«1 сұрақ» Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзақ-қа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мына-дай 3кезеңге бөлінеді: Палеолит – ежелгі тас дәуірі


-сұрақ Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары



бет12/12
Дата14.02.2023
өлшемі93,54 Kb.
#67923
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
«1 ñ?ðà?» Àäàìíû? àë?àø?û å?áåê ??ðàëäàðû òàñòàí æàñàë?àí. Ñîíäû

12-сұрақ Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары
Сақтар ерте темір дәуірінде өмір сүрген мемлекет Олардың қоғамдық құрылысы әскери демократия болып табылады Бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі – бас қолбасшы болды. Олар тайпаны да басқарып отырды. Әр көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалады, тайпа атынан келіссөз жүргізіп немесе келісімге келіп отырды. Тайпа одақтарының көсемдері ру мен тайпа арасында жайылым және көшуге қажетті жер бөлу ісімен айналысып, осы жерлерді пайдалану ережесін анықтады. Сонымен қатар олар жер дауын шешіп, рулар мен тайпалар арасында қақтығыс туып кетпеуін қадағалады. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене қатысты және еркектермен бірге соғысты. Тіптен олардың кейбіреулері тайпа көсемдері болып та сайлМаңызы бар мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Малға жеке меншік пайда болды. Соғыс негізінен тайпа көсемдері үшін пайдалы еді. Осылай мүлік теңсіздігі шықты. Тұтқындар құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді. Бұл кезеңдегі құлдардың көбі ер адамдар болды. Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобы ерекшеленді: жауынгерлер, абыздар және басқа қауым адамдары (малшылар мен егіншілер). Әрбір қоғамдық топтың дәстүрлі өз түсі болды. Жауынгерлердікі – қызыл, абыздардікі – ақ, өзгелердікі – сары және көк. Алғашқы кездегі сақ қоғамын әскери – демократиялық жүйе деп түсіну керек. Ал әскери – демократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери демократия заманында байлық тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана жасалмайды.Байлық –ендігі жерде – соғыс, басқа жұрттардың мал – мүлкін тартып алу арқылы жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тез бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болған.Бұл кейін мүлік теңсіздігіне әкеліп соғып, қоғамда бай, кедей топтар қалыптаса бастады. Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске алып келді. Соңында таптық қоғамдағы меншікті қорғайтын, әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, өндіріс пен соғысты, қорғанысты ұйымдастыратын аппарат – мемлекет пайда болды.Археологиялық деректер бойынша сарматтарда сақтар секілді әскери демократия болғандығы дәлелдейді.
Грек тарихшысы Геродот қалдырған мәлімет бойынша: Савроматтар скиф тіліне өте жақын тілде сөйлеген; Қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған; Савроматтар дах, массагеттермен, исседондармен туыстас келген Б.з.б. 1 ғ-дың соңына қарай әуелі Дон маңында, кейінірек Қара теңіз өлкелерінде “алан” тайпалық одағы қалыптасып, көп ұзамай Сарматтардың басқа да топтарын өзіне қосып алады. Еуропадағы сармат-аландардың патшалығы бұдан соң германдық готтардың, түркі тілдес ғұндардың араласуымен тікелей байланыста дамыды. 4 ғ-дың соңында ғұндар аландарды талқандап, өздеріне қосып алғаны белгілі. Сарматтардың тарихын, оларға қатысты түрлі оқиғаларды сараптауда көне грек, рим деректері басшылыққа алынса, мұны қосымша нақтылауда, әсіресе тайпалардың мәдени-шаруашылық мінездемесін жасауда қазіргі заманның археологиялық деректері аса зор рөл атқарады. Сарматтардың иран тілдес топтарға жататындығы жайлы пікір Еуропа мен Ресей ғылымында 19 ғ-дың соңына қарай қалыптасты. Қазіргі ғалымдардың үлкен бір бөлігі осы ойды қолдаса, енді бір тобы оларды байырғы түркілермен байланыстырады. «Сармат» этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды. Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған. Сол заманда өмір сүрген барлық тайпа сияқты сарматтар да ержүрек жауынгер болған. Сондай-ақ, сармат тайпасы дай (дах) – мaссагет, исседондармен тyыстас болып келген және роқсоландаp мен алаңдaр және аорстар, cирақтар т. б. тайпaлар сарматтардың құрамында болған .Негізінен, сарматтар иран тілді ел болған. Бірақ, сарматтар мекендеген жерге ғұндардың келуіне байланысты, олар түркі тілінің ықпалына көшеді. Сарматтар жайлы жазба деректерге қарағанда жан-жақты, көлемді мәліметтерді негізінен археологиялық ескерткіштер береді.

.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет