1-сұрақ Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология



Pdf көрінісі
бет1/28
Дата27.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#76323
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28


1-сұрақ 
Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және 
міндеттері.
Молекулалық биология – тіршілік белгілері мен олардың негізгі 
қасиеттерін молекулалық деңгейде зертейді.
Медициналық генетика адамдардың әртүрлі популяциясында тұқым 
қуалаушылық пен өзгергіштікті , қалыпты және патологиялық белгілердің 
дамуы мен көрінісінің ерекшеліктерін , аурудың генетикалық бейімділік пен 
қоршаған орта жағдайына тәуелділігін зерттейтін ғылым . 
Медициналық генетика міндеттеріне кіреді :
1. Тұқым қуалайтын аурулар , олардың тұқым қуалау ерекшеліктері , 
патогенезінің , емінің және алдын- алуының ерекшеліктері ;
2. Тұқым қуалау бейімділігі мен тұқым қуалайтын ауруларға резистенттілігі ;
3. Қазіргі кезде аса назар аударуды талап ететін жүрек – қан тамырлар 
жүйесінің ауруларына , инфекциялық , қатерлі ісік және аллергиялық 
ауруларға адамның икемділік дәрежесіне сай генетикалық бағдарламаның 
әсерін анықтау . 
4. Көптеген жаңа медико - биологиялық проблемаларды ( гендік инженерия , 
генотерапия , генохирургия ) зерттеп игеру және ауруларды емдеуде , алдын 
алуда кеңінен қолдану . 
5. Тұқым қуалайтын өзгергіштікке себеп болатын геномдық , хромосомалық 
және гендік мутацияларды терең мағынасында зерттеп білу . 


2-сұрақ 
Молекулалық биология және медициналық генетиканың дамуы мен 
жетістіктерінің негізгі кезеңдері.
Молекулалық биологияның маңызды жетістіктеріне - кейбір 
ақуыздардың құрылымын анықтау және олардың құрылысы мен қызметінің 
байланысын тағайындау , нуклеин қышқылдары мен рибосомолардың 
құрылымы мен биологиялық механизмін анықтау, генетикалық кодты ашу , 
кері транскрипцияның ашылуы, ақуыз молекуласы мен нуклеин 
қышқылының синтезініц негізгі кезеңдерінің механизмдерін зерттеу, 
вирустардың құрылысын және олардың фепликациясының механизмін ашу, 
генетикалық инженерияның және геннің синтезінің әдістерін ашу, орыс 
ғалымдары биополимерлердің матрицалық синтезінің принциптерін 
анықтауы, жоғары сатыдағы өсімдіктерде ДНҚ-ның болатындығын 
дәлелдеуі, қатерлі ісіктердің пайда болуының вирусогенетикалық теориясы 
жасалды , траспорттық РНҚ-дағы нуклеотидтердің кезектесуі анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет