Сот-медицина қызметінің үйымдастырылуы және құрылымы Елімізде сот-медицина сараптамасын:
а) аудандық, ауданаралық, қалалық сот-медицина сарапшылары;
ә) республикалық бағыныстағы қалалар мен облыстардын сот-медицина сарапшылары;
б) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бас сот-медицина сарапшысы жүзеге асырады. Қалалық (Алматы), облыстық аға сот-медицина сарапшылары мен Денсаулық сақтау министрлігінің Бас сот-медицина сарапшысы арнаулы сот-медицина сараптама мекемелерін - қалалық (Алматы), облыстық, республикалық сот-медицина сараптама бюросын басқарып, олардың бастығы қызметін атқарады.
Сот-медицина сараптама бюросының қүрамына мына бөлімдер кіреді:
1) тірі адамдарды сот-медициналық түрғыдан куәландыру бөлімі (емхана);
2) сот-гистология бөлімшесі мен өлікті зерттеу бөлімі (мәйітхана);
3) айғақты заттарды сот-медициналық зерттеу бөлімі (сот-медицина лабораториясы), оның:
а) физикалық-техникалық зерттеу
ә) сот-биологиялық зерттеу;
б) сот-химиялық зерттеу бөлімшелері бар. Сот-медицина сараптама бюросы:
а) зорлықпен өлтірілген немесе зорлықсыз өлген жағдайларда өлімнің уақытын, сипаты мен себептерін анықтау және анықтама, тергеу және сот органдары алға қойған басқа дамәселелерді шешу үшін өліктерді зерттеу;
ә) дене жарақаттарының сипаты мен ауырлығын анықтау, жыныстық қылмыстар жөнінде сараптама жүргізу, сондай-ақ анықтама, тергеу және сот органдары алға қойған басқа да мәселелерді шешу сараптамаларын;
б) объектілерге сот-медициналық, физикалық-техникалық және сот-химиялық зерттеу жүргізу жолымен айғақты заттарға сараптамалар;
в) жеке адамның өміріне, денсаулығына және қадір-қасиетіне қарсы қылмыс жасалған істердің материалдары бойынша және кәсіптік қүқық бүзушылық үшін медицина қызметкерлерін қылмыстық жауапқа тарту туралы істер бойынша сараптамалар жасайды;
г) сот-медициналық клиникалық-анатомиялық конференцияларда емдеуші дәрігерлермен бірге сот-медицина оқиғаларын талқылайды.
Бюро бастығы емдеу мен диагностикада табылған кемшіліктер туралы денсаулық сақтау органдарына жеткізеді, өте жүқпалы аурулар табылған жағдайда хабарлап отырады.
Сот-медицина сараптама бюросында адам патологиясының нақгы проблемалары меН арнаулы сот-медицина мәселелері ғылыми жолмен өңделіп, кенеттен өліп кету, тасымалдағы жарақаттану, өнеркәсіпте және түрмыста улану материалдарына талдау жасалады, сот-медицина сарапшылары мен сот химиктерін мамандандыру және олардың білімін арттыру жүзеге асырылады. Сот-медицина сараптама бюролары денсаулықь сақтау органдарына жатады және олар әкімшілік-шаркашылық жағынан облыстық денсаулық сақтау бөлімдеріне бағындырылған.
Сот-медицина қызыметінің мүлтіксіз ұйымдастырылуы, срапшының сот әділдігі органдарына тәуелсіздігі, оның іс-нәтижесіне материалдық жағынан мүдделі болмауы сот-медицина сараптамасының объективтілігіне жәрдемдеседі.