2.
Өлеңді мағынасына сәйкес теңдеу сөзбен толықтырыңыз
[...] бұрқ-сарқ етіп доландағанда
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
A. Тарсылдамай
B. Боранды
C. Тарсылдап
D. Борандай
E. Боранмен
3.
Көп нүктенің орнына сәйкес сөзді жазыңыз.
Әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рақаттанып күлсең, оның жақсылықты
жақсылығынан тапқандығын ............ көріп күл.
A. әдет
B. ғибрат
C. талас
D. таңырқап
E. арман
4. Келесі тапсырмалар төмендегі мәтін бойынша
Бумын қаған – түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі бірінші Шығыс түркі
қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі. Оның алғаш тарихқа
танылуы түркі еліне батыс Вей империясы елшілерінің келуімен тікелей байланысты.
Бұл кезде түркі елі Жыужаң қағанатының құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен
айналысатын бодан ел болатын. Бумынның бұл кездегі билік лауазымы – ұлы йабғу.
Оған ол түркі елінің басшысы болған әкесі Ту өлгеннен кейін, мұрагерлік жолмен ие
болған. Бумын – аса ірі саясаткер, көреген басшы. Ол алып империяның айдап салуына
елігіп, билікке таласушылардың қолшоқпарына айналмай, өз саясатын жүргізе біледі.
Достарыңызбен бөлісу: