«1 сұрақ» Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзақ-қа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мына-дай 3кезеңге бөлінеді: Палеолит – ежелгі тас дәуірі


) Ерте темір тайпалырының этносаяси және әлеуметтік тарихы



бет9/12
Дата14.02.2023
өлшемі93,54 Kb.
#67923
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
«1 ñ?ðà?» Àäàìíû? àë?àø?û å?áåê ??ðàëäàðû òàñòàí æàñàë?àí. Ñîíäû

10) Ерте темір тайпалырының этносаяси және әлеуметтік тарихы
Сақ және сармат тайпаларының кезеңдері. Сақ және сармат тайпалары туралы деректер. Темір дәуірі немесе темір ғасыры — тас дәуірі және мысты мен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі тарихи кезең болып табылады. Темір дәуірінің ерте кезеңі ерте темір дәуірі деп аталған. Оның басталу мерзімі әр елде әрқалай. Қазақстан және оған көршілес аймақтарда ерте темір дәуірі б.з.д. 1 мыңжылдықтың басында басталып, б.з. 1 мыңжылдығының орта шеніне дейін жалғасады. Ал жалпы темір дәуірінің аяқталу уақытын кей ғалымдар Еуропадағы өнеркәсіп төңкерісінің басталу мерзімімен байланыстырса, ал енді бір тарихшылар үшін темір дәуірі бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Себебі темірдің қорытпасы болып табылатын болат пен шойын осы заманның да негізгі конструкциялық материалы болып табылады. Ерте темір дәуірінде қазіргі қазақ жерінде сақ, сармат, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары өмір сүрді. Сақтар мен сарматтар. Б.з.д. 1 мыңжылдықтаҚазақстан жерінде, Орталық Азияда, кейінірек Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанда сақ деген жалпы атауы бар тайпалар мекендеген. Дәл осы заманда Солтүстік Қара теңіз, Днепр өзені бойын скиф деп аталатын тайпалар жайлаған. Олар мәдениеті жағынан сақтарға туыстас болған. Осы кезде Еділ жағалауында, Орал тауының оңтүстікшығыс бетінде савромат тайпалары өмір сүрген.Геродот сақ және скиф тайпаларының туыстығын көрсете келіп, олардың ортақ «сколот» деген атпен де белгілі екендігін айтады. Геродоттың айтуы бойынша, бұл тайпаларға скиф деген атауды гректер берген. Олардың тегі Азиядан шыққан.Көне парсы жазба ескерткіштеріне жататын «Персеполь», «Бехистун» жазуларында тур тайпаларының ортақ атауын сака деп береді. Біраз кейінірек табылған жазбаларда сақтарды ендігі жерде үш топқа бөледі. Олар — парадарайя сацтары, тиграхауда сацтары және хаомаварга сақтары. Парадарайя сақтары дегеніміз — теқіздіқ арғы жағындағы сақтар. Бүгінгі күні көп зерттеушілер парадарайя сақтарының мекендеген жерін Қара теңіз жағалауы деп есептейді. Тиграхауда сақтарының негізгі орналасқан жері Каспий теңізінің шығысынан Жетісуға дейінгі аймақ деп көрсетеді. Ал массагеттер осы тиграхауда сақтарының грек жазбаларындағы атауы деген пікірлер де бар.Тиграхауда сақтары жөніндегі деректерді Ахеменид патшалары II Кир мен Дарийдің оларға қарсы жасаған жорықтары жөніндегі жазба мәліметтерден де білеміз. Олар осы күнгі Ташкенттің маңайын, Тянь-Шаньды мекендеген.Грек жазба деректерінде хаомаварга сақтарды кейде амюргия сацтары деп те атайды. Олар Ежелгі Бактрия мен Маргиана аймақтарында, яғни Әмудария мен Мұрғаб өзендерінің жағалауларында орналасқан. Сонымен қатар хаомаварга сақтарының біраз топтары қазіргі Ташкент облысын, Ферғана маңын жайлаған.Көне грек тарихшыгеографы Страбонның хабарлауынша, массагеттердің солтүстігінде дах (дай) тайпалары өмір сүрген. Бұл, шамамен Аралдың оңтүстігі мен Каспий теңізінің шығысы болса керек. Б.з.д. III ғасырдан бастап массагеттердің аты көп аталмайды, олардан гөрі дайлар (дах) тарихи мәліметтерде көбірек аталып, бұлар Каспийдің оңтүстік-шығысынан Парфия шекарасына дейінгі жерді алып жатты.«Авестада» сайрим деген тайпалар жөнінде айтылады. Осы сайрим тайпаларын кей ғалымдар грек деректеріндегі савромат, сарматтар деп есептейді. Олар Каспийдің солтүстік-батысынан Азов теңізіне дейінгі аралықты жайлаған. Бұлардан солтүстікке қарай Жайық өзені бойына аргиппейлер орналасқан. Аргиппейлерден шығысқа қарай исседондар жайлаған. Олардан солтүстік-шығысқа қарай аримаспылар мен «алтын қорыған самұрық» тайпалары орналасқан.Сонымен, ғалымдардың тұспалдауы бойынша, аргиппейлер қазіргі Солтүстік, исседондар — Орталық, ал аримаспылар Шығыс Қазақстан жерін мекендеген. Бұл аталған тайпалар Қазақстан жерінде б.з.д. VIII—IV ғасырлар аралығында өмір сүрген. Бұлар өзара мәдениэтникалық жақын, туыстас тайпалар болған. Сақ тайпаларының әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы. Қазақ мемлекеттігінің тұптамырын зерттеуді сақ, үйсін, қаңлы және ғұн тайпаларының әлеуметтік құрылымынан бастаған жөн. Ғылымда бұл көшпелі тайпалардың әлеуметтік құрылымы аз зерттелген.Сақтар мен үйсіндер өмір сүрген (б.з.д. VIII ғ. — б. з. V ғ.) көшпелі қоғамда малға жекеменшіктің шығуына байланысты қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді. Сөйтіп, мемлекеттік құрылымның пайда болуы жүзеге асты. Сақтардың мемлекеттік құрылымынан олардың көршілері Ахеменидтік Иран мен ГрекБактриялық мемлекеттердің әсерін байқауға болады. Ал үйсіндерден Хань (Қытай) патшалығының әсері сезіледі. Сақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды қалпына келтіруде жазба деректері мардымсыз, сондықтан археологиялық деректердің маңызы ерекше. Алғашқы кездегі сақ қоғамын әскеридемократиялық жүйе деп түсіну керек. Ал әскеридемократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери демократия заманында байлық тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана емес, басқа жұрттардың мал-мүлкін тартып алу арқылы да жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тең бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болды. Бұл кейін мүлік теңсіздігіне әкеліп соғып, қоғамда байкедей топтар қалыптаса бастады. Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске алып келді. Соңында таптың қоғамдағы меншікті қорғайтын, әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, өндіріс пен соғысты, қорғанысты ұйымдастыратын аппарат — мемлекет пайда болды. Антикалық авторлардың деректері бойынша, сақтарда патшалар мен патшайымдар болған. Олардың қол астындағы жұртына әмірі күшті болды. Сақ патшалары соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешті, басқа елдерге елші тағайындады, сырт елдермен одақ құру мәселесіне басшылық жасады, әскерді басқарды. Патшаны бір рудан ғана сайлады. Егер патша өлсе, оның орнына інісі патша болып сайланды. Үлкен мемлекеттік істерді шешуде патша кейде ел құрылтайын шақырды. Бұл сақтардың мемлекеттік жүйесінде демократиялық қағиданың болғандығын көрсетеді. Антикалық автор Аррианныц дерегіне сүйенсек, сақ патшасы елді өзінің сатраптары (қызметшілері) арқылы басқарды. Олар патшанық белгілі бір аймақтағы немесе тайпадағы өкілі болып есептелді. Сақтардың басқару жүйесіндегі келесі бір буын — әскеритайпалық ақсүйектер болатын.Сақтардың әлеуметтік құрылымы жөнінде тікелей жазба деректер жоқ. Сақтармен мәденигенетикалық туыстас, қоғамдық дамуы деңгейлес скиф тайпалары жөніндегі жазба деректерді сақтар тарихына қатысты ғалымдар жиі пайдаланады. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, сақтардың әлеуметтік құрылымында қоғамдыңәлеуметтік сатының ең басында патшалық ру тұрған. Патша тек сол рудан ғана сайланған. Бұл дәстүр жерімізде сақтардан кейін өмір сүрген ғұндарда, одан түріктерде, тіпті бергі Қазақ хандығында да жалғасын тапқан. Алтайдағы Берел, Шілікті, Жетісудағы Бесшатыр, Есік, Тарбағатайдағы «патша қорғандары» сақтардың патша әулеті мен ел басқарған ірі ақсүйектердің молалары. Сақтардың Қазақстан аумағындағы ғана емес, тіпті Еуразия құрлығындағьі ең көне мемлекеттігінің жәдігерлері (б.з.д. VIII ғ.) Шілікті даласында зерттелді. Ұзын саны 200ден астам сақ-үйсін мәдениеттерінің ескерткіштері шоғырланған бұл жазықта сақтардың қырықтан астам ірі патша обалары бар. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде үш ірі патша обасы зерттелді. Соның «Бәйгетөбе» деп аталатын біреуінен алтын киімде жерленген ерте сақ мемлекеті патшасының мүрдесі ашылды. Мола ерте замандаақ тоналып кеткен екен. Тоналғаннан қалған алтын түймелер, қаптырма әшекейлер мен зергерлік бұйымдардың саны 4000нан асады. Есіктен ашылған белгілі алтын киімді адам жерленген ірі оба, Бесшатыр, Боралдай үлкен ғимаратты ескерткіштері (б.з.д. VI—IV ғғ.), т.б. — сақ қоғамында терең әлеуметтік және мүлік теңсіздігінің, таптың жіктелістің, мемлекеттің болғандығының куәсі. Скифтер мен сақтарда ел басқарудың ұлыстың қағидасы болғанға ұқсайды. Олардың патшалығы үш бөлікке бөлініп басқарылған. Ел басқару жүйесінде, қоғамның келесі әлеуметтік биік тұғырында тайпа, ру көсемдері, ақсүйектер тұрды. Антикалық жазба деректеріне сүйенер болсақ, скифтердің осындай ақсүйектерінің сыртқы ерекшелігі — олардың ерекше цалпац киюі. Сақтар мемлекетінде жауынгерлердің, әсіресе қолбасшылар мен батырлардың орны жоғары. Патша маңайындағы нөкерәскердің де қоғамдық байлықтан алатын үлесі мол болған. Мемлекеттің келесі бір әлеуметтік тобын абыздар, сәуегейлер, бақсылар, емдомшылар құрады. Бұлар да сақ қоғамының сыйлы адамдарына жатты. Жалпы, ғылымбілім әлі дұрыс дамымаған ерте кездегі, тіпті орта ғасырлардағы мемлекеттерде елді өзінің тылсым өнерімен соңынан ертетін, діни сеніммен ұйытатын адамдар сол заманның идеологтерінің рөлін атқарған. Сондықтан діни адамдар мен олардың арасынан шыққан үлкен басшылармен, көрнекі тұлғалармен кейінгі замандардағы мемлекеттер де санасып отырған. Сақ мемлекетіндегі келесі әлеуметтік топ — қауымның еркін мүшелері. Мемлекеттің көпшілік халқын да осы әлеуметтік топ құрады. Олардың әрқайсысының өз меншік малы, жеке үй-жайы, шаруашылығы болды. Бұлардың еркек кіндіктілері тыныштық кезде өз шаруашылығымен айналысты да, соғыс кезінде әскер сапынан табылды. Сақтардың кішілеу, орташа қорғандары осындай еркін қауым мүшелерінікі. Олардың барлығына жуығынан жебенің ұшы, қанжар, найзаның ұшы сияқты қарулар табылуы жоғарыда айтқан ойымызды дәлелдейді. Сақтардың ерлерімен қатар әйелдерін де кейде қарумен жерлеген. Мұның өзі сақ әйелдерінің де жауынгер болғандығын көрсетеді. Сақскиф қоғамында өз малы, мінетін аты, қосын тігетін арбасы жоқ өте кедейкепшіктер де болды. Олар қоғамның басқаларға тәуелді бөлігін құрады. Сақ мемлекетіндегі әлеуметтік сатының ең төменінде құлдар болды. Әдетте, басқа елді жаулаған кезде қолға түскен тұтқындар құлға айналдырылатын. Жалпы көшпелілердегі құлдың мәселесі — көп талас тудырған мәселе. Бұгінгі ғылыми тұжырымдар бойынша, көшпелі елдерде құлдың отырықшы елдердегідей аса дамымаған. Көншелілерде құлдықтың тек алғашқы түрі — үй ішілік түрі ғана болатын. Яғни, құлдар қоғамдық өндірісте елеулі рөл атқармаған, тек ауқатты адамдардың есігінде жүріп, үй ішілік жұмыстар атқарған. Сонымен сақ қоғамы — патшасы, нөкер жасақтары, ел басқарушылары, елшілері, әскері, діни идеологтері, байлары, кедейлері, құлдары бар қоғам болған. Ал мұндай әлеуметтік құрылымды басқару мемлекеттіліксіз мүмкін болмағандығы анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет