№1 соөж білім беру саласындағы зерттеулер және іс-әрекеттегі зерттеулер


Іс-әрекеттегі зерттеу кезеңдерінің сипаттамасы



бет2/3
Дата01.10.2022
өлшемі42,8 Kb.
#41009
1   2   3
Іс-әрекеттегі зерттеу кезеңдерінің сипаттамасы:
І кезең: Проблеманы айқындау. Мұғалімдерде тәжірибе барысында бір емес, бірнеше өзекті мәселелер болатыны сөзсіз, дегенмен мұғалім анықталған бірнеше мәселенің ең маңыздысын таңдап алуы тиіс ( мысалы, мұғалім өз тәжірибесінде топтық жұмыс тиімділігінің тиімсіздігін байқайды). Проблеманы айқындап болғаннан кейінгі мұғалімнің міндеті- зерттеу сұрағын тұжырымдау. Өз кезегінде зерттеу сұрағы оқушылардың нәтижелеріне, мектептегі ахуал мен мектеп мәдениетіне, оқу үдерісіне қатысты болуы мүмкін.
Тақырыпқа қатысты теориялық әдебиетті зерделеу- зерттеу үдерісінің маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Әдістемелік әдебиетке шолу жасаудың пайдалылығын растайтын үш себеп бар:

  1. Сіз таңдаған педагогикалық мәселеге қатысты басты идеяларды анықтауға көмектеседі.

  2. Қаралып отырған мәселе мен басқа пәндік салалар арасындағы байланыс туралы ақпарат аласыз.

  3. Осы тақырыпты зерттеумен айналысып жүрген басқа адамдардың зерттеу нәтижелерімен танысасыз.


ІІ кезең: Деректерді жинақтау. Жинақталған деректер белгілі бір сыныпта не болып жатқанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл сатыда мұғалім зерттеуге қолайлы болып табылатын дерек жинау тәсілін таңдайды. Тәсіл таңдау барысында әрбір тәсілдің артықшылықтары мен кемшіліктерін ескерген жөн.
ІІІ кезең : Деректерді түсіндіру/ талдау.
Мұғалім жинақталған деректермен танысып, анағұрлым жиі кездесетін және маңыздылығы жоғары сәттерді анықтайды. Мысалы, мұғалім 5 сынып оқушылары бойынша жинақталған деректерді талдау негізінде үздік оқушылардың оқуға деген ынтасының төмендігін анықтайды. Мұғалім бастапқыда бұнымен келісе алмай, осының дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін мектеп психологымен бірлесіп, қосымша зерттеу жүргізеді. Қосымша зерттеу нәтижесінде үздік оқушылардың оқуға ынтасының төмен болуының себептері анықталады. Оның себебі – сабақта сралаудың жүзеге асырылмауы, яғни сабақ жоспарлау барысында оқушылардың танымдық деңгейлерінің ескерілмеуі.
ІV кезең: деректер негізінде әрекет ету, яғни негізгі мәселені шешуге бағытталған тәсілді енгізу негізінде сабақ жоспарлау және оны жүзеге асыру. Жоғарыда келтірілген зерттеу мысалын жалғастырсақ, үздік оқушылардың ынтасының төмен болу себептерін анықтап алған соң , мұғалім олардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру мақсатында сабақ жоспарына мақсатты түрде саралау тәсілдерін енгізіп, өз тәжірибесінде қолдану туралы шешім қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет