№1 соөж білім беру саласындағы зерттеулер және іс-әрекеттегі зерттеулер



бет1/3
Дата01.10.2022
өлшемі42,8 Kb.
#41009
  1   2   3
Байланысты:
¹1 ñî?æ á³ë³ì áåðó ñàëàñûíäà?û çåðòòåóëåð æ?íå ³ñ-?ðåêåòòåã³ çåð






1 СОӨЖ Білім беру саласындағы зерттеулер және іс-әрекеттегі зерттеулер













Орындаған: Сыдан Ернұр ҚБ 204
Қабылдаған: Сейдахметов Бауыржан





Мұғалімнің біліктілігін арттыру- педагогиканың өзекті мәселелелерінің бірі. Білім сапасының кепілі –мұғалімнің кәсіби дайындығы мен шеберлігі. Оқушылардың білім сапасының мұғалімнің кәсіби даму деңгейіне тікелей тәуелді екенін халықаралық зерттеулер негізінде жасалған диаграммадан көруге болады. Төменде келтірілген диаграмма мұғалімнің кәсіптік дайындығы мен оқушының білім сапасы арасындағы тәуелділікті дәлелдей түседі. Диаграммада білім деңгейі бірдей екі оқушы берілген. Бірақ 8 жастан бастап оларды кәсіби деңгейі әр түрлі мұғалімдер оқытқан: жоғарыда көрсетілген оқушы –кәсіби шеберлігі жоғары мұғалімдерден, ал төменде көрсетілген оқушы біліктілігі төмен мұғалімдерден білім алады. Арада үш жыл өткен соң, үздік мұғалімдерден білім алған оқушының білім сапасы — 90 %, ал екінші оқушының білім сапасы- 37 %. Зерттеу нәтижесі жоғары білікті мұғалім сабақ беретін сынып оқушыларының біліктілігі төмен мұғалім сабақ берген оқушыларға қарағанда танымдық тұрғыдан 3 есе тез дамығанын көрсетіп отыр.


Көптеген нормативті құжаттарға сәйкес мұғалім 5 жылда бір белгілі сағаттар мөлшеріне сәйкес біліктілік курстарынан өтіп, өзінің шеберлігін шыңдап отыруы тиіс.
Осы уақытқа дейін семинарлар мен конференцияларға қатысу, әріптестерінің сабақтарына қатысу және ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен танысу мұғалім тәжірибесін жетілдірудің оңтайлы тәсілдері ретінде қаралып келді. Бірақ аталған тәсілдер арқылы біліктілік арттыру оқу үдерісіне елеулі өзгерістер енгізіп, олардың тұрақты орын алуына ықпал ете алмағандығын уақыт дәлелдеп бергендей. Аталған біліктілік арттыру тәсілдері сыртқы білімді ғана қалыптастырады. Эксплициттік білімді имплициттік білімге айналдырғанда ғана ол нәтиже береді. Осы тұрғыдан мұғалімнің күнделікті оқыту тәжірибесін зерттеуі ішкі білім алудың аса тиімді тәсілі болып табылады, өйткені олар мұғалімдерді өз тәжірибелеріне терең үңіліп, оған сыни көзбен қарап, өз жетістіктері мен кемшіліктерін талдау негізінде шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді. Сол себепті Педагогикалық шеберлік орталығымен әзірленген біліктілік арттырудың деңгейлік бағдарламаларында мұғалімдерге күнделікті тәжірибесін зерттеу негізінде кәсіби дамуына ықпал ететін заманауи тәсілдер қарастырылған.
Солардың бірі — іс-әрекеттегі зерттеу. Көптеген Батыс елдерінде бұл тәсіл әртүрлі білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үдерістің ажырамас бөлігі болып табылады, сонымен қатар университетте «Іс-әрекеттегі зерттеу» курсынан өтуге болады; әдетте бұл курс магистратурада оқитын азды-көпті тәжірибесі бар студенттерге ұсынылады, өйткені ол мәні және мазмұны бойынша тәжірибеге бағытталған. Ал біздің білім беру жүйемізде іс-әрекеттегі зерттеу мұғалімдер үшін жаңа ұғым. Білім беру саласындағы дәстүрлі зерттеуде оқу үдерісін әдетте ғалымдар зерттейді. Ал деңгейлік бағдарламада қарастырылған іс-әрекеттегі зерттеуді сабақ беріп жүрген мұғалімдер өз күшімен жүзеге асырады, өйткені аталған тәсіл идеясы оқу үдерісіне тікелей қатысты адамдарға негізделген. Зерттеуді сыныпта анықталған маңызды, көкейтесті мәселесі бойынша бір мұғалім, жалпы проблема бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер тобы жүргізе алады.
Іс-әрекеттегі зерттеудің мәніне тоқталсақ, ол келесі қадамдардан тұрады: проблеманы айқындау, деректер жинау, жинақталған мәліметтердің талдауы және интерпретациясы, деректер негізінде әрекет ету; нәтижелерді бағалау, болашақтағы әрекеттерді жоспарлау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет