1 Сұрақ: Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы Физиология пәні


Физиологияның медицинадағы маңызы



бет2/3
Дата14.10.2023
өлшемі16,7 Kb.
#114726
1   2   3
Физиологияның медицинадағы маңызы. Физиология барлық медициналық пәндермен жақын байланысты. И.П Павлов айтқандай 《физиология мен медицинаны бөлуге болмайды 》. Физиологияның жетістіктері үнемі медицинада, сәйкесінше медицина жетістіктері әр кез физиологияда құнды мәлімет болып табылады. Әртүрлі аурулар кезінде ағзадағы қызметтердің бұзылуын түсіндіріп, дені сау ағзада қалыпты өтетін физиологиялық үдерістерді үйретіп, және олардан сақтану мен дұрыс емдеу жолдарын көрсетеді. Мысалы: асқорыту физиологиясын түсіну Павловқа асқорыту трактісінің ауруларын түсінуге мүмкіндік беріп, диеталық тамақтану- емдеудің қуатты құралы болып табылатынын көрсетті. Дәрумендерді оқып- үйрену цинга, рахит сияқты аурулармен күресуге мүмкіндік берді. Гормондардың ашылуы, асқазан асты безі - инсулиннің алу жолдарын және мыңдаған диабетпен ауыругы науқастардың өмірін сақтап қалды. Қан тобын зерттеу - медицинадағы маңызы зор іс- шараның бірі қан құюға себепкер болды. Яғни физиологияның медицинадағы маңызы өте жоғары.
2 сұрақ: Физиология тарихы. Физиологияның дамуындағы шетелдік және отандық ғалымдардың рөлі.
Басқа да биологиялық ғылымдар тәрізді физиологияның да даму тарихы тереңде жатып. Физиология ғылыми даму жолында көптеген тірліктерді текесере келе, табылған зерттеу әдістерімен физиологиялық құбылыстарды анықтау арқылы практикадық медицинаны байытып, оның жетілуіне ерекше ықпалын тигізді. Осы туралы атақты физиолог Павлов " медицина тек қана физиологиялық деректермен күннен- күнге толықтырылып отырғанда ғана адам денесіндегі бұзылған механизмдерді дәл тауып, дұрыс емдей алады, яғни шын мәнінде өз мақсатын орындайды" деді.
Бізге жеткен деректер бойынша, байырғы Қытай, Үнді, Грек, Орта Азия елдерінің ойшыл ғұламалары, дәрігерлері организмнің құрылысы мен тіршілік әрекеттері туралы көптеген мәліметтер жинаған.
Ежелгі уақытта адам ағзасының қызметі туралы қарапайым идеялар тұжырымдалған.
Жекелеп тоқталатын болсақ, шетелдік ғалымдар:
Гиппократ (б.з.д. 460-377 жж.) Адам ағзасын сұйық ортаның біртұтастығы және тұлғаның психикалық жағдайы түрінде ұсынды. Орта ғасырларда Рим анатомисті Галеннің постулаттарына негізделген идеялар басым болды.
Физиологияның пайда болу уақытын 1628 жыл деп санауға болады, ол кезде ағылшын дәрігер және физиолог Уильям Харви «Жануарлардағы жүрек пен қанның қозғалысын анатомиялық зерттеу» атты трактатын жариялады. Онда ол алдымен қан айналымының үлкен және кіші шеңберлерінің болуы туралы, сондай-ақ жүректің қан айналымына әсері туралы тәжірибелік мәліметтерді ұсынды.
XVII ғасырда. ғалымдар бұлшықет физиологиясы, тыныс алу және метаболизм бойынша бірқатар зерттеулер жүргізді.
XVIII ғасырда. Итальяндық ғалым Л.Гальвани ашқан «жануарлардың электр қуаты» ілімі пайда болды.
Эксперименттік физиологияның дамуындағы маңызды кезең - 1847 жылы неміс ғалымы К. Людвиг жасаған кимографты ойлап табу және қан қысымын графикалық тіркеу әдісін жасау.
Осы кезеңде физиологияның көптеген салаларына белгілі француз ғалымы Бернард айтарлықтай үлес қосты. Оның зерттеулері жұлынның, көмірсулардың метаболизмі, ас қорыту ферменттерінің қызметі және эндокриндік бездердің рөліне қатысты болды.
XIX ғасырдың ортасы мен аяғындағы физиология саласындағы қызықты ашылымдар жүрек және қан тамырларының қызметін реттеу саласында жасалды. Үлес қосқан орыс ғалымдары: К. Людвиг ,И.Ф. Сион, К. Бернар, Ф.В. Овсяников және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет