1. Сөйлемді мағынасына сай толтырыңыз


«Оң ықпал ету» сөз тіркесінің мағынасына жақын сөзді табыңыз



Pdf көрінісі
бет8/62
Дата08.07.2022
өлшемі1,76 Mb.
#37556
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62
«Оң ықпал ету» сөз тіркесінің мағынасына жақын сөзді табыңыз 
A. дұрыс бағалау 
B. көмек беру 
C. он рет өлшеу 
D. ұтымды ойлау 
E. жақсы әсер қалдыру
11. Сый тарту – кез келген салтанаттың ерекше бөлімі. «Әр елдің салты басқа» дегендей, әр 
ұлттың неке қию салтанатында сый жасау үрдісі әрқилы. 
Малайзия елінде жас жұбайларға піскен жұмыртқа сыйлау дәстүрі бар. Наным бойынша, 
жұмыртқа жаңа шаңыраққа байлық пен бақ әкеледі. 
Грузия елінде үйлену тойына «чирагдани» деп аталатын ағаштан жасалған әшекей 
бұйымдарды сыйлайды. Бұл «байлық пен өмірдің ағашы» болып саналады. Чирагдани жас 
жұбайлар ғұмырлы, ұрпағы көп болсын деген ниетпен тартылады. 
Вьетнам халқы жас жұбайларға қарбыз дәнін сыйға тартады. Мұнда ұрпақ санының 
көбеюіне оң әсерін тигізеді деген сенім бар. 
Папустардың пайымдауынша, үйлену тойына шошқа, құс терілері мен теңіз ұлу 
қабыршақтарын сыйлау керек. Шошқа Жаңа Гвинея елінде киелі жануар болып саналады. 
Ал оның терісін сыйға алу – үлкен мәртебе. Шошқа терісі байлық әкеліп, ұрпақ санының 
артуына оң ықпал етеді деген наным бар. 
Берілген мәтіннің мақсатын анықтаңыз 
A. түрлі халықтың сыйлық тарту үрдісіне салыстыру келтірілген 
B. сыйлық түріне сараптама жасалған 
C. сыйлыққа тарту мәдениетіне пікір берілген 
D. сыйлауға болатын сыйлықтарға талдау жүргізілген 
E. сыйлықтарға қатысты түсініктеме берілген 
12. Сый тарту – кез келген салтанаттың ерекше бөлімі. «Әр елдің салты басқа» дегендей, әр 
ұлттың неке қию салтанатында сый жасау үрдісі әрқилы. 
Малайзия елінде жас жұбайларға піскен жұмыртқа сыйлау дәстүрі бар. Наным бойынша, 
жұмыртқа жаңа шаңыраққа байлық пен бақ әкеледі. 
Грузия елінде үйлену тойына «чирагдани» деп аталатын ағаштан жасалған әшекей 
бұйымдарды сыйлайды. Бұл «байлық пен өмірдің ағашы» болып саналады. Чирагдани жас 
жұбайлар ғұмырлы, ұрпағы көп болсын деген ниетпен тартылады. 


Вьетнам халқы жас жұбайларға қарбыз дәнін сыйға тартады. Мұнда ұрпақ санының 
көбеюіне оң әсерін тигізеді деген сенім бар. 
Папустардың пайымдауынша, үйлену тойына шошқа, құс терілері мен теңіз ұлу 
қабыршақтарын сыйлау керек. Шошқа Жаңа Гвинея елінде киелі жануар болып саналады. 
Ал оның терісін сыйға алу – үлкен мәртебе. Шошқа терісі байлық әкеліп, ұрпақ санының 
артуына оң ықпал етеді деген наным бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет