1-сұрақ: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология



бет1/30
Дата27.09.2023
өлшемі2,67 Mb.
#111029
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Мб Мг 1 рубежка (1)


1-сұрақ: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері.
Молекулалық биология – тіршілік белгілері мен олардың негізгі қасиеттерін молекулалық деңгейде зертейді.
Медициналық генетика адамдардың әртүрлі популяциясында тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті , қалыпты және патологиялық белгілердің дамуы мен көрінісінің ерекшеліктерін , аурудың генетикалық бейімділік пен қоршаған орта жағдайына тәуелділігін зерттейтін ғылым.
Молекулалык биология - тіршілікті молекулалык деңгейде зерттейтін кешенді биология ғылымының маңызды саласының бірі. Молекулалық биология ғылымының негізгі зерттеу объекттері — жасушаның ақпараттық макромолекулалары-акуыз және нуклеин қышқылдары болып саналады. Ол ақпараттық макромолекулалардың құрылысын, қызметтерін, таралуын зерттейді. Қазіргі таңда молекулалық биология жедел дамып келе жатқан ғылым ретінде теориялық және колданбалы биология, генетика, медицина, ауылшаруашылығы т.б. ғылымдардың дамуында маңызды рөл атқарады. XXI ғасырды молекулалык биология ғасыры деп атауда.
Молекулалық биологияның ортақ мәселелеріне - тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері, гендер табиғаты және ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалаушылық белгілері мен олардың берілу механизмдерін анықтау жатады. Ал молекулалық биологияның негізгі міндеттері - қатерлі ісіктердің молекулалық негіздерін анықтау мәселесі, тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу, гормондардың, ұлы және дәрілік заттардың молекулалық өсерін анықтау, естің механизмдерін, жүйке процестерінің табиғатын тану.Организмнің иммундық реакцияларының заңдылықтарын, дамудың молекулалық биологиясы мен вирустардың жасушамен өзара әрекеттесудің молекулалық механизмдерін зерттейді , Жануарлардың генетикалық аппаратын бағытталған түрде өзгертуге мүмкіндік беретін гендік инженерияның дамуының маңызы зор. Молекулалық биология биохимия, биофизика, биоорганикалық химиямен бірігіп әдетте-физико-химиялық биология бағытын құрайды.
Молекулалык биология ғылымы бірнеше бөлімдерге бөлінеді:
• геномика — тұкым қуалаушылықтың материалдық негіздері - ДНҚ, РНҚ молекулаларының кұрылыстарын, қызметтерін зерттейді;
• протеомика — жасуша ақуыздарының құрылысын, қызметтерін зерттейтін бөлім.
Молекулалық - генетикалық заңдылықты білу сау және науқас адамның организмінде өтіп жатқан көптеген үдерістерді терең түсінуге, тұқым қуалайтын ауруларды зерттеуге, медицинада маңызды болып табылатын микробиология, вирусология, эндокринология, иммунология, фармакология сияқты ғылымдардың әрі қарай дамуына негіз болды. Молекулалық генетиканы зерттеу негізінде жоғары әсер көрсететін жаңа дәрілік заттар құруға мүмкіндіктер туды.
Молекулалық биология нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметін, тұқым қуалайтын ақпараттың таралу механизмі мен қағидаларын, сондай-ақ, жасушаның функциясы мен құрылымының молекулалық негізін, өсу, даму, бөліну, ісіктік трансформация және жасушаның өлуін зерттейді.
Молекулалық биологияның міндеттеріне:
1. Жасушаның генетикалық аппаратының құрылымдықфункционалдық ұйымдасуы;
2. Тұқым қуалайтын ақпараттың таралу механизмі (молекулалық генетика);
3. Вирустардың жасушамен өзара әрекеттесулерінің молекулалық механизмдері (молекулалық вирусология);
4. Организмнің иммундық реакцияларының заңдылықтары (молекулалық иммунология);
5. Организмдердің жеке дамуы кезінде мамандануы әртүрлі жасушалардың пайда болуы (дамудың молекулалық биологиясы).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет