талшықтарынан тұрғанымен, бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтарымен бірге біздін еркімізге байланыссыз жиырылып аталық бездерді жоғары тартып көтереді. Ол сырткы температураның өзгеруіне байланысты;


6) Iшкі шаует фасциясы (fascia spermatica interna)-iштің көлденең фасциясының (fascia transversalis) жалғасы; ішкі шәует фасциясы аталық бездің қынапты қабығының (tunica vaginalis testis) париеталық табакшасымен бітісіп орналаскан және аталык бездің артқы жиегінде аталық без бен оның қосыалқысын жабатын висцералық жапырақшаға ауысады. айналады;


7) Аталық бездің қынапты қабығы (tunica vaginalis testis)- іш қуысы iшастардың жалғасы, яғни қынапты өсіндінің (рrocessus vaginalis) туындысы. 2 жапырақшадан тұрады: париеталық (lamina parietalis) және висцералық (lamna visceralis):


-висцералық жапырақша аталық бездің ақ қабығымен бітісіп жатады және аталық без қосалқысына өтіп бітіседі,
-аталық бездің артқы жиегінде висцералық жапырақша париеталық жапырақшаға ауысады,
-париеталық жапырақша аталық безді айналдыра қоршап жатады және ішкі шәует фасциясымен(fascia spermatica interna) тығыз бітісіп орналасады,
-париеталық және висцералық жапырақшалар аралығында- тұйық саңылау тәрізді сірлі қуыс(cavum vaginae) болады.
-cірлі қуыс-қалыпты жағдайда сірлі сұйықтық бөледі, ал патологиялық жағдайда су жиналып аталық бездің шемені пайда болады.

8) Аталық бездің ақ қабығы (tunica albuginea)- аталық безді сыртынан қаптап жататын және ұманың қынапты қабығының висцералық жапырақшасымен бітісіп орналасатын фиброзды қабық.


167) Аталық бездің шәует шығару жолдары, бөлімдері, қызметі.

Ак кабық (tunica albuginea) астында аталық без паренхимасы, (раrenchyma testis) oрналаскан


Parenchyma testis кұрылымдары:
-аталык без аралығы (Меdiastinum testis) -паренхимаға еніп жаткан фиброзды ак кабықтың қалынданған eсіндісі;
-аталык без қалқашалары (septulae testis) — mediastinum testis тен тарайтын қалқашалар; septulae testis аталық бездін стромасын түзеді және паренхиманы үлесшелерге (lobuli testis) бөледі;
-аталык без үлесшелерінің (lobuli testis) caны 250-300, конус пішінді және үлесшелердін ұшы mediastinum testis қараған, ал негізі ак кабық жақка карайды;
-әр үлесшеде, оның шеткі және орталық бөлімінде, ұзындығы 70-100 см болатын бір-екі шәуеттік ирек түтікшелер (tubuli seminiferi contorti) oрналасады (осы түтікшелерде аталық жыныс клеткалары -сперматозоидтар түзіледі);
-шәуеттік ирек түтікшелер аталық без үлесшесінің артқы бөлімінде, яғни аталық бездің аралығы (mediastinum testis) маңында бір- бірімен косылып шәуеттік тік түтікшелер (tubuli seminiferi recti) түзеді;
-шэуеттік тік түтікшелер аталық без аралығында (mediastinum testis) бірігіп, аталық без торын (rete testis) құрайды;
-аталык без торынан (rete testis) бездің қосалқысына өтетін аталық бездін шығарушы түтікшелері (ductuli efferentes testis) басталады;
-ductuli efferentes testis ары қарай иректелген аталық косалкысының түтігіне (ductus epididymidlis) ашылады;
-аталық без қосалқысының түтігі шәует шығатын түтікке (ductus deferens) жалғасады;
-ductus deferens -ұрық шылбырының кұрамымен шап каналы аркылы жүріп, шап каналының ішкі тесігінен шыққаннан кейін ұрық шылбырына оқшауланып белінеді де, несепқуық негізіне карай багытталады; осы жерде кенейген бөлігіне жалғасады, содан кейін шәует қуықшасының шығарушы түтігімен (ductus еxcretorius) қосылып, шәует жіберетін түтік (ductus ejaculatorius) түзеді.
Шәует жіберетін түтік ары қарай еркек несеп жібергіш өзекктің қуықасты бөлігіне ашылады. Шәует жіберетін түтік ұзындығы-2см шамасында.

168)Шәует қуықшалары,бульбоуретральді бездер,олардың несеп жібергіш өзекке қатынасы


Шәует қуықшасы vesicula seminalis-кіші жамбастың астауы,шәует шығаратын түтіктің кеңжері,қуықасты бездің жоғарғы бөлігі және несепқуық түбінің артында орналасатын жұп мүше.
Ішастармен жабылуына тоұталатын болсақ ол шәует қуықшасының тек қана жоғарғы бөлігін жауып жатады.Жалпы шәуетқуықшасының беті кедір бұдырлы болып келеді.Шәует қуықшасының алдыңғы және артқы беті ажыратылады.Алдыңғы беті несепқуыққа қараған,ал артқы беті тік ішекке қараған.Сонымен қатар шәует қуықшасының астында және алдына таман қуықасты безі орналасқан. Шәует қуықшасынң өлшемдеріне келетін болсақ ұзындығы 5 см,ені 2 см ,қалыңдығы 1см. Сонымен қатар осы ағзаны көргенде қуықшалардан тұратынын көруге болады.Егер осы қуықшаның сыртқы бетін яғни сыртқы қабығын жартылай алып оны жазсақ ұзындығы 10-12см қалыңдығы болса 0,6-0,7 см құрайды.
Бульбоуретральді без немесе буылтық несеп шығаратын өзек glandula bulbourethralis жалпы бұның көлемі бұршақ сияқты,дөңгелек пішінді,тығыз орналасқан,сарғыш түсті,беті сан бұдырлы,диаметрі 0,3-0,8 см болып орналасатын қос ағза.Бульбоуретральді бездер –құрылысы бойынша ұяшықты түтікті бездерге жатады және оның қызметіне тоқталатын болсақ ол еркектің несеп жүйесіндегі өзектің тітіркендіруінен қорғайды және жабысқақ сұйық бөліп шығарады.Бұл бнзднрдің орналасуына келетін болсақ жалпы еркектің несеп шығаратын өзектің жарғағының артында,шаттың терең көлденең бұлшықетінде орналасқан.Сонымен қатар бұл бездер бір бірінен 0,6см қашықтықта орналасқан. Бұл б
Бульбоуретральді бездердің түтіктері болады ол ductus glandulae bulbourethralis жіңішке және ұзын яғни 3-4см ге жуық болып табылады.Ол еркек жыныс ағзасының буылтығын тесіп өтіп несеп шығаратын өзекке ашылады.Біз бұдан бөлек білуіміз керек жалпы осы буылтық-несеп шығаратын өзек безінің секреторлық бөлігі мен түтікте көптеген кеңеюлердің болатынын ескерген жөн.

169)Шәует шылбыры,оның құрамды бөліктері


Шәует шылбыры (funiculus spermaticus) аталық бездердің ұмаға түскен жерінде(descensus testis), яғни аталық бездің ұмаға түсуінен кейін пайда болады.Осы шәует шылбырының ұзындығы 15-20 см, ал пішіні болса дөңгелек жіп тәрізді.Ол шап өзегінің терең сақинасынан яғни annulus inguinalis profunda –дан аталық бездің жоғарғы шетіне дейінгі аралықта орналасады
Шәует шылбырын бөліктерге бөліп қарастырамыз: ұмалық бөлігіне және шап бөлігіне.Ұмалық бөлігін pars scrotalis, ал шап бөлігін pars inguinalis деп атаймыз.Сонымен қатар шәует шылбырының құрамына: шәует шығаратын түтік ductus deferens,шәует шығаратын түтіктің артериясы a. ductus deferentis, аталық бездің артериясы a.testicularis, сабау тәрізді веналық өрім plexus pampiniformis, одан веналық қан аталық безінің венасы v.testicularis арқылы v.cava inferiorға онжақтағысы және v.renalis–ке жалғасады, аталық бездің және шәует шығаратын түтіктің нерв өрімдері plexus nervorum deferentalis et testicularis, лимфа тамырлары vasa lymphatica), ішастардың қынаптық өсіндінің қалдықтары vestigium processus vaginalis peritonei, appendix testis-тың қосымшасы (paradidymis) ол шәует шылбырының ең төменгі бөлігінде орналасқан, бірсалалы бұлшықет тіні немесе жазық бұлшықет тіні,дәнекер тінді ұлпадан және шелмайдан тұрады.Қорыта айтқанда шәует шылбыры –ductus deferens құрамында өтетін,аталық без қосалқысы және ductus deferens тамырлары мен нервтерінен тұратын және сыртынан қабықтармен қоршалатын анатомиялық құрымды кешен болып табылады.

170)Аталық сыртқы жыныс ағзалары, олардың анатомиясы.
Аталық жыныс мүшелеріне еркектің жыныс мүшесі (penis) пен ұма (scrotum) және қасағалық дөңес(mons pubis)жатады.Қасағалық дөңес қасаға сүйегінің жоғарғы бұтағы мен қасаға симфизі үстінде шығыңқы жатқан жеке түктермен жабылған тері аймағы. Ұма (scrotum) алдыңғы құрсақ қабырғасында дәнекер тін бұдщықетті аталық без орналасатын қалта тәрізді орын.Оның екі камерасы болады.Әрқайсысында жеке жеке аталық без орналасады.Ұма ол еркек жыныс мүшесінің түбірінің артында және төмен орналасады.Ұманың жеті қабаты ажыратылады,аталық бездің қабықтары және алдыңғы қабырғасы қабаттарының жалғасы болып саналады.1Тері (cutis )-іштің алдыңғы қабырғасының жалғасы,қоңыр түсті жұқа созылмалы келген тері мен май бездеріне бай болады.Етті қабық( tunica dartos)-теріастында болады .Құрамында эластикалық талшықтары мен біріңғай салалы бұлщықет тіні бар тығыз тінді қабат.Осы қабаттың құрылысының ерекшелігіне байланысты терісі температураға сыртқы ортаға байланысты жиырыла алады.Бұл қасиеті сперматогенезге қажетті температураны ұстап тұруға септігін тигізеді.
Еркек жыныс ағзасы (penis) – несепті шығаруға, әйелдің жыныс жолдарына шәуетті (сперманы) жеткізу және жыныстық қанағат (сезім, тояттану, оргазм) алуға арналған ағза болып табылады.).Еркек жыныс мүшесін төртке бөліп қарастырамыз түбі radix penis,денесі corpus penis,басы glans penis ,мойны collum penis. Түбі radix penis ол еркек жыныс мүшесінің артқы бөлігі қасаға сүйегіне бекіп орналасқан. Денесі corpus penis алдыңғы бос бөлігі оның арқасы және уретралды беті болады. Мойны collum penis жыныс мүшесінің денесінің тарылған бөлігі. Басы glans penis денесіндегі бос жатқан жалпақша келген шеті.Ол өзіндік екі құрылымнан тұрады.Несеп шығаратын каналдың сыртқы тесігі(ostium urethrae externum)ол басының ұшында орналасқан.Еркек жыныс мүшесінің басының тәжі (corona glandis) ол еркек жыныс мүшесінің ең жалпақ бөлігі.Еркек жыныс ағзасы ерекше яғни терісі жұқа және жанасу рецепторлары орналасқан.Теріасты шелмайы болмайды.Бірақ шелмайдың орнына дәнекер тін орналасқан,сондықтанда еркек жыныс ағзасы созылуға қабілетті.Жыныс мүшесінің беткейлік және меншікті фасциялары болады.Сонымен қатар күпек (preputium ) айналма болып келген және екі табақшасы ажыратылатын еркек жыныс мүшесінің басын жабатын жақсы жетілген тері болып табылады.
Еркек жыныс мүшесінің бұлшықеттері Буылтық-кеуек бұлшық еті (m.bulbospongiosus) шатаралықтың сіңірлі орталығынан басталады,corpus spongiosum төменгі және бүйір жақтарынан қоршап,еркек жыныс мүшесінің меншікті фасциясына бекиді.Бұл бұлшықеттің қызметі оргазм кезінде шәуетті сыртқа шығару және несептің соңғы тамшыларынан қысып сыртқа шығару болып табылады.Шонданай үңгір бұлшықеті (m.ishiocavernosus) жұп бұлшықет болып табылады
171)Аталық без қосалқысы, құрылысы және қызметі.
Аталық без қосалқысы (epididymis) аталық бездің артқы жиегінің бойында орналасқан. Аталық без қосалқысының бөліктері: 1. Аталық без қосалқысының басы (caput epididymidis) - жоғарғы жуанданған дөңгеленген бөлігі, ол аталық бездің жоғарғы ұшына жақын орналасады; 2. Аталық без қосалқысының денесі (corpus epididymidis) - қосалқының ортаңғы бөлігі, бұл бөлік аталық бездің артқы жиегіне және шамалап оның латералді бетіне жанасып орналасқан; 3. Аталық без қосалқысының құйрығы (cauda epididymidis) – аталық без қосалқысы денесінің төменгі жіңішкерген бөлігі және шәует шығаратын түтікке (ductus deferens-ке) жалғасады;
Аталық без қосалқысының басында,мезонефралді өзекшенің рудиментарлы өсіндісі болып табылатын аяқшасы бар және ол көпіршік түрінде кездесетін,аталық без өсіндісі,appendix testis,болады.Қосалқының басы мен құйрығының аяқталатын түтікшелері және де ауытқыған түтікшелері,ductuli aberrantes,орналасады.Сонымен қатар қосалқы басының артқы бетінде дәнекер тінді ақ түзіліс-аталық без қосалқысының өсіндісі,paradidimis,орналасқан және олда мезонефрос рудименті болып табылады. Аталық без қосалқысын қаптайтын да сірлі қабық болады.Ол аталық без қосалқысының қойнауын,sinus epididymis,қаптай,латеральді жағынан аталық без бен аталық без қосалқысының арасындағы тереңге кіреді.Сонымен қатар аталық без қосалқысын конус тәрізді үлесшелерге бөледі,яғни lobuli-coni epididymidis деп аталады.Жалпы осы аталық без қосалқысында конус тәрізді 12-15 үлесшелер болады.
Аталық без қосалқысын шәует шығаратын түтік артериясы қанмен қамтамасыз етеді.Шәует шылбыры құрамындағы венозды өрім түзетін vv.testiculares арқылы кетеді,ол оң жағынан және сол жағынан ащылады.Оң жағынан v.cava inferior-ға, ал сол жағынан v.renalis sinistra-ға ашылады.Аталық без қосалқысы және аталық без өрімінен симпатикалық және парасимпатикалық нервтенеді және өрім құрамында сезім нерв талшықтары да болады.
172.Қуықасты без, құрылысы, қызметі.
Қуықасты без (prostata) - консистенциясы тығыз, бұлшықет-безді және пішіні каштан ағашы жаңғағына ұқсас тақ ағза .Шәуеттің (сперманың) құрамына кіретін секрет бөледі.Қуықасты бездің несепқуықтың түбіне бағытталған негізі () және алдыңғы,артқы,төменгі бүйір беттері,сосын ұшы ажыратылады () Қуықасты безінің көлденең көлемі 4см,бойы 3см,қалыңдығы 2см шамасындай болады.Ал салмағы болса 20-25грамм ды құрайды.Қуықасты безі сұр-қызғылт түсті және тығыздалған. Қуықасты безінің екі үлесі болады оң және сол үлесі, яғни(lobus dexter et sinister) Екеуінің арасын бөліп тұратын бездің алдыңғы бетінде орналасқан терең емес жүлге саналады.Ортаңғы үлесі (lobus medius) немесе қуық асты безінің қылтасы болады (isthmus prostatae)
I. Голотопия: кіші жамбас астауының алдыңғы төменгі бөлігенде орналасқан,
II. Скелетопия: қасаға симфизінің төменгі жиегінің артында орналасады.Қуық асты безі сыртынан ()қапшықпен жабылады.одан бездің ішіне дәнекер тінді талшықты-қуыс асты қалқалары тармақталады.Екі тіннен құралады яғни безді тіннен ()және біріңғай салалы бұлшықеттік тіннен,()құралған.Безді тіндерде простата үлесшелері() түрінде жеке құрылымдарға топталады. Без үлесшелері 30-40 қуықасты безінің артқы және бөліктерінде орналасады. Ал алдыңғы бөлігінде без үлесшелері аз,бұл жерде еркек несеп шығару өзегінің айналасында жиналған тегіс бұлшықеттік тін орналасқан . III .Синтопия: алдында қасаға симфизі және веналық (Санторини) өрімі (plexus venosus prostaticus) жатады.Артында тік ішек орналасқан: а) қуықасты безді тік ішек арқылы саусақпен басып (пальпация) тексеруге болады, яғни prostata-ның көлемін, пішінін және сезу дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді .б) сонымен қатар, созылмалы простатит кезінде емдік шаралар ретінде тік ішек арқылы prostata-ға және оның қасында орналасатын шәует қуықшаларына, шәует шығаратын түтік ампулаларына массаж жасауға болады. Қуықасты бездің жоғары бөлігінде несепқуық орналасқан. Жоғарғы және бүйір жақтарында шәует қуықшалары мен шәует шығаратын түтіктердің ампулалары жатады. Төменде шатаралықтың несеп-жыныс диафрагмасы (diaphragm urogenitalis) орналасқан. Қуықасты без алдынан және бүйір жақтарынан меншікті веналық өріммен (plexus venosus prostaticus-пен) қоршалған және mm.levatores ani-мен жанасады.Қуықасты без арқылы несеп шығаратын өзектің бастапқы бөлігі мен оң және солжақ шәует жіберетін түтіктер өтеді.
173)Жатыр, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы, жатыр жалғамалары.
Жатыр ( uterus) ( грекше – metra), (бастапқы көне аты – hystera) – етеккір (менструация) қызметін атқаруға, ұрықтанған аналық клетканың иплантациясына яғни жатырдың қабырғасына ұрықтың кіріп бекуіне, бекінген ұрықты туылғанға дейін көтеруге және баланы босануға арналған қуысты бұлшықетті тақ ағза.Жатырдың көлемі мен салмағы жасының ерекшеліктеріне байланысты болады.Ересек үлкен әйелдерде жатыр ұзындығы 7-8см,көлденең ені 4см,қабырғасының қалыңдығы 2-3см.Салмағы болса босанбаған әйелдерде 40-50грамм болса, көп босанған әйелдерде 80-90грамм,жалпы жатыр қуысының сиымдылығы 4-6см3 құрайды.
II.Скелетотопиясы: S1- S2 деңгейінде орналасқан.
ІІІ. Синтопиясы: -алдында – несепқуық,артында – тік ішек ,бүйір жағында – жатыр қосалқылары орналасқан яғни аналық без бен оның рудименттік қалдықтары және жатыр түтігі, жоғарғы жақта – жіңішке ішек жанасып жатса,төменгі жағында – қынапқа жалғасады. 1. Жатыр бөлімдері жатыр түбінен,жатыр денесінен,жатыр мойнынан,жатыр қылтасынан құралады. Жатыр түбі (fundus uteri) – жатыр түтігінің жатырға жалғасқан деңгейінен жоғары орналасқан, жатырдың жоғарғы шығыңқы бөлігі болып табылады.Жатыр денесі (corpus uteri) – ағзаның ортаңғы үлкен бөлігі, сыртқы пішіні конус тәрізді және жатыр денесінен төменге қарай жіңішкелеу және жұмырлау келген жатыр мойнына жалғасады.Жатыр қылтасы (isthmus uteri) – жатыр денесінің мойнына өткен жеріндегі тарылған бөлік болып табылады.Ал жатыр мойны бұл ( cervix uteri) – екі бөлімнен тұрады: 1)қынаптық бөлік portio vaginalis қынап үсті бөлігі portio supravaginalis(cervicis)ажыратады. 2. Жатыр беттері:қуықтық бетінен және ішектік бетінен тұрады. Қуықтық беті немесе алдыңғы беті (facies vesicalis), (facies anterior) – несепқуыққа қараған. ішектік беті немесе артқы беті (facies intestinalis), (facies posterior) – тік ішекке қараған. 3. Жатыр жиектері тоқталатын болсақ. Жатырдың оңжақ жиегі ( margo uteri dexter), жатырдың солжақ жиегі( margo uteri sinister); Жатыр қабырғасы үш қабықтан тұрады: сілемейлі, бұлшықетті және сірнемелі.Жатырдың сілемейлі(tunica mucosa) немесе эндометрий (endometrium).Бұл қабықтың ішкі беті жылтыр,тегіс және қалыңдығы 3мм ді құрайды.Жатырдың бұлшықеттік қабығы (tunica muscularis)немесе миометриум,біріңғай салалы күрделі бұлшықеттерден және эластикалық дәнекер тіндерден құралған.Осы бұлшықеттік қабығы орналасуына қарай сыртқы,ішкі бойлық және ортаңғы ең жақсы дамыған дөңгелек қабаттардан тұрады.Жатырдың сірнемелі қабығы() ол жатырды жабатын ішастардың табағы.
Жатыр байламдарына жатырдың жалпақ байламы (lig. latum uteri),жатырдың жұмыр байламы (lig. teres uteri) және жатырдың кардиналді байламы (ligg. cardinalia uteri) жатады.Жатырдың жалпақ байламы ішастардың алдыңғы және артқы табақтарынан құралған.Жатырдың жұмыр байламы бұлшықеттік талшықтары бар фиброзды жіп, пішіні дөңгелек,қалыңдығы 3-5мм.Кардинальді байлам жатыр мен жамбас астау қабырғасына бекіп орналасқан.Ол өзінің төменгі жиегіндегі несеп жыныс көкетінің шандырымен байланысып,жалпы жатырдың бүйір ауытқуларынан қорғайды.
Біз жалры жатырды рентгеннен көрген кезде оның пішіні ушбұрыш тәрізді болатынын білуіміз керек.Үшбұрыштың ұшы төмен бағытталса, ал негізі жоғары бағытталған.Жоғарғы бұрышы жатыр түтік тесігіне,төменгі бұрышы жатыр мойын өзегінің ішкі тесігіне сәйкес келеді.
174.Аналық без, құрылысы, қызметі.
Аналық без немесе анабез (ovarium) ( грекше - oophoron) – аналық жыныс клеткаларының түзілуі мен дамып жетілуін және аналық жыныс гормондарының өндірілуін, гормондардың қан мен лимфаға бөлінуін қамтамасыз ететін жұп жыныс безі. Аналық бездің беттері болады. Жалпы бос жатқан екі беті ажыратылады.
-медиалді беті ( facies medialis) – жамбас астау қуысына, яғни жатыр жаққа қараған. -латериалді беті (facies lateralis) – кіші жамбас астауының қабырғасында жатады; анабездің латералді бетінен жоғарыда –vasa iliaca externa және m.psoas major, алдында – lig.umbilicale laterale, артында – несепағар орналасқан. 2. Аналық бездің жиегі: -бос жиегі немесе артқы жиегі(margo liber) ( posterior) – артқа бағытталып бос шығыңқы жатады. -шажырқайлық (алдыңғы) жиегі (margo mesovaricus) ( anterior) – алдыға бағытталған, аналық бездін шажырқайы орналасатындықтан және жатырдың жалпақ жалғамасының артқы жапырақшасымен бітіскен тегістеу келген жиегі болып табылады. -анабез қақпасы (hilum ovarii) – анабездің шажырқайлық жиегінде орналасқан науашықтәрізді ұңғыл ол аймақтағы қақпа арқылы атабездің қан және лимфа тамырлары мен нервтері өтеді. 3. Аналық бездің шеттері: -түтіктік (жоғарғы) шеті (extremitas tubae uterinus) ( superior) – жоғары, жатыр түтігіне қараған, шамалап дөңгеленген шеті аналық бездің түтіктік шетіне жатыр түтігінің аналық без шашағы бекиді; -жатырлық ( төменгі) шеті ( extremitas uterinus) ( inferior) – үшкірлеу келген, жатыр жаққа қараған және жатырмен аналық бездің меншікті жалғамысы ретінде орналасқан.

175. Жатыр түтігі, құрылысы, қызметі


Жатыр түтігі (tuba uterine) немесе Фаллопиев түтігі (tuba Fallopii), (грек. - salpinx) – аналық клетканың (овуляциядан кейін) ішастар қуысынан жатыр қуысына өтуін және серматозоидтардың жатыр қуысынан жатыр түтігіне өтуін қамтамасыз ететін, сонымен қатар ұрықтанған клетканы (зиготаны) жатыр қуысына қарай (жүктілік болу үшін) бағыттап өткізетін бұлшықетті түтікті ағза . Жатыр түтігінің ұзыңдығы 10-12см,ал түтік қуысы2-4ммтірді құрайды.Голотопиясы: жатыр түтігі кіші жамбас астауында, жатырдың жалпақ байламының жоғарғы бөлігінде орналасқан. Скелетотопия: жатыр түтігі S1 – S2 тұсында орналасады. Синтопия: - жоғарыда – жіңішке ішек ілмектері жанасып жатады,төменде – аналық без және оның рудименттік туындылары орналасқан, ал алдында – несеппен толған кездегі несепқуық орналасады, артында – тік ішек орналасқан. Жатыр түтігінің тесіктеріне келетін болсақ жалпы екі тесігі болады: -жатыр түтігінің құрсақтық тесігі (ostium abdominale tubae uterinae) – жатыр түтігі құйғышының ұшында орналасқан, пішіні дөңгелек тәрізді және ішастар қуысымен байланысады. Осы тесік арқылы жарылған фолликулдан (овуляция кезінде) шыққан аналық жыныс клеткасы немесе аналық без шашағы fimbria ovarica бойымен жатыр түтігінің кеңжеріне (ампуласына) өтеді.Жалпы аналық без шашағының қызметі,аналық жыныс жасушасының қимылын жатыр түтігінің құйғышына бағыттау болып табылады. Жатыр түтігінің жатырлық тесігі (ostium uterinum tubae uterinae) –жатыр қуысына ашылады (спематозоидтарды жатыр қуысынан жатыр түтігіне және ұрықтанған аналық клетканы, яғни зиготаны жатырға өткізеді).Сонымен әйелдерде ішастар жатыр түтігінің қуысы және қынап арқылы сыртқы ортамен байланысқан. -Жатыр түтігінің қабырғасының құрылысына келетін болсақ.Жалпы үш қабықтан тұрады.Оларға ішкі қабығы tunica mucosa,ортаңғы бұлшықеттік қабық tunica muscularis,сыртқы сірлі қабық tunica serosa. Жатыр түтігінің қанмен қамтамасыз етілуі .Жатыр түтігін жатыр артертясының тармағы a.uterina түтік тармақтары r.tubaris және аналық без артериясының a.ovarica тармақтары қанмен қамтамасыз етеді.Жатыр түтігін аналық без және жатыр-қынап нервтендіреді. Біз осы жатырды рентгенге түсірген кезімізле білуіміз керек жалпы жатыр түтігінің ұзын және жіңішке екендігін,сонымен қатар кеңжері аймағында кеңейген көлеңке түрінде көрсетілетінін.
176)Аналық сыртқы жыныс ағзалары. Олардың анатомиясы.
Әйелдің сыртқы жыныс ағзалары : Қасаға ( mons pubis) үстіңгі іш бөлігінен қасаға жүлгесімен,сан бөлігіндегі жамбас-сан жүлгесі арқылы бөлінген.Теріасты негізі жақсы дамыған және де қасағаны іш аймағына өтпейтін түктермен жабылған. Үлкен жыныс ернеулері ( labia majora pudendi) ұзындығы 7-8см ені 2-3см болатын сопақша пішінді тері қатпары. - кіші жыныс ернеулері ( labia minora pudendi)ұзыншалау келген қос жыныс қатпарлары.Осы кіші ернеулер үлкен ернеулердің арасындағы жыныс саңылауында қынап кіреберісін шнетнп орналасқан.Үлкен ернеулердің беттері яғни сыртқы беті мен ішкі беті бір біріне қараған. - қынап кіреберісі ( vestibulum vaginae) - кіреберістің кіші және үлкен бездері ( glandulae vestibulares majores et minores) - кіреберістің буылтығы ( bulbus vestibuli) - деліткі ( clitoris) - қыздық перде ( hymen) Қынап кіреберісі ( vestibulum vaginae) – кіші жыныс ернеулерінің арасындағы қайық пішінді саңылау тәрізді кеңістік . Қынап кіреберісінің синтопиясы: -латералді жақтарынан – кіші жыныс ернеуінің медиалды беттерімен шектескен. -алдынан - деліткімен ( clitoris) шектессе,артынан - қынап кіреберісінің шұңқырымен ( fossa vestibuli vaginaeмен) шектеседі. Қынап кіреберісіне ашылатын құрылымдар: -қынап тесігі ( ostium vaginae); - әйелдің несеп шығаратын өзегінің сыртқы тесігі ( ostium urethrae externum) – ostium vaginae мен деліткінің арасында орналасқан бүртікке (қынап тесігінен 1 см жоғары) ашылады. -кіреберістің үлкен безінің түтігі – ostium vaginae-ның екі жағында, кіші жыныс ернеуі мен hymen-ның арасында түзілетін жүлгеге, кіші жыныс ернеуінің ортаңғы және төменгі 1/3 бөліктерінің шекарасының тұсында ашылады; Кіреберістің кіші безінің түтігі – кіші жыныс ернеуінің барлық медиалді бетіне ашылады. Кіреберістің үлкен безі (glandula vestibularis major) немесе бартолиниев бездері – еркектердің буылтық-несеп шығаратын өзек безіне сәйкес келетін, өлшемі бұршақ тәрізді диаметрі 10-12мм болатын түтікті – альвеолярлы жұп без болып табылады. Кіреберістің үлкен безінің орналасатын жері: кіреберіс буылтығының артында, кіші жыныс ернеулерінің негізінде, оның артқы 1/3 бөлігінде және сілемейлік қабықтан 1 см арақашықтықта (тереңдікте) орналасқан. -glandulae vestibularis majoris-тың шығару түтіктері – кіші жыныс ернеуінің ортаңғы және төменгі 1/3 бөліктерінің шекарасының тұсында кіреберіске ашылады.

177.Шатаралық кіші және үлкен мағынада, құрылысы, бөлінуі.Әйел шатаралығының ерлер шатаралығынан айырмашылықтары.


Шатаралық (periпeum) – –кіші жамбас астауынан шығаберісті толтырып тұратын көптеген тіндердің жиынтығы.Яғни жұмсақ тіндердің оларға: тері, бұлшықетгер, шандырлар жатады. Шат аралықты алдынан артынан бүйірінен шектеліп жатқан құрылым болып табылады.Алдынан қасаға симфизінің төменгі жиегі, артынан құйымшақтың ұшы, бүйірінен қасаға және шонданай сүйегінің төменгі бөлігі мен сегізкөздегі – төмпектік байламдар мен шонданай төмпектері құрап тұрады. Бүйір жақта орналасқан шонданай төмпелерін, алдыңғы жақтағы орналасқан қасаға симфизінің төменгі орталық нүктесі мен артқы – қүйымшақ ұшындағы нүктемен қосқан кезде шатаралықтың пішіні ромб тәрізді болады. Шатаралыққа жалпы анықтама беретін болсақ – алдынан сыртқы жыныс ағзалары және артынан артқы өтіс аралығын қамтиды,ол шатаралықтың сіңірлі орталығына яғни ceпtrum teпdiпeum periпei сәйкес аймақ болып табылады. Әйелдерде бұл аймақ жыныс саңылауының артқы шетінен артқы өтістің алдыңғы жиегіне дейін, ал еркектерде ұманың артқы жиегінен артқы өтістің алдынғы жиегіне дейінгі аралықты алып жатады. Шонданай төмпелерін қосатын шонданай аралық сызық linea biischiadica болады.Ол шатаралықты екі аймаққа бөліп тұрады. Аналдық аймақ regio analis – ол горизантальді жазықтықта орналасады.Бұл аймақта артқы өтіс тесігі –анус орналасқан..Несеп-жыныс аймағы regio urogenitalis– фронтальдіге жақын жазықтықта орналасады.Ерлерде осы аймақта penis-тың түбірі орналасқан, ал әйелдерде – сыртқы жыныс ағзалары орналасқан. Әйел шатаралығының ерлер шатаралығынан айырмашылықтарына тоқталатын болсақ жалпы әйел шатарылығында ерекшеліктер болады.Әйелдерде -несеп-жыныс диафрагмасының енінің көлемі үлкен, ол арқылы несеп шығаратын өзек және қынап өтеді. Бұл аймақтың бұлшықеттері ерлердің осы аралықтағы бұлшықеттеріне қарағанда нашар дамыған, кейбір жағдайларда шатаралықтың беткей көлденең бұлшықеттері мүлдем болмаған күйлері кездеседі.Сонымен қатар-әйелдер де несеп-жыныс диафрагмасының жоғарғы және төменгі фасциялары жақсы дамыған,ал шатаралықтың терең көлденең бұлшықеті нашар жетілген. Несеп шығаратын өзегінің қысқыш бұлшықетінің будалары қынапты қоршай және оның қабырғасына шырмала орналасқан.

178.Аналді үшбұрыштың бұлшықеттері және фасциялары.


Жамбас диафрагмасы (diaphragma pelvis) – бір беткейден және екі терең орналасқан бұлшықеттерден және үш фасциядан тұрады. Беткей бұлшықеттері Артқы өтістің сыртқы қысқышы (m. sphincter ani externus) орналасқан Терең бұлшықетері: 1. Артқы өтісті көтеретін бұлшықет (m. levator ani); 2. Құйымшақ бұлшықеті (m. coccygeus). Фасциялары (сырттан, яғни тері жақтан жамбас қуысына қарай есептегенде): 1. Шатаралықтың беткей фасциясы (fascia perinei superficialis) – тері астында орналасқан, дененің жалпы беткей фасциясының жалғасы болып табылады. 2. Жамбас диафрагмасының төменгі фасциясы (fascia diaphragmatis pelvis inferior), (шатаралықтың меншікті фасциясы) – бөксенің үлкен бұлшықетінің меншікті фасциясының алдыға қарай бағытталған жалғасы және m. coccygeus пен m. levator ani-дың сыртқы бетін жауып, артқы өтістің сыртқы сфинктерінің сыртқы беткейіне өтіп, артқы өтісті қоршайтын шелмайда аяқталады. 3. Жамбас диафрагмасының жоғарғы фасциясы (fascia diaphradmatis pelvis superior) – құрсақ ішілік фасцияның (fascia endoabdominalis-тың) жалғасы жамбас астау фасциясының (fascia pelvis-тың) париеталді табағының бір бөлігі және m. levator ani-дың үстіңгі жамбас қуысыжақ бетін жауып жатады.
179.Несеп-жыныс үшбұрыштың бұлшықеттері және фасциялары.
Несеп – жыныс диафрагмасы (diaphragma urogenitalis) – несеп-жыныс аймағында орналасқан. Беткей және терең бұлшықеттерден тұрады.Беткей бұлшықеттеріне шатаралықтың беткей көлденең бұлшықеті (m. transversus perinei superficialis), буылтық-кеуек бұлшықеті(m. bulbospongiosus),шонданай-үңгір бұлшықеті (m. ischiocavernosus) жатады.Терең бұлшықеттерге шатаралықтың терең көлденең бұлшықеті (m. transversus perinei profundus),несеп шығаратын өзектің сыртқы қысқышы (m. sphincter urethrae externus) бұлшықеттерінен тұрады.
Фасциялары 1. Шатаралықтың беткей фасциясы (fascia perinei superficialis) – тері астында орналасады, дененің жалпы беткей фасциясының бір бөлігі болып табылады. 2. Жамбас диафрагмасының төменгі фасциясының беткей пластинкасы (lamina superficialis fasciae diaphragmatis pelvis inferior) – бұл фасция m. bulbospongiosus, m. ischiocavernosus et transversus perinei superficialis-тардың сыртқы яғни төменгі беттерін жауып жатады орналасады. 3.Несеп-жыныс диафрагмасының төменгі фасциясы (fascia diaphragmatis urogenitalis inferior) немесе жамбас диафрагмасының төменгі шандырының ортаңғы пластинкасы (lamina medii fasciae diaphragmatis pelvis inferior) – несеп-жыныс диафрагмасының (diaphragma urogenitalis) беткей және терең бұлшықеттерінің арасында орналасқан. 4.Несеп-жыныс диафрагмасының жоғарғы фасциясы (fascia diaphradmatis urogenitalis superior) немесе жамбас диафрагмасының төменгі шандырының терең пластинкасы (lamina profundа fasciae diaphragmatis pelvis inferior) – бұл фасция m. transversus perinei profundus et m. sphincter uretrae externus-тарды яғни аталған бұлшықеттерді үстіңгі (жоғарғы) жағынан жауып орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет