1-сұрақ: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология


-сұрақ Жасуша-тіршіліктің ең маңызды құрылымдық-қызметтік бірлігі



бет4/30
Дата27.09.2023
өлшемі2,67 Mb.
#111029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Мб Мг 1 рубежка (1)

3-сұрақ Жасуша-тіршіліктің ең маңызды құрылымдық-қызметтік бірлігі.
Жасуша — тірі организмдердің құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізгі жүйесі болып табылады. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. «Жасуша» терминін ғылымға ең алғаш 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген.
Жасуша – барлық тірі формалардың - бір жасушалылардың, көп жасушалылардың, тіпті жасушасыздардың құрылысының, тіршілік әрекетінің және дамуының негізін құрайды. Жасуша өзінде бар механизмдер нәтижесінде зат алмасуын, биологиялық қолдануды, көбеюді, тұқым қуалау және өзгергіштік ақпаратты қасиеттерін қамтамасыз ете отырып, органикалық әлемге тән бірлік пен түрлілік сапасын негіздейді.
Қазіргі жасушалық теориялардың негізгі қағидалары
1.Жасуша — бұл барлық тірі құрылымның қарапайым, функционалдық бірлігі.
2.Жасуша — бірегей жүйе, заңдылықтармен байланысқан, оның құрамына өзара көптеген бүтін құрылым түзетін және байланысқан қызметтік бірлік – органоидтардан тұратын элементтер кіреді.
3. Барлық организмдердің жасушалары гомологты.
4. Жасуша тек аналық жасушаның бөлінуі арқылы түзіледі.
Қазіргі кездегі тұжырым бойынша тіршіліктің 2 формасы белгілі:
1) Тіршіліктіц жасушасыз формасы — оған вирустар жатады. Вирустар — өте кішкентай, тіпті жай микроскоп арқылы көрінбейтін, денелер. Олар нуклеин кышқылдарынан және ақуыздан түрады. Олардың тіршілігі тек жасушаға енгеннен кейін ғана байқалды, ал, өз беттерінше оларда тіршілік құбылыстары байқалмайды. Вирустарды 1892 жылы орыс ғалымы Д. И. Ивановский ашкан.
2) Тіршіліктің жасушалы формасы. Оның 2 түрі белгілі:
а) прокариотты жасушалар (бактериялар, көкжасыл балдырлар) цитоплазмасы қос қабатты липидтік мембранамен қоршалған, ядросы болмайды, түқым қуалайтын материал сақина тэрізді ДНҚ молекуласынан түрады; рибосомадан баска органоидтары болмайды, мөлшері жағынан өте ұсақ болып келеді 0,1—0,5 мкм, митоз кездеспейді.
б)Эукариотты жасушалар — цитоплазмасы қос қабатты липидтік мембранамен қоршалған, ядросы болады; тұқым қуалайтын материалы хромосомаларда орналасады, барлық органоидтары болады; жасуша мөлшері біршама ірі болып келеді — 15—65 мкм., митоз жолымен бөлінеді.
Жасуша ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды – рибосома, митохондрия, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, лизосома, жасушалық мембрана деп атайды. Жасуша органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады. Жасуша оргоноидтары: Эндоплазмалық тор (ЭПТ), Рибосома, Митохондрия, Лизосома, Гольджи жиынтығы, Жасуша орталығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет