«1 сұрақ» Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзақ-қа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мына-дай 3кезеңге бөлінеді: Палеолит – ежелгі тас дәуірі



бет10/12
Дата14.02.2023
өлшемі93,54 Kb.
#67923
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
«1 ñ?ðà?» Àäàìíû? àë?àø?û å?áåê ??ðàëäàðû òàñòàí æàñàë?àí. Ñîíäû

Сармат тайпалары. Сармат тайпаларының қалыптасуы сақтар сияқты өте ерте заманнан басталады. Қазақстанның батысын мекендеген олардың ежелгі тұрағы — Арал мен Каспий теңізі арасындағы аймақ. Кейіннен сарматтар б.з.д. III ғ. — б.з. IV ғасырларында Тобылдан Дунайға дейінгі аралыққа таралып қоныстанған тайпалардың жалпы атауына айналды. Олар ертеректе б.з.д. VIII—IV ғғ. савроматтар деп аталған. Савроматтар — далалық қола дәуірі тайпаларының ұрпақтары, қима мәдениеті мұрагерлері болып табылады. Б.з.д. IV ғасырдағы жазба дереккөздерінде савроматтарды сарматтар деп жиі атайды. Себебі, осы кезде савромат қоғамында қайта топтасулар жүрді. Ескі рутайпалың одақтар шығыстан келген (Қазақстан, Арал, Оралдың арғы жағы) тайпалар есебінен жаңа мәдениет қалыптастырды. Сарматтардың архее жататын келесі бір алтын адам жерленген. Аралтөбе қорымының диаметрі — 20 м, пішіні күн кейпінде дөңгелек, 12 бөліктен (12 айды білдіреді) тұрады. Бұл ескерткіштің ерекшелігі — түркі тектес халықтарға тән қайқы қылыштың табылуы. Бұрын сарматтар дәуірінің (б.з.д. IV — б.з. II ғғ.) ескерткіштерінде тек семсер, қанжарлар ғана табылатын, ал қылыштың пайда болу кезеңі көне түркі тайпаларының дамуымен байланысты қарастырылатын. Демек, қайңы қылыштың шығу кезеңі біраз тереңдетіліп, оны Қазақстанның Батыс өңіріндегі сармат тектес халықтардың тарихымен тікелей байланыстыруға мүмкіндік туды.Сарматтар ірі саяси одаққа б.з.д. II—I ғасырларда ғана біріккен. Ғалымдар сармат тайпалар одағының языг, роксолан, аорс, алан сияқты бөлігі осы савроматтардан бөлініп шыққан деп есептейді. Олар Оңтүстік Орал, Еділ бойы мен Донның шығыс жағалауына дейінгі далалық аймақтарды мекендеген, негізінен, көшпенді тайпалардың тобын құрады.Сарматтар ірі саяси одақтар құрып, олардың батыс тобы Солтүстік Кавказ, Солтүстік Қара теңіз жағалауы елдерінің ежелгі тарихында елеулі рөл атқарды. Б.з.д. II—I ғасырларда Скифияның көп бөлігін жаулап алып, Қырыммен Солтүстік Қара теңіздегі антикалық қалаларға қоныстанған. Б.з.б. I ғасырда Оңтүстік Кавказда Рим империясына қарсы күреске қатысты.Сарматтардың шығыс тобының тарихы Орталық Азия мен Хорезм, Сырдария бойы сақтарымен байланысты болды. Каспий, Арал теңізінің солтүстігінде савроматсарматтық мәдениет таралды. Оларда зергерлік өнер жақсы дамыды. Елек өзеніндегі Орск қаласының маңынан табылған Бесоба қорымынан әшекейлі заттар (алтын сырғалар) мен Ахеменидтік Ираннан әкелінген шыныдан жасалынған ыдыстар табылған. Олар Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде жасалынған (б.з.д. V—IV ғ.). Бұл жәдігерлер сарматтардың басқа өркениеттермен байланыс орнатқандығын көрсетеді. Батыс Қазақстан, Орал, Елек, Ор өзендері алабында сармат қоғамы жақсы дамыды. Ембі арқылы Әмудария мен Шығыс елдеріне апаратын керуен жолы өтті.Сарматтар «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» белсене араласты. Ғұндар келгенше осы жерде басты саяси және әскери күшке айналды. Батыс Еуропадағы құлиеленуші құрылыстың күйреуіне әсер етті. Олардың жекеленген бөлігі (аландар) Еуропаны кесіп өтіп, Испанияға, Солтүстік Африкаға жеткен. Сармат тайпаларын IV ғасырда ғұндар талқандады. Осыдан кейін олар Еуропадағы оңтүстік-шығыс славян, Кавказ өңіріндегі тайпаларымен араласып кірігіп кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет