Разноцветная Минималистичная Фигуры Внутренняя Бизнес-план Видеопрезентация



Дата02.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#71254
Байланысты:
pptx 20230217 124103 0000


Психологиялық-педагогикалық зерттеу даму тарихы.
Дайырдаған:Ақылбекқызы Аида ПКО 201
Тексерген:Боранбаева.Г.Б
жоспары:
1. Психологиялық таным
2. Тестті шығу тарихы
Таным процестері жеке адамның жан дүниесінде ішкі өміріне байланысты адамның психологиялық сезінуі, қабылдауы, түсінуі. Адамның таным процестері әртүрлі түйсіктер, рецепторлар арқылы дамып отырады. Түйсік қарапайым таным процесі болып саналады. Материалды дүниенің, болмыстың жеке қасиетін бейнелейді.
Таным процестерінің түрлері:
а)түйсік,қабылдау,эмоциялар мен сезімдер.
ә)зейін,ойлау,сөйлеу.
б)ес,қиял,ерік.
Қабылдау- бұл заттар мен құбылыстардың, объективті дүниенің интегралды жағдайларының сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін қасиеттері мен бөліктерінің жиынтығында бейнеленуі.
Түйсік (ағылш. Sense) – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі.Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді.
Сезімдер-өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілікқажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б.
Зейін-адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Сөйлеу орысша говорение-адамның тілдік амалдар арқылы пікір,ой білдіру әрекеті.Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен,негізінен,адамның психикалық қабілетіне,қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді.
Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі.
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс.
    • ТЕСТТІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
    • Тест — психологияда адамның жеке басында психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белігілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. «Тест» — ағылшын сөзі, мағынасы «сынақ» дегенді білдіреді. Сынақ әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытындыланады.

ХХ ғасырдың басында іскерлік пен дағдыларды, объективті білімді бақылауға арналған алғашқы тесттар пайда болды. Олар Англия мен АҚШ-тың жоғарғы оқу орындары мен мектеп мұғалімдері арасында, кейін КСРО-да танымалдылыққа ие болды.
Қазіргі уақытта "тест" термині кең мағынада қолданылады. Оны бастапқыда американдық психолог Дж. Кеттел 1890 жылы " Тест "ағылшын тіліндегі" тест " сөзінен шыққан және сөздің кең мағынасында сынақ, зерттеу, тәжірибе дегенді білдіреді. Педагогикада көбінесе "тест" термині құрылымды объективті бағалауға және оқушылардың дайындық деңгейін сапалы өлшеуге мүмкіндік беретін белгілі бір формадағы, белгілі бір мазмұндағы, өсіп келе жатқан қиындықтардағы тапсырмалар жүйесі ретінде анықталады.
Бекітілген сұрақтар:
1.Психологиялық таным деген не?
2.Қабылдау дегеніміз не?
3.Тест деген не?
4.Тест ағылшыннан аударғанда қандай мағына береді?
Қолданылған әдебиет:
“Психологиялық-Педагогикалық Диагностика”,Төребаева.К.Ж. Есенғұлова.М.Н

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет