7-сұрақ: Нуклеин қышқылдарының құрылысы, қызметі, жіктелуі. ДНҚ құрылысы. Нуклеин қышқылдары жасушаның ең маңызды макромолекулаларының бірі болып саналады. Нуклеин қышқылының (ДНҚ ) молекуласын 1868 жылы Швейцариялық ғылым Ф.Мишер ашқан.
Қызметі:нуклеин қышқылы - организмдерге гендік ақпаратты бір буыннан екінші ұрпаққа көшіруге мүмкіндік беретін молекулалар.
Жіктелуі :нуклеин қышқылдарының екі түрі бар: дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ ) және рибонуклеин қышқылы (РНҚ ).
Құрылысы: нуклеин қышқылдары- полимерлер, олардың мономерлері болып нуклеотидтер саналады. Нуклеотидтер өз кезегінде 3 бөліктен құралған : азоттық негіздер, қант рибоза немесе деезоксирибоза , фосфор қалдығы.
ДНҚ молекуласы қос ширатпалы болып келеді. Қос ширатпаның бір оралымында 10 жұп нуклеотидтер кездеседі, ал оралымның ұзындығы 3,4 нм тең. Сонымен қатар, А-Т арасында 2 сутектік байланыс болса, Г-Ц арасында 3 сутектік байланыс болады. ДНҚ дезоксирибозадан, азоттық негіздерден, 1 фосфаттан құрылған ( оларды -д АМФ, д ГМФ, д ЦМФ, д ТМФ деп атайды).
Функциялары: 1. Тұқым қуалау ақпаратын сақтау;
2. Тұқым қуалаушылық ақпаратын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу;
3. Ақуыз биосинтезі процессінде тұқым қуалау ақпаратын жүзеге асыру.
ДНҚ-ның алғашқы, екінші реттік, үшінші реттік құрылыстары белгілі.
Бірінші реттік құрылысы - бір жіпшеде нуклеотидтердің тізбектеліп орналасуы болып табылады. ДНҚ алғашқы құрылысы фосфодиэфирлік байланыспен байланысқан, яғни бір жіпшедегі нуклеотидтер бір-бірімен фосфаттық топ және қанттың гидроксил тобы арқылы байланысқан.
Екінші реттік құрылысы оның екі жіпшесіндегі азоттық негіздердің бір-бірімен сутектік байланыс арқылы комплиментарлы байланысуы (А-Т; Г-Ц) болып табылады. ДНҚ жіпшелері полярлы болады, яғни оның 5* және 3* ұштары белгілі. ДНҚ молекуласының қосширатпасы (тізбектері) бір біріне антипаралель орналасқан.
Үшініші реттік құрылысы ретінде оның ақуыздармен (гистондық ақуыздармен) байланысын айтуға болады. Хромосома ақуыздарының 60-80 пайызын-негіздік және гидрофобтық аминқышқылдар (аргинин, лизин, валин) көптеп кездесетін гистондық ақуыздар құрайды. Гистондық ақуыздар ДНҚ-мен негіздік радикалдар, көмегімен ал өзара гидрофобтық радикалдар арқылы әрекеттеседі. Хромосомаларда ДНҚ молекуласы гистондық ақуыздармен байланысып нуклеогистон құрайды, ол хроматин жіпшесі ретінде белгілі. Хроматин жіпшесінің тірегін нуклеосома денешіктері құрайды. Ол 4 түрлі гистондық ақуыздардың (Н 2а , Н 2в , Н 3, Н 4 ) қос молекуласынан құрылған. ДНҚ молекуласы осындай әр бір денешікті екі рет ширатылып оралады және оның ұзындығы 140 н.ж. тең. Нуклеосома денешіктері бір бірімен тығыз жабысып орналаспай біршама алшақтау орналасқан.