1 Сұрақ: Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы Физиология пәні



бет3/3
Дата14.10.2023
өлшемі16,7 Kb.
#114726
1   2   3
Отандық ғалымдар: Қазақстанда Адам физиологиясы мәселелері Х.Досмұхамедовтың, Х.Қ. Сәтбаеваның, Ж.Б.Нілдібаеваның, Ә.А.Өтепбергеновтің еңбектерінде баяндалған. Қазақстанда Адам физиологиясын зерттеу Қазақ медицина институтында (1931, қазіргі Қазақ мемлекеттік медицина университеті), ҚазМУ-да (1934, қазіргі ҚазҰУ) физиологиялық кафедралары және Қазақстан Ғылымдар Академиясының Физиологиялық институты (1944 жылға дейін КСРО-ға Қазақ бөлімшесінің физиологиялық секторы) ашылғаннан кейін ғылыми жолға қойылды. Дегенмен, Адам физиологиясының Қазақстанда іргетасын қалаған А.П.Полосухин болды. Ол Физиологиялық ғылыми-зерт. институтын ашып, алғашқы физиолог-ғалымдарды дайындады. Қазақстан физиолог-дәрігерлері қан айналысы мен лимфа-айналысының реттелу тәртібін зерттеді (І.А.Бірімжанова, Х.Қ. Сәтбаева, Е.Г.Скипина, т.б.). Кейіннен Т.Ш.Шарманов тамақтану физиологиясын дамытты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет