№1 соөж білім беру саласындағы зерттеулер және іс-әрекеттегі зерттеулер


V кезең: нәтижелерді бағалау. Тәжірибенің жақсарғанын анықтау үшін, енгізілген өзгерістерді келесі сұрақтар мәнмәтінінде бағалау қажет: VІ кезең



бет3/3
Дата01.10.2022
өлшемі42,8 Kb.
#41009
1   2   3
V кезең: нәтижелерді бағалау. Тәжірибенің жақсарғанын анықтау үшін, енгізілген өзгерістерді келесі сұрақтар мәнмәтінінде бағалау қажет:
VІ кезең: болашақ әрекеттерді жоспарлау.
Деңгейлік бағдарламалар бойынша курстан өткен соң мұғалімдер өз пәндері бойынша оқыту тәжірибесін зерттеуге талпыныс жасауда. Әрине, бұл үдерісті жүзеге асыруда мұғалімдер көптеген қиындықтарды бастарынан өткеруде. Соның бірі – зерттеу сұрағын дұрыс тұжырымдау. Зерттеу сапасы зерттеу сұрағының дұрыс тұжырымдалуына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан мұғалімдерге біліктілік арттыру ұйымдары тарапынан, нақтырақ айтсақ, тренер тарапынан қолдау қажет.
Бұл бағытта Педагогикалық шеберлік орталығы өз жұмысын жалғастыруда. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мекетептерінде зерттеу мәдениетін қалыптастыру және мұғалімдердің зерттеушілік жұмысын жандандыру, қолдау көрсету мақсатында 2018 жылдан бастап, «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін даярлау курстары жүргізіліп келеді. Бұл бағдарлама Сабақты зерттеу және Іс-әрекеттегі зерттеу үдерістерін зерделеуге бағытталған. Оның мақсаты – жоғарыда айтылған екі зерттеу тәсілін жүзеге асыру барысында мұғалімдердің зерттеу дағдыларын дамыту. Бұл мұғалімдердің зерттеу дағдысын қалыптастыруды көздеп отырған алғашқы бағдарлама. Осы бағдарламаның жүзеге асырылуы мектептердің кәсіби қоғамдастығында зерттеу мәдениеті қалыптасып, мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу сапасы артады деген сенім ұялатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет