1 соөж тақырып: Сауат ашу әдістемесі мен жаңартылған білім бағдарламасының ерекшеліктерін талдау Мақсаты: «Сауат ашу»



бет2/6
Дата10.02.2022
өлшемі39,56 Kb.
#25198
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Белсенді оқу

Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс, ойын «баламалары» және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді. Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар математика сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық мәселесін қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе сөздерді жіктеу сияқты ойындар – тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны көрсетудің бірден-бір қызықты әрі тартымды тәсілдерінің бірі. Көптеген стратегиялық ойындарды (мысалы, «Алға») деп аталатын ежелгі қытай ойыны) тұрғындар мен қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға болады.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің қолданылатын тағы да бірқатар тәсілдер:

• Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым мен жазылым;

• Қарым-қатынас жаттығуларын пайдалану;

• Проблема шешу мақсатында жеке және топта жұмыс істеу;

• Орындау арқылы білім алу (әрекет ету арқылы);

• Ашық сұрақтарды пайдалану;

• Дәлел ұсынуға ынталандыру;

• Зерттеу барысында бірлесіп жұмыс істеу;

• Зерттеуге негізделген оқу, оның барысында оқушылар мәселені жеке өздері зерделейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет