2.Жасуша — бірегей жүйе,заңдылықтармен байланысқан,оның
құрамына
өзара көптеген бүтін құрылым түзетін және байланысқан қызметтік бірлік –
органоидтардан тұратын элементтер кіреді.
3. Барлық организмдердің жасушалары гомологты.
4. Жасуша тек аналық жасушаның бөлінуі арқылы түзіледі.Жасуша – барлық
тірі формалардың - бір жасушалылардың, көп жасушалылардың, тіпті
жасушасыздардың құрылысының, тіршілік әрекетінің және дамуының
негізін
құрайды. Жасуша өзінде бар механизмдер нәтижесінде зат алмасуын,
биологиялық қолдануды, көбеюді, тұқым қуалау және өзгергіштік ақпаратты
қасиеттерін
қамтамасыз ете отырып, органикалық әлемге тән бірлік пен
түрлілік сапасын негіздейді.
Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды. Оны зерттеуде әр
түрлі оптикалық әдістердің дамуы микроскоптың жетілдірілуіне негізделді.
Тірі ағзалар жасушаларының химиялық құрамы мен зат алмасуының
ұқсастығының ашылуы жасуша теориясын дамытып, барлық
органикалық әлемнің шығу тегі мен эволюциялық дамуының
бірыңғай
екенін дәлелдей түсті. Сонымен, 1938 -1939 ж.ж.
неміс ғалымдары Т.Шванн және М. Шлейден қалыптастырған Жасуша
теориясының негізгі қағидалары:
1. Барлық тірі ағзалар жасушалардан құралған. Жасуша тіршіліктің ең ұсақ
құрылымдық – қызметтік бірлігі.
2. Барлық жасушалардың құрылысы жалпы алғанда
ұқсас жоба бойынша
құралған.
3. Жасуша тек жасушалардан, олардың бөлінуі нәтижесінде пайда болады.
Жасуша ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал
цитоплазма құрамындағыларды –рибосома,митохондрия,эндоплазмалық
тор,Гольджи кешені,лизосома,клеткалық мембрана деп атайды.
Жасуша
органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі.
Жасушаның қызметі
тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады.Жасуша оргоноидтары;
Эндоплазмалық тор (ЭПТ),Рибосома,
Митохондрия,
Лизосома,
Гольджи
жиынтығы,
Жасуша орталығы
Достарыңызбен бөлісу: