1. Сөзжасам және граматика



бет1/4
Дата26.12.2023
өлшемі23,41 Kb.
#143954
  1   2   3   4
Байланысты:
тбк


1.Сөзжасам және граматика
Сөзжасам орыс. словообразование – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады. Сөзжасамның тәсілдері:
1.Семантика-фонетика – кей дыбыстардың сәйкесуі нәтижесінде жаңа сөз жасау мүмкіндігі;
2.Семантикалық сөзжасамдық – сөз тұлғасы өзгермей-ақ, жаңа мағыналы туынды сөздің жасалуы;
3.Семантика-синтетикалық сөзжасамдық – негізге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы екіншілік мағынаның туындауы;
4.Семантика-аналитикалық – негіздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті.
Болмыстың әр алуан белгілеріне атау беру халықтың
дүниетанымымен, ой-санасының, өсуімен, ұлттың психологиясымен, менталитетімен тығыз байланыста болады. Болмыстағы кез келген зат не құбылыс туралы ұғым тілдік таңба арқылы таңбаланып, өзінің сөздік бейнесін
жасайды. Бұл таңбаланған бейне сөзжасамдық процесс арқылы жасалып, атау
ретінде танылады. Атаудың жасалу, қалыптасу процесі - сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны. Яғни сөзжасам - ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік танбасын жасау процесін айкындайды. Сөзжасам - атау жасау процесі. Процесс нәтижесі
- туынды сез. Сезжасам тунды сездін жасалу сипатын, едіс-тесілін, уәжділігін, жасалған жана ерекше магынанын ішкі курылымын талдайды.
Казак тіл білімінін, гылым ретінде калыптасып, даму жылдарында сезжасамнын кей мэселелері морфологиянын аясында карастырылды да, негізінен сез жасалу урдісінін синтетикалык жолмен ягни журнактар аркылы туынды сөз
жасалуы зерттелді.
ХХ гасырдың 90-жылдарынан казак тілінің сезжасам саласы туралы эртурлі денгейде гылыми енбектер жазыла бастады. Алгашкы іргелі енбек "Казіргі казак тілінін сезжасам жуйесі" (1989) атты монографиялык зерттеу болды.
Мунда сезжасам жеке гылыми сала ретінде танылып, онын негізгі теориялык маселелері зерделенді. Осы кезден бастап, казак сезжасамы ғылыми-теориялык барытта сараланып, талданып, эртурлі гылыми аспектіден жуйелі турде карастырылып келеді.
Грамматика (гр. γραμματική; грамматике – әріп, жазу) — тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы.
Үлкен екі саласы бар:
морфология;
синтаксис.
Грамматика ережелерді орнату жолымен тілдік категориялар арасындағы қатынас жүйесі. Орнатылған ережелер негізінде тілді құрайтын элементтер қалыптасады және бірігеді. Бұл элементтер анық болып көрінсе де, грамматикада теориялық ұғым болып табылады, «зат есім, етістік, сын есім» сияқты.[1]
Грамматика (грек. лат. grammatike (techne) — әуел баста әріптерді оқи алу және жаза білу енері, лат. grammййa — әріп) — тілдің ішкі (граммат.) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі;
тілдің граммат. құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, граммат. тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрлысын, сездердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зертттейтін тіл білімінің бір саласы.
Граматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады:
сөзжасам процесінің тәсілдері — сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сез байлығын молайту амалдары;
морфология — сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты;
синтаксис — сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.
Мектеп оқулықтары мен кейбір зерттеулерде тілдің мәнді бөліктерін құрайтын дыбыстар жүйесіне, сөздер мен сейлемнің ырғақты әуеніне (интонация) байланысты фонет. құбылыстар да, дұрыс жазуға байланысты орфографияның, сөздегі дыбыстардың айтылуына байланысты орфоэпияның, сейлемде тыныс белгілерін дұрыс қоюға байланысты пунктуацияның мәселелері де Грамматика шеңберінде қаралады. Сөзжасамға тілімізде туып отыратын жаңа сездердің жасалу амал-тәсілдері, лексика-семантикалық яғни бөтен тілден сөз aлу, жаңа ұғымға байланысты сөз мағынасының өзгеруі арқылы жасалған туындылар, синтетикалық яғни қосымшалар арқылы жаңа сөз жасау, аналитикалық яғни сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі т. б. сөзжасам үлгілерінің өнімді-өнімсіз, құнарлы-құнарсыз түрлері, олардың заңдылықтарымен бірге бұрыннан да жасалып, қалыптасып кеткен сөздердің құрамдық-құрлыстық сипатын анықтау жатады. Тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауда оған тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды, олардың сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің граммат. құрылысындағы белгілі жүйелер, заңдылықтар, атап айтқанда тілдегі сөздердің белгілі бір ортақ грамматикалық қасиеттері арқылы топ-топқа белінуі, сөйлеуде сол сөздердің бір-бірімен байланысқа түсуі, сейлем құрап, белгілі бір қызмет атқаруы негізгі грамматикалық ұғымдармен сипаттапады.
3. Сөздің грамматикалық, лексикалық мағыналары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет